Колледж қызметі | Оқу-әдістемелік жұмыстар | Спорт жетістіктері

Спорт жетістіктері

Спорт адам өмірінде маңызды орын алатын қабілеттің бірі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған.

Ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

Колледжде дене тәрбиесі пәні 288 шаршы метрлік спорт залында өткізіледі. Сондай-ақ күрес залы, теннис залы арнайы жабдықталған. Баскетбол, воллейбол, футбол, қазақы күрес секциялары жұмыс істейді. Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында оқытушылар арасында спартакиада, пән апталықтары ұйымдастырылып отырады.

Колледжімізде спорттың көптеген түрлеріне қатысып, халықаралық, республикалық, облыстық аренаға шығып, Жеңіс туын желбіретіп жатқандар да аз емес. Атап айтсақ,

Сваев Рустам

Бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт чемпионы, Миланда Әлем біріншілігінен 5-орын, Қазақстан біріншілігінен 1-орынды иеленген спорт шебері атанды. 69 кг салмақтағы қазақ боксшысы, 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2015 жылы «Астана-Арланс» кәсіби бокс клубына енді.

64 кг салмаққа дейінгі категория бойынша бірнеше дүркін жеңімпазы, (2009ж), 69 кг салмаққа дейін (2011 ж.) 2009ж. Миланда өткен 64 кг салмақта 5 орынды иеленді. 2010ж. Улан-Батор Моңғолияда студенттер арасында өткен чемпионатта күміс медаль алды. 75 кг-ге дейінгі салмақ категориясында халықаралық турнирдің А AIBA класты үздік боксшысы (Сербия, 2015)

Айнұр Есбергенова

Қазақстандық таэквандошы (49 салмақты дәрежеде). Бірнеше дүркін халықаралық турнир жеңімпазы. 2010 жылы Азия чемпионы болды. 2017 жылы Бакуде өткен Исламиадада күміс жүлдеге ие болды. Маниладағы біліктілік турнирінде Рио-де-Жанейроға жолдама алды. Риодағы жазғы олимпиадада қыздар арасындағы таэквандодан күш сынасты.

Ертаев Мұрат

Карате-до-дан спорт шебері. Лас-Вегаста өткен Әлем біріншілігінен 1-орынды иеленді. Халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін 1-орын иегері.

Абилов Сабыржан

Бокстан Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы, Азия чемпионы атанды

Бегалы Рауан

Дзюдодан Азия чемпионы, спорт шебері

Сайфуллин Ерсайын

Грек-Рим күресінен Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы сонымен қатар бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығына қарасты 1 курс оқушыларынан жасақталған футбол командасы облыстық, қалалық, түрлі тақырыпта қатысқан жарыстарынан тек жүлделі І орынмен оралуда. Атап айтсақ, «Наурыз-2013» техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында шағын футболдан, 21.ХІІ.2013 ж Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының ұйымдастырылумен жоғары және орта оқу орындары арасында жарыста, 16.ХІІ.2013. ҚР Тәуелсіздік күнінің атап өтуіне байланысты «Қазақ-Қытай» академиясы ұйымдастырған жарыста, «Тәуелсіздікке - 22 жыл» қала әкімінің кубогына жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы шағын-футбол жарысында І орын иеленген колледж командасы қала әкімінің кубогы және дипломмен марапатталды.

Колледждің оқушыларынан құралған команда кіші футболдан 2013 жылдың абсолютты жыл чемпионы атанды,олардың жеткен жетістіктері:

- дүние жүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясы аясында жоғары және арнаулы орта орындары арасында өткізілген Футбол сайысында жүлделі I орын алғаны үшін;

- қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін атап өтуге арналған жоғары және арнаулы орта орындары арасындағы өткізілген шағын-футбол жарысында I орынды жеңіп алғаны үшін;

- Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында шағын футболдан «Наурыз - 2013» облыстық жарысында жүлделі I орын алғаны үшін;

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13
Дом №14
Дом №15
Дом №16
Дом №17
Дом №18
Дом №19
Дом №20
Дом №21
Дом №22
Дом №23
Дом №24
Дом №25
Дом №26
Дом №27

біз әлеуметтік желілердеміз: