Колледж қызметі | Оқу-әдістемелік жұмыстар | Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Ұлттық мәдени құндылықтар. Рухани жаңғыру

Колледжде «Алтын ұя» атты облыстық этнопедагогикалық орталық құрылған. Орталықтың мақсаты халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдени мұрасын ұрпаққа жалғастыру.

2010 жылы 20 қарашада «Жаһандану жағдайындағы жастар мәселесі: ұлттық-мәдени құндылықтар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция «Қазақстанда тарихи-құқықтық және экологиялық жүйелерді дамытудың ұлттық ерекшеліктері», «Ұлттық тәрбиенің әлеуметтік-экономикалық моделі», «Этика мен эстетика сабақтастығы», «Жастардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы өзекті мәселе» атты секция бағыты бойынша жұмыс істеді. Конференция материалдары жинақ болып жарық көрді.

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінде халық дәстүрлерін құрметтеуге бағытталған іс-шаралардың бірі ретінде 2011 жылы 25 қарашада «Этнопедагогика - жаһандану жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылық бастауы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияны өткізудің мақсаты: келешек ұрпақ арасында халқымыздың этнопедагогикалық құндылықтарын дәріптеу, күнделікті өмірде қолдануға үйрету. Колледж ұжымы атқарған жұмыстар көрме, дефилье, айтыс, қойылым түрінде қатысушылар назарына ұсынылды. Конференция жинағына 100-дей мақала жинақталып, баспадан жарық көрді. Конференцияда жүргізілген 3 секцияның бірі онлайн жүйесінде өткізілді.

Кешті «Ақмешіт» фольклорлік-этнографиялық ансамблі өз ән-шашуымен ашып берді. Кешке қонақ ретінде Қорқыт ата атындағы гуманитарлық Университетенің доценті – Жүсіпов Аппаз бен Қорқыт ата атындағы Университетінің әуез кафедрасының білікті ұстазы – Аққулов Жұмабек шақырылды.

Кеш барысында № 5 мектеп оқушысы Бексейіт Қуанышұлы «Айжан қыз» күйін, № 6 мектеп оқушысы Өтепова Томирис «Салкүрең» күйін, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 1 курс студенті Жолдыбаев Береке «Талшыбық» шертпе күйін шертсе, Қызылорда музыкалық колледжінің студенті Азаматов Алмат Ақтамберді жыраудың термесін, № 6 орта мектептің оқушысы Ибрагим Орынбасар «Өсиет» термесін, № 6 орта мектептің оқушысы Сағат Динара Базар жыраудың термесін, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 2 курс студенті Қадіров Тұрақ «Бұхар жыраудың» термесін жырласа, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 2 курс студенті Мінуаров Өміржан «Толғау» толғады. № 6 орта мектептің оқушысы Айтмағанбетова Алтынай халық әні «Қараторғайды» орындады.

Колледжіміздің мәдениеттану пәнінің оқытушысы, озық тәжірибелі маман Әбдібаттаева Гүлнар «САЛТ – САНА, ДӘСТҮР – ДӘУЛЕТ, ҒҰРЫП – ҒҰМЫР» атты мәдени-танымдық ток шоуын ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәні мен адамгершілік қасиеттерін, халық өнегесін көрсету.

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

2014 жылдың 22 наурызында Колледж қоғам өміріне белсене араласып, іс-шараларда ат салысады. Өнерлі оқытушылар мен студенттерден құралған майталмандар Қызылорда қаласының орталық алаңында 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараны өткізді.

2018жылдың 08 ақпанында «Жастар» ресурстық орталығымен бірлесіп колледж оқытушылары Бахтиярова Сара, Досжанова Гүлжамила, Нахатова Жансая, Төсбай Назеркенің ұйымдастыруымен «Жеңгесі мен еркесі» атты жұптық сайысы өтті.

Сайыс мақсаты – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауы аясында халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғырту.

Сайыс 4 кезеңде өтті:

1. «Кел танысайық». (Сәлемдесу, таныстыру.) Жеңге мен қайынсіңлі жұбын таныстыру. Берілетін уақыт -2-4 минут.

2. «Шебердің қолы ортақ. Берілетін уақыт – 5 минут. Бұл кезеңде қатысушы жұптарға алдын-ала нөмерлер қойылып, тапсырмалар берілген болатын. 5 минут ішінде берілген тапсырманы орындап, әділ-қазылар алқасына таныстыру керек.

3. «Сырласайық жеңеше» кезеңінде жеңге мен қайын сіңлі арасындағы сырласу сәтін сахналық сомдау керек. Берілетін уақыт-4-5 минут

4. Кәделі табақтар. Табақ жасау тапсырмасы беріледі. Қандай табақ жасау тапсырмасы жеребе бойынша таңдалады.

Әділ қазылар алқасы:

1. Бахтиярова Сара - филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

2. Жылқышиева Динара Миліханқызы – «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау» бөлімінің аға кеңесшісі

3. Ақтөре Оразалы - режиссер

Сайысқа техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан 10 жұп қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша :

Жүлделі I орын - «Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінен» келген жұп иеленді.

Жеңгесі- Жубатканова Малика Нурмаганбетовна

Қайын сіңлісі- Сайлаубай Жанерке Құрылысбекқызы

II oрын - М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінен келген жұп иеленді.

Жеңгесі - Серікбаева Өміркүл

Қайын сіңлісі- Ералиева Асылзат

III орын - Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі иеленді.

Жеңгесі –Өтепова Лиза Өмірзаққызы

Қайын сіңлісі- Қуаныш Айым Бағдатқызы

Сонымен қатар ерекше өнерімен көзге түскен жұптар төмендегідей номинацияларға ие болды.

1. «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» - И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжі

Жеңгесі- Тәжімбетова Динара Ақылбекқызы

Қайын сіңлісі- Естаева Айжан

2. «Инабатты жеңге, ибалы қыз» - Қазалы аграрлы-техникалық колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Жеңгесі- Таңжарықова Ғазиза Тұрсынбекқызы

Қайын сіңлісі- Қарасай Гүлназ Сұңғатқызы

3. «Сырлы жеңге, сұлу қыз» -«Болашақ» медициналық колледжі

Жеңгесі- Абсаттар Ақбота Берикқызы

Қайын сіңлісі- Бахытбек Айгерім Бахытбекқызы

4. «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» - «Жас өркен» колледжі

Жеңгесі- Жақсығұлова Назерке Бостанқызы

Қайын сіңлісі- Малдыбаева Айжан Бижанқызы. Қалғандары алғыс хатпен марапалды.

Сондай-ақ Қызылорда облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық оқу орталығының» 31.08.2017 жылғы №559 санды хатындағы «Рухани жаңғыру» іс-шарасын өткізу туралы ұсынымдамасы бойынша колледжімізде «Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру», «Физика, математика және информатика» пәндер бірлестігінің «Рухани жаңғыру – кемел келешек кілті», «АӘД және дене шынықтыру» пәндер бірлестігінің «Ұлттық құндылықтар негізінде мамандар даярлау – рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы апталықтары ұйымдастырылы. Облысымыздың кәсіптік-техникалық оқу орындарының арасында «Ұлттың ұлы тұғырнамасы – рухани жаңғыру» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

біз әлеуметтік желілердеміз: