Колледж қызметі | Оқу-әдістемелік жұмыстар | Жас маман

Жас маман

Жас маман мектебі

Колледжде жас мамандарға көмек көрсету үшін «Жас мамандар мектебі» құрылған-болатын.

Мақсаты:

педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша жас маманға практикалық көмек беру;

жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу;

әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру;

өзара-сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.

Міндеттері:

жас мамандардың өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;

нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;

жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау.

Жас мамандар мектебіне жетекшісі сайланып, жыл бойы жас мамандармен жұмыс жүргізеді. Семинарлар, әдістемелік көмектер, тренингтер, психологиялық тұрғыдан кеңестер беріледі.

Жыл сайын жас мамандардың құрамы толықтырылып өзгеріп отырады. Оларға бағыт-бағдар беру үшін тәлімгерлер тағайындалады. Үш жыл жұмыс өтілі толғаннан кейін жас мамандар қатарынан шығарылады.

Дәстүрлі түрде «Үздік жас маман» байқауы өткізіліп тұрады.

2018 жылдың 26 мамырында «Үздік жас маман – 2018» байқауы өткізілді. Жас мамандарға алдын-ала «Үздік жас маман – 2018» байқауының ЕРЕЖЕСІ таратылды.

Байқаудың мақсаты

Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;

Колледж бойынша жас мамандар ішінен ең үздігін анықтау;

Педагогикалық тәжірбие жинақтау және кеңейту

Байқауға 10 жас маман қатысты. Төмендегідей тапсырмалар бойынша сыннан өтті.

Байқау тапсырмалары

1.Үй тапсырмасы «Рухани жаңғыру жолындағы жас маман рөлі» тақырыбында эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Эссе көшірме болмауы керек. Байқауға келіп түскен эссе іріктеліп «Білім және инновация» республикалық оқу-әдістемелік журналында жарияланады. Эссе 20 сәуірге де оқу-әдістемелік кабинетке өткізілуі тиіс;

2.«Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгер көмегі» жас мұғалімдер мен тәлімгерлердің бірігіп панорамалық сабақ беруі. Панорамалық сабақ – (5-7минут);

3.Мұғалімнің жеке портфолиосының электронды және папка түріндегі нұсқасы;

4.«Үйренгендерім мен түйгендерім» жас мамандардың жыл бойы жүргізілген жұмыстары бойынша есеп беру сағаты;

5.«ХХІ ғасыр жас маманы» зияткерлік ойыны. Жас мамандардың білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын, дүниетанымын, логикалық ойлау қабілетін байқау. Бұл ойында Жас маман берілген ұяшық бойынша сұрақ таңдайды. Ұяшық сұрағына жауап берсе, ұяшықтың саны ойыншыға ұпай ретінде беріледі.

Нәтижесінде «Үздік жас маман – 2018» жеңмпазы – Омарова Перизат, «Зияткер жас маман» номинациялы дипломымен – Сағынбеков Айдос, «Үздік эссе иесі» номинациялы дипломымен – Төсбай Назерке, «Үздік ашық сабақ» номинациялы дипломымен – Қақпанов Нұрғазы, «Ең үздік портфолио» - Бекетова Манат қалғандары алғыс хатпен марапатталды.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13
Дом №14
Дом №15
Дом №16
Дом №17
Дом №18
Дом №19
Дом №20
Дом №21
Дом №22
Дом №23
Дом №24
Дом №25
Дом №26
Дом №27
Дом №28
Дом №29
Дом №30
Дом №31
Дом №32
Дом №33
Дом №34
Дом №35
Дом №36

біз әлеуметтік желілердеміз: