Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі | Студентке

Студент

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі

Колледж бюллетені

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі 2001 жылы құрылып, бүгінгі таңда өңіріміздің техникалық, гуманитарлық, экономикалық және құқықтық бағдарын жүзеге асыру мақсатында 37 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 9 және 11 сынып негізінде білім беруде. 2018 жылдың 25 мамырында колледж атауының өзгеруіне сәйкес білім беру қызметіне арналған лицензия № KZ13LAA00011898. Қазіргі уақытта 1827 оқушы колледж қабырғасында дәріс алуда.

Колледж арнаулы және орта кәсіптік білім беру орындарының нормативтік талаптарына сәйкес оқу үдерісін жүргізуді қамтамасыз етуде жеткілікті материалдық-техникалық базаға ие. Оқу орнының қос ғимаратының аумағы 8000 шаршы метрді құрайды. 2014 жылы 200 орындық студенттер үйінің құрылыс-монтаж жұмысы аяқталып, іске қосылды.

Он бес жылдан астам уақыт ішінде колледж толағай табыстар мен жетістіктерді иеленіп, іргелі оқу орнына айналды. Облыс бойынша өткен «Үздік колледж - 2009» байқауында колледж «Үздік» номинациясын иеленіп, республикалық «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының үздігі» сайысына қатысуға жолдама алды. Бұл сайыста ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының үздігі» дипломына ие болды. Сондай-ақ Оңтүстік өңірлердегі оқу орындары ішінен «Алтын көшбасшы» сертификатын иеленді.

Ұлттық бизнес-рейтингінің қорытындысы мен білім беру саласындағы ранжирлеу нәтижесі бойынша колледж 2015 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында «Сала көшбасшысы – 2015» ұлттық сертификатын иеленсе, 2016 жылы «Өсу қарқыны» критерийлері бойынша «Сала көшбасшысы» халықаралық сертификатының 1-орын (Алтын) рейтингісімен, 2017 жылы «Жыл көшбасшысы» ұлттық сертификатының 1-орын (Алтын) рейтингісіне ие болды.

Қызылорда облыстық білім басқармасы мен облыстық әдістемелік кабинетпен ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік әдістемелік кабинет-2015» байқауының жеңімпазы атанды.

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Колледж оқушылары үшін ішкі тәртіп ережелері алдағы болашақ тәртіпті күшейту жән оқыту сапасын жоғарлатуды көздейді.

1.2. Ішкі тәртіп ережелері барлық колледж оқушыларына таралады.

2. Оқыту тәртібі

2.1. Колледжде оқу сабақтары оқу жоспарына сәйкес семестрге құрылған сабақ кестесі бойынша өткізіледі.

2.2. Сабақ кестесі директормен бекітіледі және колледж ғимаратында ілінеді

2.3. Сабақтың басталуы және аяқталуы туралы оқушылар телефон қоңырауларымен хабардар болады.

2.4. колледждегі оқу сағаттың ұзақтығы – 80 минут. Сабақтар арасындағы үзіліс – 10 минуттан 20 минутқа дейін.

2.5. Техникалық қызметшілер құрамы және өзіне өзі қызмет көрсету басында оқушылар барлық оқу және оқу - өндірістік бөлмелердің тазалығын және тәртібін қамтамасыз етеді.

2.6. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу кабинеттерде және оларға жататын ғимараттарда сабақтың қалыпты жақсы жүруі үшін керекті тәртіпті және тыныштықты қамтамасыз ету керек.

2.7. Оқу сабақтарды үзуге болмайды. Қоңыраудан кейін сабаққа колледж директоры, оның орынбасарлары, сонымен қатар, бөлім меңгерушілеріне кіруге болады.

2.8. Топ оқушылардың құрамы бөлім меңгерушілердің ұсынысы бойынша директордың бұйрығымен орнатылады.

2.9. Әрбір топта оқушылардың пікірі бойынша ең тәртіпті және үлгірімі жақсы оқушылар қатарынан топ старостасы тағайындалады.

2.10. Колледждегі оқу тәртібін бақылау үшін әкімшілік мүшелері, оқытушылар, және оқушылардың кезекшілігімен рұқсаттама тәртібі енгізіледі.

3. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері

Колледж оқушылардың құқықтары:

3.1. Оқу дәрісханаларды, оқырман залын, кітапхананы, спорт және акт залын және басқа оқу және оқу әдістемелік құрылымдарды, және колледж жабдықтарын пайдалану.

3.2. Колледждің өзін өзу басқару органдарына сайлану және сайланған болу.

3.3. Колледж қызметінің маңызды мәселелерді қабылдау шешімдеріне қатысу.

3.4. Колледждің қоғамдық өміріне қатысу: спорт секциялары, шығармашылық үйірмелерге, , конкурс, байқау, конференция және т.б. жұмыстарына қатысу.

3.5. Колледждің оқушылары мен оқытушылар арасындағы талас мәселелері барлық тараптардың қызығушылықтары мен ұстанымдарын ескере шешілуі керек. Егер оқушылар мен оқытушылар арасындағы талас мәселелері шешуде қиындық болса, оқушы колледж әкімшіліктен көмек сұрауға құқылы.

3.6. Оқудағы табыстары мен колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін:

Алғыс хабарлау;

Құнды сыйлықтар мен мадақтау қағаздармен мадақтау;

Колледж оқушылары міндетті:

3.7. Таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білімді, практикалық дағдыларды, және іскерлікті жүйелі түрде және терең меңгеру;

3.8. Міндетті оқу және практикалық сабақтарға қатысу.

3.9. Оқу жоспармен, және бағдарламамен қарастырылған барлық білім түрлерін орнатылған мерзімде орындау.

3.10. Оқу ғимаратта және қоғамдық – пайдалы еңбекте тәртіпті және тазалықты ұстауда қатысу;

3.11. Колледж меншігіне ұқыпты қарау.

3.12. Белсенді өмірлік қалыпты орындау, колледждің қоғамдық өміріне қатысу.

3.13. Колледж ғимаратында тәртіпті ұқыпты, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзбай далада, қоғамдық жерлерде.

3.14. Колледждің ішкі тәртіп ережелерін және колледж Жарғысымен қарастырылған талаптарын бұзбау.

3.15. Тәртіпті бұзғаны және колледждің ішкі тәртіптерін бұзғаны үшін оқушыларға келесі тәртіп жазалары пайдалануы мүмкін:

ескертулер;

сөгіс;

оқу орыннан шығару.

4. Оқушылардың біріңғай талаптары:

4.1. Бірінші кезең топтары үшін колледжде оқу сабақтары 8.30 басталады, және екінші кезең топтары үшін 14.00 басталады.

4.2. Сабақтың басталуына дейін киімді гардеробқа тапсыру керек, және дәрісханада өз орындарына келу және тиісті сабаққа барлық керекті заттарды дайындау.

4.3. Оқушылар сабаққа кешігуге құқылы емес. Дәрісханаға қоңыраудан кейін келу оқу тәртіпті бұзу деп есептеледі.

4.4. Егер сабаққа кешігіп, тәртіпті бұзған оқушының аты – жөні кезекші оқытушымен тәртіп бұзу журналына жазылады.

4.5. Дәрісханаға оқытушылар, колледж басшылығы кірген кезде оқушылар орыннан тұрып олармен амандасады.

4.6. Оқушылар сабаққа керекті оқу құралдарымен және жазбаша заттарымен келуге міндетті. Оқушының жұмыс орында басқа керексіз құралдар болмау керек. Жүйелі түрде керекті оқу құралдардың болмауы оқу пәнді бұзу болып саналады.

4.7. Оқу сабақтар кезінде оқушылар оқытушының түсінігін және оқушылардың жауаптарын тыңдау керек, сөйлемеу, басқа іспен айналыспау, оқытушының барлық сілтеуін орындау.

4.8. Оқытушының рұқсатынсыз оқушылардың жауаптарын түзетуге болмайды.

4.9. Сұрақтар мен жауаптар кезде оқушылар оқытушының рұқсатымен тұру және отыру керек.

4.10. Оқытушыдан бір нәрсені сұрағысы келген оқытушы қолын көтеріп, және оқытушының рұқсатымен тұру және сұрақ қою.

4.11. Дене тәрбиесі сабағына оқушылар спорттық киіммен келу керек.

4.12. Зертхана, оқу кабинеттер, өндірістік тәжірибе уақытында оқытушылар, сабақ жетекшісімен айтылған, құрал жабдықтарын, құралдарын, және басқа құрылғыларды пайдалана алады. Оларды техника қауіпсіздігі ережесін ескере, ұқыпты пайдалану керек. Колледж қызметкерлердің рұқсатынсыз зертханалардан немесе басқа оқу ғимараттардан заттар мен құрал жабдықтарды шығаруға болмайды.

4.13. Оқу сабақтары кезінде оқушылар дәрісханаға оқытушының рұқсатымен кіре алады және шыға алады.

4.14. Егер оқыту ескерту жасаса, оқушы онымен таласқа шықпау керек.

4.15. Егер оқушы сабаққа дәлелді себеппен дайын болмаса, оқушы сабақтың басында оқушыға ескерту жасау керек. Дәлелсіз себептермен сабаққа жауап берілмесе, қанағаттанарлық бағаға әкеліп соғады.

4.16. Ауру бойынша сабаққа келмеу себебін оқушы бөлім меңгерушіні және сынып жетекшіні хабардар ету керек. Ауыру кезінде оқушы емхана мекемеден анықтаманы ұсыну керек. Сабаққа келмеу себебін растайтын құжаты болмаса, олар оқу тәртібін бұзған деп саналады және оларға колледж ішілік ережесі мен оқу келісім шартымен қарастырған шаралар қолданылады.

4.17. Сабақты қалдырған оқушылар келесі апта ішінде сабақтардың барлық кемістіктерін ақауларын жабу керек.

4.18. Оқушылардың қызметі бес балдық жүйемен бағаланады. әрбір оқушы өз еңбегін дәлелді, уақытылы, объективті және дұрыс бағалануға құқылы.

4.19. Колледждің күнтізбелік жоспарымен қарастырылған сынып сағаттарға әрбір оқушы қатысуға құқылы.

4.20. Колледждің оқушылар ұжымының қызметін нақты түзету, санитарлық – гигиеналық нормаларды сақтау мақсатында колледжде кезекшілік ұйымдастырылады. Кезекші топтың міндеттері колледжде қабылданған кезекшілік туралы ережемен қарастырылады.

4.21. Колледжде өзіне өзі қызмет көрсету бойынша келесі жұмыстар қарастырылған:

Колледж және оқу дәрісханаларды жинау;

Аймақты жинау бойынша сенбіліктер.

4.22. Өзіне өзі қызмет көрсетуде оқушылар өз міндеттерді жауапты орындау керек. Өзіне өзі қызмет көрсету бойынша міндеттерден босану үшін тек медициналық көрсеткіштер ғана негіздеме ретінде бола алады. Өзіне өзі қызмет көрсету бойынша міндеттерден жүйелі түрде қашатын оқушыларға коллдж ішілік тәртіп ережелерімен қарастырылған шаралар қолданылуы мүмкін.

4.23. Барлық оқушылар колледж және топ кезекшілердің талаптарын сөзсіз орындау керек.

4.24. Оқушылар колледждің жабдықтарын, құралдарын және колледждің барлық мүлікті қорғау керек.

4.25. Оқушылар тәртіп мәдениет нормаларын және сабақта сонымен қатар сабақтан тыс оқытушылар тұлғасына жаман қарсы қатынасты білдіру.

4.26. Үзілісте оқушыларға жүгіруге, шулауға рұқсат берілмейді. Колледж қызметкерімен кездескенде оқушы оларға жолды беріп, амандасу керек.

4.27. Оқушылардың киімі және шаш жиналуы ұқыпты және салмақты болу керек. Оқушылар міндетті түрде іскер киім стилінде жүру керек: ұлдар бір түсті көйлектер, шалбар (немесе қара джинсы) және галстук, пиджак немесе күрте; қыздар үшін бір түсті көйлек, сарафан, іскер стильді костюм . Киім стилін сақтамаған оқушылар сабаққа жіберілмейді.

4.28. Колледжде сыртқы киім мен бас киіммен жүруге оқушыларға рұқсат берілмейді. Бас киім колледжден шыққан кезде киіледі.

4.29. Оқушыларға колледжге семішке әкелуге, колледж ішінде, орталық кіреберіс табалдырықта және қосымша шығу тамбур жерде темекі шегуге рұқсат берілмейді. Ғимарат еденіне, орталық кіреберіс табалдырыққа және жақын аймақта түкіруге болмайды.

4.30. Оқу сабақтары кезінде оқушыларға ұялы телефондарды қолдануға рұқсат берілмейді.

4.31. Оқушылар оқу сабақтары кезінде колледжде достарымен кездесуді тағайындауға болмайды.

4.32. Оқушылар мәдениеттің тәртіп нормалары мен басқа оқушыларға қатысты колледжде сонымен қатар колледжден тыс оқудан кейін қарам қатынас нормаларды ескеру керек. Жарган сөздерді пайдалану, боқ сөздермен сөйлеуге болмайды.

4.33. Оқушыларға акт залына және асханаға сырт киіммен кіруге болмайды.

4.34. Іс шараларда тәртіп ережелері:

Кешікпеуге, іс шара кезінде кірмеуге және шықпауға;

Мерекені дайындаған еңбегін құрметтеуге, мәдениетті және ұқыпты қарау.

4.35. Ақаулы жағдайлар туралы оқушылар бір сағат ішінде топ кураторы мен колледж әкімшілігіне хабар беру керек.

Студенттің бос уақытын ұйымдастыру

Үйірме мақсаты:

Оқушылардың бос уақытын бақылау, қызығушылығын ояту, белгілеп алған міндеттер мен жоспарларын орындауға бағытталған әрекетті ұйымдастыру, басқаларды қандай да бір жұмыс атқаруға бағыттау, бірге жұмыс жасайтын көмекшілер тауып, олардың ой-өрісін, қабілетін дамытуға ықпал ету, ұнамды басқаларға үлгі бола алатын адамдармен қарым-қатынас орнату

Үйірменің міндеті:

-оқушыларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету;

- оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау;

- шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету;

- іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру;

-тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу;

Үйірме жұмыстары

Спорт секциялары туралы мәлімет

Студенттің білімін бағалау критерилері

Оқыту нәтижелерін адекватты бағалау үшін төмендегі критериийлер қолданылады:

- қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі бағаланады;

- әдеби дереккөздерге шолу жасау дәрежесі бағаланады;

-жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі бағаланады;

- материалды нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады;

- жұмыстың қорытындысы мен талдау дәрежесі бағаланады;

- пәннің теориялық мәселелерін қорытындылау қабілеті бағаланады;

- тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы бағаланады;

- қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы бағаланады;

-қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады;

- өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады.

Оқушылардың аралық (айлық) бақылаудың Ережесі

1. Жалпы сипаттама

Оқушылардың үлгірімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгірімін және кері байланысын есепке алу.

Оқытушы оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және білімдеріндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.

Оқушылардың білімін бағалау үшін төмендегі шарттарды ескеру қажет:

- Оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу

- Баға әділетті болуы қажет, бағаны әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға және ымыршылыққа салынуға болмайды.

- Бағаны көтеруге,өтірік баға қоюға, көзбояушылыққа салынуға, саудаға салуға тиым салынады.

- Баға – бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал.

- Оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға тиым салынады.

Осы Ереже оқушы білімін аралық аттестациялаудың жүйесі арқылы тексеруді ұйымдастыру және тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында «ҚР Білім заңы», ҚР Президенті Қаулысы (07.06.1999 ж. №3904); «Орта кәсіптік білім берудің оқу жұмыстарын бақылау Ережесі» (20.10.1999 ж. №8) ҚР Б ж Ғ М бекіткен нұсқау; ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардағы білім алушылардың үлгіріміне ағымдағы бақылауды аралық және қорытынды аттестациялауды өткізу Ережесі»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1; «Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру Ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 213 Қаулылары негізінде жасалынып, колледжі оқу үдерісіне пайдалануға ұсынылған.

2.Рейтинг жүргізу тәртібі

Рейтингтік жүйе мамандықтар оқу жоспарларына сәйкес жүйелі түрде барлық пәндерден теориялық білімімен тәжірибелік дағдыны игеруге негізделген.

Рейтингтік бақылау жүйесінде оқушылардың білімін аралық бақылау сол пәнге бөлінген сағат санына сәйкес айына бір рет жүргізілуі тиіс. Айлық аттестация бағасы бір айда 6 – 8 немесе одан жоғары сабақ өткізілгенде аттестация бағасы қойылады.

- Күнделікті сабақтағы оқушылардың алған бағалары бойынша

- Пән бойынша оқу жоспарына сәйкес бақылау жұмыстарының бағасы

- Зертханалық – тәжірибелік сабақтардың қорытынды бағасы

- Курстық жоба мен жұмысты орындаудың қорытынды бағасы

Сабаққа қатыспаған оқушыға айлық аттестация қорытынды бағалары қойылмай, 60% пайыздан жоғары сабаққа қатыспаған жағдайда «аттестацияда жоқ» қойылып «0» баллмен есептеледі. Қайта аттестациялау «2» - қанағаттанарлықсыз баға алған оқушыға, аттестацияға дәлелді себептермен қатыспаған оқушыларға колледж басшылары рұхсатымен аттестацияны қайта тапсыруға рұхсат беріледі. Оқытушыға оқушыларды жоғары бағаға немесе «3» - тен «4» - ке, «4» - тен «5» -ке қайта аттестациялауға рұқсат берілмейді.

Айлық аттестация қорытындысы бойынша оқу жоспары толық орындалғаннан кейін сынақ бағасы қорытылып қойылады. Қосымша кестеде келтірілген рейтингілік жүйе балдары бойынша жасалған баға мен балл сандарына сәйкес ҚР Білім және Ғылым министрлігінің №481 бұйрығы (07.09.2006 ж) негізінде, сынақтарды тапсырғаннан кейін оқушы оқу бөлімінен емтихан тапсыруға рұқсат алады.

3.Аттестация қорытындысына сәйкес оқушы білімінің бағалануы

Бақылаудың негізгі түрлері бес балдық жүйе бойынша «1» (бір), «2» (қанағаттанарлықсыз), «3» (қанағаттанарлық), «4» (жақсы), «5» (үздік) бағаларымен бағаланады. Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе ведомосына «сынақтан өтті» немесе «сынақ жоқ»- деп жазылып қойылады.

3.1. Сынақтарды бағалау

Сынақ бағалары төмендегі кестелерде көрсетілген баллдарға байланысты қойылады.

Сынақ бағаларының кестесі

6 аттестация қорытындысы бойынша: 5 аттестация қорытындысы бойынша:

4 аттестация қорытындысы бойынша: 3 аттестация қорытындысы бойынша:

2 аттестация қорытындысы бойынша:

Мысалы: Пән бойынша бір семестр аралығында (қыркүйек – желтоқсан айларында) төрт аттестация бағалары шығарылып қорытындыланды. Оқушы бағалары қыркүйек айында - 4 (жақсы), қазан айында - 5 (үздік), қараша айында 2 (қанағаттанарлықсыз), желтоқсан айында 3 (қанағаттанарлық) бағаланса, барлық бағалар қорытындысы -14ке тең болады. Кестеге сәйкес 14 баллға 4 аттестация қорытындысы бойынша сынақ бағасы 4 (жақсы) бағамен бағаланады.

Мысалы: Пән бойынша семестрде оқушы алты аттестация қорытындысы бойынша 24 балл жинады. Емтиханда 3 (қанағаттанарлық) баға алды, кестеге сәйкес қорытынды бағасы осы пәннен 4 (жақсы) – бағаға бағаланады.

3.3. Емтихандармен сынақтарды қайта тапсыру

Сынақтан немесе емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» (сынақтан өткен жоқ) баға алған жағдайда оқушыға қайта тапсыру бір пәнге 1-реттен артық рұқсат етілмейді. Емтиханда (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген мерзімде колледж басшылары (директор, директордық оқу ісі жөніндегі орынбасары) жазбаша рұқсат берген жағдайда жіберіледі. Емтихандарды қайта тапсыру оқушылардың каникул күндері жүзеге асырылады.Қайта тапсырылған емтихан бағасы 0,8 (ноль бүтін оннан сегіз) түзеткіш коэффициентіне көбейтіліп қойылады.

Мысалы: 5 (үздік) бағасы ×0,8=4 (жақсы);

4 (жақсы) ×0,8= 3 (қанағаттанарлық)

Шығармашылық (сурет салу, сызу, дене тәрбиесі жаттығулары) және тілдермен әдебиет пәндерінен емтихандар жазбаша түрде алынуға рұқсат берілген. Емтихандар диктант, мазмұндама, шығарма түрлерінде оқу әдістемелік (ПЦК) бірлестіктер шешімімен ұсынылып қабылданады.

Грант оқу топтарында оқитын студенттер үшін шәкіртақы төлеу тәртібі

1.Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "жақсы", "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде білім алушыларға ағымдағы үлгерімінің нәтижелеріне қарамастан стипендия төленеді.

2.Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, магистранттарға (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

3. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша берешектері немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанғысыз бағасы жоқ болса төленеді.

4.Жазғы емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия жазғы каникул кезеңі үшін екі айға (шілде, тамыз) қосылып төленеді.

5.Сынақтар мен емтихандарды білім беру ұйымдары белгілеген мерзімде дәлелді себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зілзала) тапсыра алмаған студенттерге, интерндерге және магистранттарға білім алушы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін білім беру ұйымының басшылығы сынақтар мен емтихандарды тапсыруға жеке уақыт белгілейді, содан кейін оларға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.

6.Кәсіптік практика, жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ жалақы төленетін жұмыс орындарында және қызметтерде жұмыс істеген кезеңде студенттерге мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен төленеді.

7.Бір оқу орнынан басқасына ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді.

8.Докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес төленеді.

9.Медициналық қорытындының негізінде (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның шешiмi) берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.

10.Академиялық демалыстан келген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу алдағы (кезекті) емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау қорытындылары бойынша және оқу жоспарындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

11.Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия кезекті емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелеріне дейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

12.Туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға тиісті медициналық қорытындысы болған кезде мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін белгіленеді және төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күнінен бастап он айдан аспайды.

13.Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.

14.Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.

15.Студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура, докторанттар тыңдаушылары бала күтіміне байланысты ол үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.

16.Стипендиялар білім алушылар үлгерiмін бақылау жүктелген бөлiмше бастығының қызметтiк хаты (ұсынысы) негiзiнде білім беру ұйымы жетекшiсiнiң немесе уақытша оның мiндетiн атқарушының бұйрығымен тағайындалады.

17.Жеке тұлғаларға стипендияларды төлеу осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша алушының таңдаған банкте ашылған ағымдағы шотына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

18.Төлем карточкасын жасау немесе екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттарды ашу кезеңінде, сондай-ақ ұйым орналасқан жерде екiншi деңгейдегi банктер, олардың пункттері және төлем карточкаларына қызмет көрсететін құрылғылар болмаған жағдайда стипендия төлеу ұйымның кассалары арқылы жүзеге асырылады.

Мамандықтар тізбесі

Гуманитарлық және экономикалық мамандықтары:

0402000-Дизайн (профиль бойынша)

0403000-Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы

0507000-Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

0510000-Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша)

0511000-Туризм

0512000-Аударма ісі

0513000-Маркетинг (салалар бойынша)

0516000-Қаржы (салалар бойынша)

0518000-Есеп және аудит

0519000-Экономика (салалар бойынша)

0601000-Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

Педагогикалық және құқық мамандықтары:

0101000-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

0102000-Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейі бойынша)

0103000-Дене тәрбиесі және спорт

0104000-Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

0105000-Бастауыш білім беру

0105033-Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

0111000-Негізгі орта білім

0401000-Кітапхана ісі

0201000-Құқықтану

0202000-Құқық қорғау қызметі

0501000-Әлеуметтік жұмыс

Политехникалық мамандықтары:

0809000-Мұнай және газ кен орындарын пайдалану

0810000-Мұнай-газ және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану

0902000-Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

0906000-Жылу электр станцияларының жылу энергиялық қондырғылары

1201000-Автомобиль транспортына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

1202000-Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)

1203000-Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару

1206000-Жол қозғалысын ұйымдастыру

1211000-Тігін өндірісі және киімді үлгілеу

1302000-Автоматтандыру және басқару(бейіні бойынша)

1304000-Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру

1305000-Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)

1401000-Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

1405000-Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану

1509000-Экология және табиғат қорғау қызметі (түрлері бойынша)

Іс-тәжірибенің есептік құжаттарын толтыру ережелері

1.1 Практиканттың есептік құжаттары мыналардан тұрады:

- практика күнделігі күнде толтырылады, орындалатын жұмыстың мазмұны мен мінездемесі көрсетіледі, күнделікті практика жетекшісі күнде тексеріп тұрады, ал практика аяқталғаннан кейін ұйымның мөрімен расталады (практика күнделіктері оқу-әдістемелік басқармасымен практика басшысына күнтізбелік жылдын басында беріледі (З, И, К Қосымшалары). Практика күнделігіне мамандықтың практикасы мен білім беру бағдарламасының ерекшелігіне сәйкес өзгертулер еңгізуге болады;

- мекемеден және техникалық және кәсіптік білім орны болған практика жетекшісінің пікірі (практиканттың күнделігіне жазылады), практика кезеңіндегі білім алушының қызметінің жағымды және жағымсыз жақтары, оқу бағдарламасының және алға қойған мақсатқа жетудегі білім алушылардың жұмыстарының орындалу деңгейі көрсетіледі. Практика бағасы қойылады;

- бірлестікке тапсырылатын және болашақта қорғалатын білім алушы есебі; есепте практика өту кезеңіндегі нақты орындалған жұмыстардың мәліметі, сондай-ақ практика базаларының суреттелуі (зертханалар, цехтер, бөлімшелер және т.б.), оның қызметінің ұйымдастырылуы, сондай-ақ қорытындылар мен ұсыныстар (М қосымшасы);

- практиканың материалдары, жеке және кешенді тапсырмалары т.б. (Қ Қосымшасы)

1.2 Кәсіптік практика бойынша білім алушылардың есептік құжаттары практика аяқталғаннан кейін бірінші 3 күн ішінде тексеріске тапсырылады.

1.3 Кәсіптік практика бойынша қорғау есептері аяқталғаннан кейін 6 күннен кешіктірмей өткізіледі.

1.4 Жазғы кезеңде өткізілген практика жөніндегі білім алушылар есептері академиялық кезеңнің аптасынан сон, бірінші 3 күн ішінде бірлестікке тапсырылады. Осындай жағдайда практика бойынша қорғау есептері академиялық кезең аяқталғаннан кейін 6 күннен кешіктірмей өткізіледі.

Практиканы оқу жылы бойында өткізген жағдайда (академиялық кезеңнің ортасында немесе аралығында) – ол аяқталғаннан кейін бір аптаның ішінде тапсырылады.

1.5 Практика аяқталғаннан кейін басқа практика басталып, демалыс күндері басталған жағдайда кәсіптік практика бойынша есептерді практика аяқталуына 2 күн қалғанға дейін бірлестікке тапсырылады. Осындай жағдайда практика бойынша қорғау есептері практиканың соңғы күнінде өткізіледі.

1.6 Білім алушылардың практика бойынша есептері білім алушының техникалық және кәсіптік білім орнында оқыған жылдарында шығарушы бірлестікте сақталады, одан кейін актімен санаттан шығарылады. Санаттан шығару бірлестік жетекшісінен, практика жетекшілерінен және тұлғалардан, бірлестіктегі іс жүргізуге жауап берушіден құралған комиссияның актісі негізінде жүзеге асырылады. Акт формасы Х Қосымшасында келтірілген.

1.7 Кәсіптік практикаларды өткізуді жетілдіру және практика қорытындыларымен қанағаттану деңгейін бағалау үшін кәсіптік практикалар бойынша есептерді қорғаудың соңынан білім алушыларға анкета өткізіледі. Анкетаның формасы Н Қосымшасында көрсетілген.

1.8 Тұтынушылармен екі жақты байланысты қолдау және практиканы өткізуді ұйымдастыруды жетілдіру үшін практика базасынан болған жетекшіге анкета өткізіледі. Практика базасынан болған жетекші анкетасының формасы О Қосымшасында көрсетілген.

1.9 Білім алушыларға және практика базасынан болған жетекшіге анкета өткізудің жауапкершілігі бірлестік жетекшісі жауапты. Анкетаға анализ жасауды практика басшысы өткізеді. Анкета нәтижелері практика бойынша есептерінде көрсетілуі тиіс.

2 Кәсіптік практиканың нәтижелерін бағалау

2.1 Білім алушы берілген практика түріне пән пререквизитін тапсырған жағдайда ғана практикаға жіберіледі.

2.2 Кәсіптік практика аяқталғаннан кейін білім алушылар есептік құжаттарын бірлестікке тексеріске тапсырады. Білім алушынын есебі колледждің практика басшысымен тексеріледі және бірлестік жетекшісінің өкімімен бекітілген комиссияның алдында қорғанады (П Қосымшасы). Кәсіптік практиканың нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады, ағымдағы және қорытынды рейтингті жасайды.

2.3 Практикаға бір жетекші белгіленген жағдайда (оқу практикасының түрлері, зерттеу практикалар бойынша) есептің рәсімделуіне және қорғалатын нысан бойынша білімдерін көрсетулеріне сәйкес комиссияның алдында ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша баға қойылады;

2.4 Практикаға екі жетекші бекітілгенде - Колледжден және практика базасынан (өндірістік, педагогикалық), қорытынды баға практика базасының басшысының бағалау есебінен (оның салмағы қорытынды бағадан 40% болып табылады) және комиссияның алдында ұсынылған есепті қорғаудың нәтижелері бойынша қойылады (оның салмағы қорытынды бағадан 60% болып табылады).

2.5 Педагогикалық практика бойынша қорытынды баға қою кезінде практика жетекшілерінің бағалары назарға алынады.

2.6 Кәсіптік практика қорытындылары Ғылыми әдістемелік кеңестерінде, бірлестік отырыстарында талқыланады. Қажет болған жағдайда практиканы өткізу сапасын дұрыстау бойынша іс-шаралар жоспары құрастырылады.

2.7 Дәлелді себептермен практика өтпеген білім алушы оқу бөлімі белгілеген уақытта директордың бұйрығына сәйкес практиканы оқу процесінен үзіліссіз өтеді. Бұл жағдайда практиканың өту уақыты екі есеге ұзартылады.

2.8 Білім алушы практикаға себепсіз келмеген немесе практиканың бағдарламасын орындамаған жағдайда, есебін қорғауда практикадан «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда, келесі академиялық кезеңдердің ішінде теориялық оқыту кезенімен қатар жіберіледі, немесе жазғы семестірге қалады. Бұндай жағдайда практиканы ақылы негізде жеке оқу жоспарына қосып өтеді. Егер практика өтілімін оқу бөлімі теориялық оқытумен қатар қойылса, практика мерзіме екіге өседі. Бұл жағдайда, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары ұсынысы Ә Қосымшасымен толырылады.

2.9 Практика бойынша академиялық қарызы бар білім алушы қорытынды аттестацияға жіберілмейді және оқу жоспарын орындамағаны үшін оқудан шығарылады.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.

2. Академиялық демалыс - білім беру ұйымдарында білім алушылар (студенттер, магистранттар, адьюнкттер, курсанттар, тыңдаушылар, докторанттар, интерндер, резиденттер) медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.

3. Академиялық демалысты ресімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді және осы Қағиданың 6-тармақшасында қарастырылған құжаттарды тапсырады.

4. Білім алушыға академиялық демалыс мынадай:

1) сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы;

2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ОДКК) қорытындысы;

3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;

4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін беріледі

5. Білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

6. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне немесе тиісті салалық министрлікке үш жұмыс күні ішінде, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.

7. Білім алушы академиялық демалыстан шыққан соң білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді және ауруына байланысты академиялық демалыста жүрген білім алушы осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындымен қоса науқасты қараған денсаулық сақтау ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасын тапсырады.

8. Ұсынылған құжаттардың негізінде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.

9. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы аталған бұйрықтың көшірмесін үш жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне немесе тиісті салалық министрлікке, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.

10. Білім беру ұйымының басшысы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің айырмашылығын, оқу курсын анықтайды және офис регистратормен (білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет) келісе отырып, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

Академиялық демалыстан келген соң білім алушы оқуын аталған демалысты ресімдеген курстан (және академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады.

11. Егер білім алушының академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, онда білім алушы:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жеке кесте бойынша оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды жинайды немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады;

техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ағымдағы оқу сабақтарымен қатар, жеке кесте бойынша оқу тапсырмаларын орындайды, білім беру ұйымының басшысымен бекітілген оқу жұмыс жоспарында көзделген ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, аралық аттестаттауға рұқсат алады.

12. Білім алушы айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық сабақ түрлеріне қатысады, белгілі бір модульдің оқу тапсырмаларын орындайды (модульдік оқыту кезінде), аталған пән (модуль) бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

2. Егер білім алушы білім беру ұйымымен білім беру қызметтерін көрсету туралы жеке шарт (бұдан әрі - шарт) жасаса, онда оның басқа білім беру ұйымына немесе бір мамандықтан екіншісіне ауысуы үшін аталған шарттың өзгертілуі немесе бұзылуы қажет.

3. Білім алушыларды бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға төрт оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылық болғанда жол беріледі.

Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайын ауыстырған жағдайда, растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушылар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға мынадай тәртіппен ауысады:

1) білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы еркін нысанда өтініш береді;

2) білім беру ұйымының басшысы аталған өтінішті қарап, оны педагогикалық кеңестің қарауына шығарады және педагогикалық кеңес шешімінің негізінде білім алушыны әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

4. Басқа білім беру ұйымына ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, өзі қалаған білім беру ұйымының басшысына өтініш білдіреді.

Қабылдаушы білім беру ұйымы басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі қоса тіркелуі қажет.

5. Ауыстыру туралы мәселе шешілген жағдайда білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы оның оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы бұйрық шығарады, бұрын білім алушы оқыған білім беру ұйымына оның жеке іс құжаттарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды.

6. Білім беру ұйымдарының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық білім алушының бұрын оқыған білім беру ұйымынан жеке іс қағаздары алынғаннан кейін шығарылады.

7. Білім беру ұйымдарында бұрын білім алған тұлғалар бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылдана алады.

Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының бір семестрді аяқтауы болып табылады және қайта қабылдау туралы мәселе оның жеке өтініші негізінде ғана қаралады.

Білім алушыларды бірінші курсқа қайта қабылдауға бірінші семестрді аяқтағаннан кейін тиісті немесе ұқсас мамандықтар бойынша рұқсат етіледі.

8. Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылданады, бұл ретте білім беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыны қайта қабылдайды.

9. Бұрын басқа білім беру ұйымдарында білім алған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға:

курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда;

оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін Анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесінен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған жағдайларда рұқсат етіледі.

10. Жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары белгілейді. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

11. Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының кәшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады.

12. Оқуға қайта қабылдану үшін бұрын білім алған білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келетінін білдіріп, білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда өтініш, береді, бұл ретте қайта қабылдау туралы өтінішке Анықтама қоса беріледі.

13. Ұсынылған Анықтама негізінде білім беру ұйымы курсты және пәндердің айырмашылығын анықтап, оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті берілген уақыттан бастап екі апталық мерзімде қарауы қажет.

КОЛЛЕДЖ ЖАТАҚХАНАСЫНДА ТҰРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.Жатақханада орын бір оқу жылына беріледі.

Жатақханада орынды жатақханада Директоры бөледі.

Әрбір студентпен келесі құжаттарды ұсынғаннан кейін жатақханада тұруға жеке Шарт (әрі қарай шарт) жасалады:

-жеке куәлігі;

- студенттік карточкасы;

-суреті 3х4 -2 дана;

-денсаулығы жөніндегі және флюорографиялық тексеріс анықтамасы;

- мекен-жай туралы анықтама

Жатақханада орналасқан оқушының ата-анасына осы тармақта көрсетілген тәртіпке сай күндізгі уақыт 11:00-ден 21:00-ге дейін келуге рұқсат беріледі;

Жатақханада тұрушылардың тізімінде жоқ тұлғаның 22.00-ден кейін жатақханаға кіруге, қонуға құқығы жоқ;

Оқушының бөлмедегі жеке заттары мен мүлігіне жатақхана әкімшілігі жауап бермейді;

Колледждің оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жатақхана директоры әрбір семестрде жатақхана аумағына бірнеше мәрте тексеру жүргізеді,

1. Жатақханада тұру ережесі:

Жатақханада тұратын әрбір оқушы «жатақханада тұру ережесімен» танысып, оны қатаң ұстануға міндетті;

1.1. Оқушы өрт қауіпсіздігі Ережелерін қатаң сақтауға міндетті;

1.2. Оқушы міндетті:

-өз бөлмесінде, асханада, т.б. тазалық, тәртіп сақтауға;

-жатақхана әкімшілігі мен қызмет көрсетуші қызметкерлерге әдептілік көрсетуге;

-жатақханадан шыққанда өз бөлмесіндегі терезені, есікті кілттеп, кілтін жатақхана қызметкеріне беруге;

-жатақханадан көшкен жағдайда 5 күн бұрын жатақхана қызметкеріне ескертуге;

-жатақханаға тиісті аумаққа ластаушы қоқыстарды лақтырмауға;

-жатақханаға кірер алдында рұқсат қағазды көрсетуге;

-жатақхананың кеңесін сайлауға және оның құрамына кіруге;

1.3. Оқушыға тиым салынады:

-бөлменің кілтін бөтен адамға беруге;

-бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетінше орналасуға;

-бөлмеде жылытқыш пештер қолдануға;

-ішімдік, сыра ішуге, құмар ойын ойнауға;

-шулау және музыканы қатты қойып тыңдауға;

- тыныштықты бұзуға

4. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік:

4.1. «Жатақханада тұру Ережесін» бұзғаны үшін оқушыға келесі шаралар қолданылады:

-бір рет тәртіп бұзу – ауызша/жазбаша ескерту, оқушының ата-анасына хабарлау;

-екі рет тәртіп бұзу – сынақ мерзімімен тәртіптік сөгіс, оқушының ата-анасына хабарлау;

-үш рет тәртіп бұзу – жатақханадан шығару, оқушының ата-анасына хабарлау;

4.2. Жатақхана мүлкіне зиян келтірілген жағдайда екі есе мөлшерде құнын төлейді.

біз әлеуметтік желілердеміз: