Материалдық-техникалық база | Студенттер үйі

Студенттер үйі

Студенттер үйі

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің студентер үйінің іргетасы 2013 жылдың 20 маусымында қаланып, толықтай бітіп, іске қосылды. Студенттер үйінің құрылыс-монтаж жұмысын «ГрандТехноСтрой» мердігерлік мекемесі атқарды. Ғимарат құрылысына 135 млн. теңге көлемінде колледж құрылтайшылары есебінен қаржы бөлінді. 2800 шаршы метрді құрайтын, 200 орынға арналған студенттер үйінде оқушыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Атап айтсақ, кітапхана залы, студенттер асханасы, компьютер класы, акт залы оқушылардың сабақ оқуы мен демалуына толық мүмкіндік береді.

Жастардың сапалы білім алуына, еліміздің әртүрлі саласында бәсекеге қабілетті маман дайындауда барлық жағдай жасалуы қажет екендігіне, сонымен қатар елді мекендерден келген жастардың жатақханамен қамтамасыз етілуіне басты назар аударылған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын негізге алған оқу орны алға қойған тағы бір мақсатқа қол жеткізді.

Ашылғанына 15 жылға жуық уақыт болған колледждің өзекті мәселелерінің бірі болып келген жатақхана мәселелесі бүгінгі күні өз шешімін тауып, ұстаздар мен студенттер қауымы зор қуанышқа бөленуде.

Наурыз мейрамы коллледжімізде өте жоғарғы деңгейде ұлттық нақышымен, жөн-жоралғысымен тойланып өтті. Әсіресе, оқу орны оқушыларына арналған студент үйіндегі Наурыз тойының сәні мүлде бөлек. Мұнда ән салып, би билеуден әсері әлдеқайда артық болған халқымыздың қыз ұзату дәстүрінен көрініс қойылды.

Жатақхана коменданты, балалардың анасындай боп кеткен Ғалия апай және Римма, Маржан, Ханзада апайлар мен сол жатақхананың тұрғын оқушыларының қатысуымен қойылған бұл қойылым Әлайдар ағай, Раушан апайлар бастап келген бір топ мұғалім қонақтарды таң-тамаша етті, бір сөзбен айтқанда, сол мерекеде болған әрбір қатысушы, қонағы да тура өздерін той ішінде жүргендей сезінгендігін айтты.

біз әлеуметтік желілердеміз: