Колледж қызметі | Оқу-әдістемелік жұмыстар | WORLD SKILLS

WORLD SKILLS

«WorldSkills International» халықаралық жобасына әлемнің 76-дан астам әлем мемлекеттері қатысады. WorldSkills International» халықаралық қозғалысының негізгі мақсаты – жұмысшы мамандығының беделін көтеру, техникалық кәсіптер, оның ішінде жұмысшы кәсібіне деген жастардың қызығушылығын арттыру. 2014 жылдан бері «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты «WorldSkills International» халықаралық жобалар қатарына енген-болатын. «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, аймақтық іріктеу байқауларын өткізіп, 18-22 жас аралығындағы жастар арасынан үздік кәсіп пен оны меңгергендерді анықтау арқылы өзгелерді соған ынталандыруды міндет тұтқан.

2016 жылы ұйымдастырылған «WorldSkillis Kazakhstan” облыстық іріктеу кезеңі байқауында «Ақпараттық жүйелерді басқару» мамандығы бойынша Сейліханов Сәкен 1 орынды иеленді.

«WorldSkillis Kazakhstan” чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі байқауында «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша Мукашева Айым алғыс хатпен марапатталды.

«WorldSkillis Kazakhstan” чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі байқауында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Бекбауов Мағжан, Ткачев Алексей «Веб-дизайн» құзыреттілігі бойынша алғыс хат иеленсе, Базарбай Аян іріктеуден өтіп, Астана қаласына жолдама алып, «Желілік және жүйелік басқару» құзыреттілігі бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің сертификатын иеленді.

2018 жылдың 13 сәуір күні «WorldSkills Kazakstan» ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу байқауы 1305000-«Ақпараттық жүйелерді басқару» мамандығы және бойынша Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледж базасында өткізілді.

Қуанышбаев Алмат – «Grand Master» бағдарламалау мектебінің директоры әділқазылар төрағасы болды. Скакова Жанна Бахытқызы – Қызылорда облысы ұлттық кәсіпкерлік палатасы «Адами капиталды дамыту» бөлімінің басшысы, Илюк Юрий – ЖШС «Энергомонтажавтоматика» инженер системотехнигі, Сейліханов Сакен – Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің техник-бағдарламашы маманы, Қарсакбаева Айнур Арысовна – И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы, Ақышева Әсем – Абылайхан атындағы жоғары колледжінің оқытушысы, Ержанова Динара – М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы әділқазы мүшелері болып сайланды.

WorldSkills Kazakstan» ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу байқауында Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінен – Цаголов Константин, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжінен – Қуанышов Ақжол Жаңабергенұлы, Абылайхан атындағы жоғары колледжінен – Шаһарбекұлы Мағжан, М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен – Фазылов Диас, Қызылорда инженерлік техникалық колледжінен – Құдайберген Гүлраушан Тасқынбайқызы, «Болашақ» университеті колледжінен – Есенәлі Алмас Мұқамедиярұлы өз икем-дағдысымен ерекше көзге түсті.

Байқаудың бірінші кезеңінде студенттердің өзін-өзі таныстырылымы жүрді. Қатысушылардың барлығы бұл таныстырылымда жоғары балдық жүйемен бағаланды. Байқаудың екінші кезеңінде «Кәсіби шеберлігі» аясында операциялық жүйе орнату тапсырмасы берілді. Бұл кезеңде технологиялық карта бойынша байланыс жасауы керек.

І-ші модуль. (LNXRTR1, LNXSRV1)-виртуалды. ОЖ Debian 7 серверлік орнату (баптамаларын орнату) (90 минут);

ІІ-ші модуль – Windows Server-2008 – R2 орнату (баптамаларын орнату) (90 минут);

ІІІ-ші модуль – Cisco құрылғыларымен жұмыс (30минут).

«Ақпараттық жүйелерді басқару» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan» Ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу байқауынан Қазақ гуманитарлық заі және жоғары техникалық колледжінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенті Цаголов Константин суырылып алға шығып, Шымкент қаласында өтетін аймақтық іріктеуге жолдама алды.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 13 сәуірінде колледж базасында «Слесарьлық іс» және «Электромонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan» Ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу байқауы өткізілді.

Алқалық қазылар мүшелерінің құрамының төрағасы – Б. Піралиев, мүшелері болып К. Изеев, Н.Дүйсенов, Д.Ақбергенов сайланды.

Қатысушы студенттер: Т.Б. Шамша (Қазалы аграрлы-техникалық колледжі, жетекшісі: Н.Т. Мамбетов); Ғ.А. Нағим (Қазалы көлік техникалық жоғары колледжі, жетекшісі: Ғ.М. Аманкулов); С. Қайырбек (М.Ысқанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі, жетекшісі: Е.А. Қосаев); Б. Ақшал («Жас өркен» колледжі, жетекшісі: М.Джусупов); Н.Қолдасбай (С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, жетекшісі: Ә.Нұрмағанбетқызы); Е.Оразалиев (Қызылорда инженерлік техникалық колледжі, жетекшісі:С.Зейнабдин); Р. Нарша (Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, жетекшісі: Ә.Қарғабаев); Д.Бахытов (жетекшісі:Г.Әлиева).

Байқаудың бірінші кезеңінде студенттер өзін-өзі таныстырды. Байқаудың екінші кезеңінде «кәсіби шеберлігі» аясында технологиялық карта бойынша бұйым жасау тапсырмасы берілді. Бірінші критерий бойынша орындалған бұйым сұлбасының берілген тапсырмаға ұқсастығы орын алу керек. Екінші критерий бойынша бұйымның сыртқы өлшемдері дәл келуі тиіс. Үшінші критерий бойынша бұйымның сыртқы пішіндерінің өңделуі, тазалығы, түзулігі, жұмыстың уақытылы орындалуы сынға түсті.

біз әлеуметтік желілердеміз: