Колледж қызметі | Жастар ісі

Жастар ісі

Белсенді жастар – дамуға бастар

Студенттер өзінің алдындағы ұрпақтар жинақтаған ұжымдық тәжірибе мен білімдерді меңгеруге ғана тиіс емес, сондай-ақ өз бойларына аға буынмен бірлесіп шешетін міндеттерге қажетті қасиеттер қалыптастыруға тиіс.

Жастар - қоғамның қозғаушы күші десек, бүгінде сол сөзбен істің дәлелі ретінде колледж жанынан құрылған «Жігер» жастар ұйымы жастар мәселесін көтеріп жандандыруда айтулы жұмыс түрлерін жүргізіп келеді. Колледждің «Жігер» жастар ұйымының жетекшілері Әбдібаттаева Гүлнар, Үмбетаев Шыңғыс, Сауяева Венера, Кенжалиев Димаш, Нахатова Жансая және Таскинбаева Гүлфайруздың еңбектері орасан зор. Қазіргі таңда колледж жастары өз белсенділігінің арқасында үздіктер қатарынан танылып жоғары деңгейді құрады. Атап айтар болсақ, «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі және «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Студенттер Альянсы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі сонымен қатар көптеген жастар қоғамдық ұйымдарымен бірлескен жұмыс түрін жүргізіп, сол мекемелерде волонтерлық қызметтерді атқаруда. Осындай нәтижелі жұмыстардың бірі жыл сайынғы оқу орындары арасында ұйымдастырылатын «Студенттік көктем - 2014» дәстүрлі өнер фестиваліне қатысып, белгіленген аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болып алғыс хаттармен марапатталды. Облыс көлемінде ұйымдастырылған Өңірлік Х Дельфий ойындарына қатысып, белгіленген аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болып республикаға жолдама берілді. Жастар арасында колледж жанынан құрылған «Ақиқат шыңы» пікірсайыс клубының белсенді жастары халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған пікір-сайыстарға қатысып үздік спикер, үздік төреші аталымдары бойынша дипломдармен марапатталды. Колледж жастарынан құралған «Сыр заңгерлері» жайдарман тобы да облыстық деңгейде үздіктер қатарынан табылып республикалық финалдық ойындарға жолдамалар алды. Сондай-ақ «Қарттар» үйі, «Сәбилер» үйі, «Соқырлар қоғамы» сияқты мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, концерттік бағдарламалар қойып көңілін аулайды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған «Табиғатты аялау, болашақты бағалау» атты Қызылорда жастары арасында ұйымдастырылған қоршаған ортаны қорғауға арналған акцияларға, Облыстық ішкі саясат басқармасы «Қызылорда жастары» қауымдастығының үйымдастыруымен «Тегін маршрут» акциясы, Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан, Болашақтың іргесін бірге қалайық!», «Өз таңдауыңды жаса» акциялары мен Қызылорда жастары арасында спартакиадаға қатысуда.

«НҰР ОТАН» партиясы мүшелері колледж студенттерімен бірге

Колледжіміздің жастары қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына белсене араласып, өз белсенділіктерін көрсеткені үшін Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының атынан колледжіміздің белсенді жастарына арнайы Алғыс білдірілді.

Колледж оқушыларының түрлі қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Колледж жастары елеулі жетістіктерге жетіп, бірнеше байқаулар мен жарыстардың жеңімпазы атанды. Атап айтар болсақ, жыл басында ПД-9-11 грант оқу тобының оқушысы Орақбай Арайлым – «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық акциясы аясында орта арнаулы оқу орындары арасында ұйымдастырылған «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайыста бас жүлдені иеленсе, Нұр Отан ХДП Жас Отан Қызылорда облысы филиалы, Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасы ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай ұйымдастырылған «Үздік мақала сайысы» бойынша «Өрнекті ойдың иесі» номинациясымен марапатталды.

Бахтияр Маржан – Жыр әлеміндегі ұлы үш тұлға» атты көркем сөз оқудан мектеп және колледжаралық облыстық сайыстың бас жүлдегері атанды, «Язык – путь к единению» атты облыстық байқауында ІІ орынды иеленді.

Қыстаубаев Әділ – 17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай «Ел болашағы – жалынды жастар» атты форумда XXI ғасыр талабына сай бәсекеге қабілетті білім көрсетіп, қоғамдық өмірге белсене араласып, өнегелі тәртібімен үлгілі болғаны үшін Қызылорда облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Қалыбай Айзат – Қазақ әдебиетінің шыңы Мұхтар Әуезовтың туылғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты Әуезовтану қалалық көшбасшылар сайысында І орынды иеленсе, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана үйінде өткізілген «Қара өлеңнің қадірі» атты Қадыр Мырза Әлиді еске алу кешінде облыстық мәнерлеп оқу сайысында Алғыс хатпен, Болашақ университетінің дәстүрлі кубогы үшін өткізілген қалалық пікір-сайыс турнирінде ұшқыр оймен көзге түскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XV облыстық байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталса, Қызылорда облысының «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген «Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу» байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді.

Басықараев Нұрсұлтан – «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Нұрсұлтан есімді студент – жастар арасында өткізілген «Жігіт сұлтаны - 2012» байқауында «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Шакарбекұлы Қаһарман – Қызылорда облысының мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Маржан сөз, қоңыр үн» атты конферансьелер мен концерт жүргізушілердің облыстық конкурсының бас жүлдегері атанса, Кеулімжаева Бағдагүл Бақтілеуқызы, Әбіл Серік Ертарғынұлы - алғыс хат иегерлері.

Қошқарбай Нұрсұлтан – Қызылорда қалалық білім бөлімі мен «Ынсап» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Адамдық борышың...» атты Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларын жатқа айтушылар байқауына белсенді қатысқаны үшін Мақтау қағазы берілді. Қызылорда облысының «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген «Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу» байқауының жүлделі ІІІ орын иегері атанды.

Айтбай Нұрсұлтан Серікбайұлы – «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры Облыстық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытып, жастардың азаматтық белсенділігін, шығармашылық әлеуетін арттыруда қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталса, ҚР Ішкі істер Министрлігі Қызылорда Облысының ІІБ Облысымыздағы есірткіге қарсы қоғамдық насихатты қалыптастыру және заңдылықты нығайту жолында қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Алманов Дастан – техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында тарих пәнінен өткізілген пәндік олимпиадада ІІІ орын алғаны үшін Дипломмен марапатталды.

Тыныштық Гүлсана – информатика пәні бойынша мектепаралық Республикалық қашықтан оқыту олимпиадасына қатысқаны үшін Сертификат берілді.

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан, Болашақтың іргесін бірге қалайық!»

Балтабаева Айдана – Еліміздегі жастар саясатын іске асыруда сүбелі үлес қосып, өздеріне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, саяси шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ атынан Алғыс хатпен марапатталса, «Нұр Отан» «Жас Отан» Жастар қанатының 2012 жылдың 10-22 тамыз аралығында өткен «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагеріне қатысқаны үшін сертификат берілді және «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагерінде үздік әлеуметтік жоба байқауында I орын алғаны үшін Мақтау қағазымен марапатталды.

Кардашев Әлішер Серікұлы – Қызылорда облысының мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Маржан сөз, қоңыр үн» атты конферансьелер мен концерт жүргізушілердің облыстық конкурсының ынталандыру сыйлығының иегері. Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы мен «Нұр Отан ХДП» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, кәсіп нысандарының көрнекі ақпараттарын тіл туралы заңнамаларға сәйкес біріздендіру бағытындағы атқарған еңбегі үшін Алғыс білдірілді. Қызылорда облысының мәдениет басқармасы Орта Азия және Қазақстан жастарының жетекшісі Ғ.Мұратбаевтың 110 жылдығына арналған «Жалынды жастық» атты концерт жүргізушілер мен конферансьелердің облыстық конкурсына қатысып, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Колледждегі ұшқыр ойлы жастарымыздан құралған «Ақиқат» шыңы пікір-сайыс клубының белсенді мүшелері Әлібек Өркен, Жаңбыр Сұлтан және Бакарам Азамат - Семей қаласы, Мемлекеттік Медицина Университетінің 60 жылдық мерейтойына орай «Салауат» интеллектуалды пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан-2050 стратегиясы» - ұлтымыздың ұлы жолы» атты ІІ дәстүрлі республикалық пікір-сайыс турнирінде өрнекті ойын түрін көрсеткені үшін «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.

Әлібек Өркен мен Жаңбыр Сұлтан – Халықаралық бизнес университетінің Президенті Сағадиев Кенжеғали Әбенұлының 75 жылдық мерейтойы құрметіне арналып ұйымдастырылған ІІІ Халықаралық пікірсайыс турнирінде «Үздік фракция» номинациясымен «Де Факто» командасы марапатталды. Әлібек Өркен мен Бахтияр Маржан - Ақтау қаласында ұйымдастырылған Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті ректорының кубогына арналған республикалық дебат турнирінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісін насихаттап үздік ойын үлгісін көрсеткені үшін «Үздік төрттік» номинациясымен марапатталды. Әлібек Өркен, Бакарам Азамат Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ректор кубогы» ашық республикалық пікір-сайыс турнирінде өнегелі ойын өрнегін көрсетіп Талдықорған қаласында өтетін республикалық жоғары ақтық сайысқа жолдама алды.

«Ақиқат шыңы» дебат клубы кубокты жеңіп алды

«Ақиқат шыңы» пікір-сайыс клубының белсенді мүшелері Әлібек Өркен, Бахтияр Маржан Болашақ университетінің дәстүрлі пікір-сайыс турнирінде «Тура биде туған жоқ» сөзін дәріптеп дәлелді дәйектерімен көзге түскендері үшін «Үздік төреші» номинациясымен марапатталса, Жаңбыр Сұлтан, Бакарам Азамат және Дайыржан Ақмарал «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.

Колледждің белсенді жастары

Қыстаубаев Әділ – 17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай «Ел болашағы – жалынды жастар» атты форумда XXI ғасыр талабына сай бәсекеге қабілетті білім көрсетіп, қоғамдық өмірге белсене араласып, өнегелі тәртібімен үлгілі болғаны үшін Қызылорда облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Қалыбай Айзат – Қазақ әдебиетінің шыңы Мұхтар Әуезовтың туылғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты Әуезовтану қалалық көшбасшылар сайысында І орынды иеленсе, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана үйінде өткізілген «Қара өлеңнің қадірі» атты Қадыр Мырза Әлиді еске алу кешінде облыстық мәнерлеп оқу сайысында Алғыс хатпен, Болашақ университетінің дәстүрлі кубогы үшін өткізілген қалалық пікір-сайыс турнирінде ұшқыр оймен көзге түскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XV облыстық байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталса, Қызылорда облысының «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген «Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу» байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді.

Басықараев Нұрсұлтан Дастанұлы – «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Нұрсұлтан есімді студент – жастар арасында өткізілген «Жігіт сұлтаны – 2012» байқауында «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Шакарбекұлы Қаһарман – Қызылорда облысының мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Маржан сөз, қоңыр үн» атты конферансьелер мен концерт жүргізушілердің облыстық конкурсының бас жүлдегері атанса, Кеулімжаева Бағдагүл Бақтілеуқызы, Әбіл Серік Ертарғынұлы - алғыс хат иегерлері.

Қошқарбай Нұрсұлтан – Қызылорда қалалық білім бөлімі мен «Ынсап» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Адамдық борышың...» атты Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларын жатқа айтушылар байқауына белсенді қатысқаны үшін Мақтау қағазы берілді. Қызылорда облысының «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген «Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу» байқауының жүлделі ІІІ орын иегері атанды.

Айтбай Нұрсұлтан Серікбайұлы – «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры Облыстық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытып, жастардың азаматтық белсенділігін, шығармашылық әлеуетін арттыруда қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталса, ҚР Ішкі істер Министрлігі Қызылорда Облысының ІІБ Облысымыздағы есірткіге қарсы қоғамдық насихатты қалыптастыру және заңдылықты нығайту жолында қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Алманов Дастан – Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында тарих пәнінен өткізілген пәндік олимпиадада ІІІ орын алғаны үшін Дипломмен марапатталды. Жетекшісі Дүйсенова Жанар Исатайқызы.

Балтабаева Айдана – Еліміздегі жастар саясатын іске асыруда сүбелі үлес қосып, өздеріне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, саяси шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ атынан Алғыс хатпен марапатталса, «Нұр Отан» Хясы «Жас Отан» Жастар қанатының 2012 жылдың 10-22 тамыз аралығында өткен «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагеріне қатысқаны үшін Сертификат берілді және «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагерінде үздік әлеуметтік жоба байқауында I орын алғаны үшін Мақтау қағазымен марапатталды.

Тыныштық Гүлсана Базарбекқызы – информатика пәні бойынша мектепаралық Республикалық қашықтан оқыту олимпиадасына қатысқаны үшін Сертификат берілді. Жетекшісі Балқаева Қ.Ә.

Жас ұрпақ бойында адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттер: гумандық, ар, парыз, жолдастық, қайырым, ұят, принциптіліктің қалыптасуына көмектесетін тәрбиелік іс-шаралар қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Әр оқу жылының қазан айында бастау алатын «Қайырымдылық» акциясы жыл бойы жалғасын табуда. қайырымдылық концерті өткізілді. «Балаларға қамқорлық» атты Облыстық №1 А.Макаренко атындағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне концерт қою, оқушылар мен оқытушылар тарапынан жиналған қаржыға олардың қажеттерін өтеу, тәтті дәмдер апару, дизайн мамандығының оқушысы Н.Нұрмахановтың өз туындысын сыйға тартуы, олардың көңілдерін көтеру, «Қарттарым, асыл қазынам» атты «Қарттар үйіне», «Ардагерлер» үйіне ұйымдастырылған қарттар үйінде оларды құрметтеу, жанашырлық көрсету, олардың үлгілі әңгімелерін тыңдау мақсатында концерттік қойылым, «Ардагерлерімізді аялайық!» атты ардагерлер мен жастар арасында шахматтан жолдастық кездесу, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі әнші Р.Садықовтың концертіне сатылған билеттің 25 пайызын интернатқа аудару, 2014 жылдың 28 мамырындағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттер сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге 1 маусым – балалар күніне орай «Біз бақыттымыз!» атты қайырымдылық акциясы, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек беру, кездесулер ұйымдастыру – барлығы үлкен жүректі жастарымыздың белсенді қатысуымен жүргізілуде.

Колледждің белсенді жастары мен Жастар бастамаларын дамыту орталығы қауымдастығының «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын-алу қызметін ұйымдастыру» жобасының үйлестірушісі – Аймаханова Назира

Студент жастар одағының» төрағасы, «Ұшқыр жебе» республикалық қозғалысының президенті – Базартай Жандоспен бірге

2009 жылдың 16 сәуірінде колледжімізде 6 наурыз 2009 жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Елбасының Халыққа Жолдауына негізделген облыстық форум өткізілді.

Форумның мақсаты:

- дағдарысты еңсеру мақстаныда бірігуге үн қату;

- жастардың ел экономикасын дамытуға деген жігерлерін ояту;

- жеке тұлғаны қоғамымыздың келешектегі кәсіпкер ретінде дамытуға ықпал ету;

- өзі және өзінің отбасы үшін еңбек етіп, сол арқылы қоғамға пайда келтіретін азамат болып шығуына ықпал ету

Форумға Жастар бастамаларын дамыту орталығы қауымдастығының «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын-алу қызметін ұйымдастыру» жобасының үйлестірушісі – Аймаханова Назира, «Студент жастар одағының» төрағасы, «Ұшқыр жебе» республикалық қозғалысының президенті – Базартай Жандос, Қызылорда «Ақиқат Айнасы» пікірсайыс орталығының төрағасы – Мырзатай Сәбит, «НұрОтан» ХДП жанындағы қаржы дағдарысына қарсы құрылған топ төрағасы – Ермаханов Мырзағали, Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің бастығы – Дәдікбай Марат, Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры – Карбозов Сакен, «Туған жер» қорының төрайымы – Ерімбетова Құрманай Сұлтановна шақырылды.

Форум келесідей секциялар бойынша жүргізілді:

1.Тарих секциясы бойынша «Дүние және дағдарыс» дөңгелек үстелі

2.Экономикалық сауаттылық секциясы. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Елбасы Жолдауын талқылау

3.Саяси - құқықтық секция. «Дағдарыс жағдайында азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуы» пікірсайыс;

4. Этнопедагогика және психология секциясы. «Дағдарыс және жалрыхалықтың көңіл-күйі» пікірсайыс

Сондай-ақ «Қазақстан болашағы жастар көзімен» атты шығармашылық туындылар көрмесі ұйымдастырылды. Форум үш күнге созылды. 18.04.2009ж., сағ. 15.00-де А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде салтанатты түрде жабылды.

Қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Қызылорда жастары» Қауымдастығының ұйымдастыруымен «Сүйікті қалам – Қызылорда!» тақырыбындағы дәстүрлі «Студенттік көктем – 2013» өнер фестиваліне қатысқан оқушыларымыз «Халықтық және қолдау билері», «Жұлдызды сәт», «Өсе бер, өркендей бер, Қызылорда!» тақырыбындағы бейнероликтер байқауы, «Қызылорда – менің көзіммен» тақырыбындағы фотоколлаж байқауы, театрландырылған қойылым байқауы, «Сыр – Алаштың анасы» атты қала әкімінің кубогі үшін КТК ойындары жанрлары бойынша қатысып, жүлделі орындармен оралды.

2013-2014 оқу жылы «Сүйікті қалам – Қызылорда!» тақырыбындағы «Студенттік көктем - 2014» дәстүрлі өнер фестиваліне облысымыздан 21 оқу орны қатысты. Барлық белгіленген 7 аталым бойынша колледж жастары жоғары деңгейді құрады. Белгіленген аталымдар «Халықтық жән қолдау билері» бойынша колледж қыздарынан құралған «Наз» би тобы үнді биімен, белсенді жастары қазіргі заманғы қолдау биімен, «Қызылорда дауысы» патриоттық әндер байқауында Мырзалиев Рамазан «Қара бура» әнімен, «Жұлдызды дода» байқауында халық әншілеріне пародия жасап колледж өнерпаздары Жетесова Сымбат пен Шағалаев Рустем жүлделі І орынды жеңіп алып, қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Бейнелеу және халықтық қолөнер» жанры бойынша Нұрмаханов Нұрболат бейнелеу жанры бойынша жүлделі ІІ орынды жеңіп алса, «Шоумендер байқауы» бойынша Жағыппар Қайрат, «Жұлдызды сәт» байқауында қайталанбас ерекше өнерімен көзге түскен Жаханша Дарын, Жайдарманшылар байқауына «Сыр заңгерлері» КТК тобы қатысып, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Халықтық және қолдау билері» аталымы бойынша үнді биімен және Қолдау биі аталымы бойынша латина биін билеп ырғақты би өнерін көрсеткені үшін «Наз» би тобы, «Көркемсөз» аталымы бойынша қатысқан Оңдабай Луиза Жалғасқызы үш тілде берілген тақырыптар бойынша өнер көрсеткені үшін, «Журналистика» жанры бойынша қатысқан Жаңбыр Сұлтан Ғалымжанұлы берілген тапсырмаларды үздік орындағаны үшін, «Эстрадалық әншілік» аталымы бойынша Жетесова Сымбат Сәбитқызы жақсы дауыс ырғағы үшін Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының дипломымен марапатталды.

Жыл сайынғы облыс көлемінде ұйымдастырылатын X Өңірлік Дельфий ойындарына белгіленген аталымдар бойынша қатысқан колледж жастары бірнеше жүлделі орындарды иеленіп Орал қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. «Бейнелеу өнері» бойынша Нұрмаханов Нұрболат, «Фотосурет» жанры бойынша Мубарак Ернар, «Киім дизайны» аталымы бойынша қатысқан Тоғымова Құндызай, «Халықтық қолөнер» аталымы бойынша Қиясова Назеркелер жүлделі І орынды иеленіп, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының дипломымен марапатталды және Орал қаласында өтетін республикалық X Өңірлік Дельфий ойындарына жолдама берілді.

9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге орай колледж студенттері «Қазақ елі байтақ болсың десеңіз, жемқорлықтың жолын бірге кесеміз!» атты ұранмен колледж ауласында флешмоб ұйымдастырды. Флемшобқа колледжің Өзін-өзі басқару жүйесінің мүшелері және еріктілері, топ студенттері қатысты. Флешмобты колледж басшылары тамашалады.

біз әлеуметтік желілердеміз: