Колледж қызметі | Оқу-әдістемелік жұмыстар | Ғылыми жұмыстар

Ғылыми жұмыстар

Ғылыми жұмыстар

Ғылыми жұмыстар. Семинарлар. Форумдар. Олимпиадалар

Колледжде ғылыми жұмыстарға баса назар аударылған. Ғылыми конференциялар, олимпиадалар, ғылыми жоба байқауы, инновациялық идеялар жәрмеңкесі жыл бойы үздіксіз жүргізіледі.

2010 жылы 20 қарашада «Жаһандану жағдайындағы жастар мәселесі: ұлттық-мәдени құндылықтар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция «Қазақстанда тарихи-құқықтық және экологиялық жүйелерді дамытудың ұлттық ерекшеліктері», «Ұлттық тәрбиенің әлеуметтік-экономикалық моделі», «Этика мен эстетика сабақтастығы», «Жастардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы өзекті мәселе» атты секция бағыты бойынша жұмыс істеді. Конференция материалдары жинақ болып жарық көрді.

Г.С.Досжанова мен Н.И.Мұсатаеваның «Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың ролі» тақырыбындағы мақаласы Еуразия Гуманитарлық Институты мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Беру Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстандағы үздіксіз кәсіби білім берудің мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда жарық көрді. 2010 ж.

Фашистік Германияны жеңгеніне 65 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Г.С.Досжанованың «Генетика және халық тағылымы» және Г.Д.Тажикова мен К.К.Зулхарнаеваның «Математическая теория игр – есть теория принятия оптимальных решений в условиях конфликта» тақырыбындағы мақалалары жарық көрді; 2010 ж.

«Этнопедагогика - жаһандану жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылық бастауы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2011 жылы 25 қарашада «Этнопедагогика - жаһандану жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылық бастауы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияны өткізудің мақсаты: келешек ұрпақ арасында халқымыздың этнопедагогикалық құндылықтарын дәріптеу, күнделікті өмірде қолдануға үйрету. Колледж ұжымы атқарған жұмыстар көрме, дефилье, айтыс, қойылым түрінде қатысушылар назарына ұсынылды. Конференция жинағына 100-дей мақала жинақталып, баспадан жарық көрді. Конференцияда жүргізілген 3 секцияның бірі онлайн жүйесінде өткізілді.

«Жарқын болашақ – тұрақты даму кепілі» атты инновациялық идеялар жәрмеңкесі

«Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткен «Жарқын болашақ – тұрақты даму кепілі» атты инновациялық идеялар жәрмеңкесінде «Тұрмыстық жағдайда түзілген метан газын тиімді пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жоба З-9-13 оқу тобының 3курс студенті Жаңбыр Сұлтан ғылыми жетекшілері Г.Досжанова мен Г.Маханованың жетекшілігімен 3 орынға ие болды.

«Жарқын болашақ – тұрақты даму кепілі» атты инновациялық идеялар жәрмеңкесінде

«Жарқын болашақ – тұрақты даму кепілі» атты инновациялық идеялар жәрмеңкесінде

Г.Досжанова мен Г.Маханованың жетекшілігімен «Тұрмыстық жағдайда түзілген метан газын тиімді пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жобаны З-9-13 оқу тобының 3курс студенті Жаңбыр Сұлтан жақсы қорғап шығып, ғылыми жоба арасынан іріктеліп өзінің ізденімпаздығымен ерекше көзге түсті. 75 ғылыми жобалардың ішінен 3 дәрежелі дипломға ие болып, Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықоатың бастамасымен ұйымдастырылған Қызылорда облысы жастарының VIII форумында сертификатқа ие болды.

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов Қызылорда облысы жастарының VIII форумында

Сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» корпоративтік қоры мен Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «ЕХРО-2017, Кемел келешек» инновациялық жобалар мен идеялар жәрмеңкесінде инновациялық технологияларды әртүрлі салаларға енгізу жолдары мен пайдалану барысында ой санасын дамытып, белсене қатысқаны үшін «Жел энергиясын пайдалану» тақырыбында ЭЛ-9-13Г оқу тобының студенті Алпамыс Ғазиз алғыс хатпен марапатталса, «Полимерлі материалдарды екінші ретті тұтыну» тақырыбында Оңдабай Луиза алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі – Г.С.Досжанова

«Полимерлі материалдарды екінші ретті тұтыну» тақырыбында Оңдабай Луизаның ғылыми жобасы (Жетекшісі – Г.С.Досжанова)

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының ХІІ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясының материалдарында жарық көрді

Астана қаласында өткізілген «Кәсіп жастары» атты техникалық шығармашылық көрмесі

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында Астана қаласында өткізілген «Кәсіп жастары» атты техникалық шығармашылық көрмесіне колледж студенттері Ю.Ильюк пен И.Коновалов қатысқан еді. Оған еліміздің әр өңірлерінен келген жас ғалымдар арасынан суырылып шығып, «Дербес компьютердің құрылысын зерттеу және диагностикалау» жобасы «жақсы» деп бағаланып, арнайы министрліктің дипломымен марапатталған-болатын.

Астана қаласында өткізілген «Кәсіп жастары» атты техникалық шығармашылық көрме Ю.Ильюк пен И.Коновалов

«Ғылым жастар негізі» атты инновациялық идеялар жәрмеңкесі

Колледжімізде сонымен бірге «Ғылым жастар негізі» атты инновациялық идеялар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жастардың ғылым мен техника және ғылыми ізденіс қызметіне деген қызығушылығын ояту, инновациялық мәдениетті қалыптастырып, инноватор мәртебесін көтеру өткізілген идеялар жәрмеңкесінің басты мақсаты. Жәрмеңкеге колледжің ізденімпаз оқушылары мен мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ Жалағаш, Төретам, Байқоңыр, Қазалы аудандарының мектептерінің оқушылары да ат салысты. Идеялар тоғысқан бас қосудың негізгі бағыттары:

-инженерлік-техникалық инновациялар;

-ақпараттық технологиялар;

-энергия үнемдеу технологиясы;

-экология және табиғатты пайдалану;

және тағы бір бағыты Маңғыстау политехникалық колледжімен он-лайн режимінде ғылыммен айналысатын жастарымен байланыс орнатты.

Ол «Оқу үрдісіне арақашықтықтан оқытуды енгізу мен оқу үрдісін ақпараттандырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында он-лайн режимінде республикалық семинар-практикум түрінде өткізілді. Бірнеше оқытушы Маңғыстау политехникалық колледжінің директоры т.ғ.к. Ж.К.Ниталиевтің алғыс хатына ие болды. Модераторлары: Г.С.Досжанова мен Қ.Ә.Балкаева

Колледжде оқытушылар халықаралық, республикалық, облыстық көлемде қйымдастырылып тұратын ғылыми конференцияларға өз еңбектерін үздіксіз жүргізіліп тұрады. Атап айтсақ, Досжанова Г.С.-ның ғылыми еңбектері:

- «Қазақстанда үздіксіз кәсіби білім берудің мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға

- «Полимерлі материалды екінші ретті тұтыну» мақаласы «Жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының ХХІІ Қ. Сәтпаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясында мақалам жарық көрді; 2012 жыл

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Этносы и культуры Евразии: история и современность» тақырыбында Х Еуразиялық халықаралық ғылыми форум «Проблемы этногенеза и этнической истории народов Евразии» бағытында «Ғұндар үшін жер маңызды» мақаласы баспаға берілді:2013жыл

- «Аdministrative responsibility for violation of the rules of waste production and consumption under the laws of the Republic of Kazakhstan» мақаласы Вторая глобальная конференция по вопросам окружающей среды (CENVISU-2014) Конференц-центр Отеля Quality Hotel Rouge et Noir 10-12 апреля, 2014 г., Рим, Италия баспаға берілді.

Нұрмаханова Л.,Елдеева Д.-ның «Жаңа инновациялық-ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бағдарлық жабдықтарды және құрал-саймандарды жасаудың тиімді жолдары» жолдары атты 11.12.2014 күні ғылыми жоба байқауы өтті.

24.11.2015 өткен «100 Нақты қадам: индустрияландыру, экономикалық өсім және біртектілік пен бірлік» облыстық ғылыми-теориялық конференциясында А.М.Джусупованың мақаласы жарық көрді.

А.М.Джусупованың «Материали за ХІІ международна научна практична конференция» София, 15-22-ти януари 2014 «Настоящи изследования и развитие - 2014» жарық көрді.

2015 жылғы ғылыми-әдістемелік жұмыстар

2015 жылдың 10 ақпанында «Техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушылары Жакупов Б., Раев С. «Техникалық кәсіби білім – ел болашағы» атты ғылыми тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Оған қала мектептерінің, оқу орындарының оқытушылары мен оқушылары келіп қатысты.

13 наурызда колледждің тарих пәнінің оқытушыларының Абдуова Ж., Ақпанов Қ., Кенжалиев Д., Дүйсенова Ж. ұйымдастыруымен «Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы» облыстық-ғылыми теориялық конференциясы болып өтті. Бұл туралы «Ғаламтор» баспасөзінде жарияланды.

В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОШЛА ОБЛАСТНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ»

В Кызылорде прошла областная научно-теоритическая конференция на тему «Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы», организованная Казахским гуманитарным юридическим и техническим колледжем.

В работе конференции приняли участие преподаватели и профессора высших учебных заведений региона, студенты колледжей и старшекласники. Гостей и участников приветствовал директор Казахского гуманитарного юридического и технического колледжа М.Тобашов.

В ходе пленарного заседания конференции обсуждены такие темы, как «Некоторые аспекты образования Казахского ханства», «Нашедшие приют в Казахстане в годы Великой Отечественной войны», «Конституция РК - опора государственности», «АНК – основа стабильности и согласия».

Участники конференции продолжили работу в двух секциях, где было заслушано около 30 докладов. Лучшие докладчики конференции были награждены благодарственными письмами и дипломами.

Колледждегі ғылыми еңбектер

Колледж директоры, т.ғ.к. М.Ш.Тобашовтың және а\ш ғ. магистрі А.М.Джусупованың Англияның Шеффилд қаласында өткен халықаралық ғылыми теориялық және практикалық конференциясының «CONDUCT OF MODERN-2014» November30 – December7. 2014 22 Materials of XI International Research and Practic conference» атты жинақта «Технология внесения ЖКУ с применением дождевальных машинах «Волжанка» и «Днепр» в кормовых севооборотах» мақаласы жарық көрді.

Колледж директоры, т.ғ.к. М.Ш.Тобашовтың және а\ш ғ. магистрі А.М.Джусупованың Англияның Шеффилд қаласында өткен халықаралық ғылыми теориялық және практикалық конференциясының «aREAS OF SCIENTIFIC THOUGHT -2014/2015» December 30 - January 7.2014 21Materials of XI International Research and Practic conference» атты жинақта «Техникалық қызмет көрсету орталықтарына жаңа технологияларды қолдану арқылы тиімділігін арттыру» мақаласы жарық көрді.

А.М.Джусупованың «Ұстындарды күшейтудің тиімді тәсілдері және қолданылуы» «Новината за напреднали наука-2015» материали за ХІ международна научна практична конференция 17-25 май 2015 София қаласында жарық көрді.

Сондай-ақ А.М.Джусупованың «Қайта құрылатын ғимараттардың жобалық ерекшеліктері» мақаласы «EUROPEJSKA NAUKA» XXI POWIEKA-2015 Будапешт қаласынан 07-15 мамыр 2015 жылы жарық көрді

«Экономикалық» пәндер оқытушылары Тоқатова Ж., Пірназарова А., Тельбаева И. «Қазақстан экономикасын жаңа инновациялық индустрияландыру жолдары» қалалық колледжаралық конференциясын 2015 жылдың 10 желтоқсанында өткізді.

«Алаш қозғалысы және қазақтың ұлттық идеясы» облыстық-ғылыми-теориялық конференция Ақпанов Қ., Кенжалиев Д., Кемелбеков М., Елимбетова Л.-ның ұйымдастыруымен 06.11.2015ж. болып өтті.

Конференция мақсаты: өскелең ұрпақты Алаш қайраткерлері және олардың ұлт-азаттық жолындағы идеясымен таныстыру

«Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде» атты ғылыми-теориялық конференциясын өткізді. Елдеева Д., Зұлқарнаева Қ. 2015 жылдың желтосан айының 08 жұлдызында өткізді.

А.М.Джусупованың Материали за ХІІ международна научна практична конференция «Настоящи изследвания и развитие-2016» 15-22 януари 2016 софия қаласында жарық көрді.

Колледж оқытушылары сондай-ақ әртүрлі ғылыми жобаларда сарапшы ретінде шақыртуға ие Атап айтсақ, А.М.Джусупова «Автобус для образования» ғылыми жобасына кеңес беруші-сарапшы болды.

08.12.2016 Елдеева Д., Зұлқарнаева Қ. ұйымдастырумен «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар – білім кеңістігінде» облыстық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Тажикова Г.Д. «Үздік жүйелерді басқарушы – 2016» ІТ-технология бойынша облыстық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырды.

Отепова Л. «Дуальді-бағдарлық білім беру жағдайында мектеп-колледж-жоғары оқу орны іс-әрекеттерінің интеграциясы» Ғалымдар мен Мұғалімдердің І республикалық конференциясына мақаласы жарияланды.

ҚТ-9-14 оқу тобының студенті Серікбай Жанат Мырзағалиева Раяның жетекшілігімен «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты мақаласы үшін «Ғылым және өмір» оқушылардың ғылыми теориялық конференциясында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына енді.

Қ.Мұхамеджанов ат. № 1 мектеп-гимназияның 100 жылдығына орай оқушылар арасында өткізілген «Ұлттық архив қорындағы Сыр өңірінің тарихы» атты ғылыми жобаға сарапшы ретінде Нұрғалиева Н.С. шақырылды.

Қызылорда облыстық өлкетану мұражайының мамандарымен бірлесіп, «Сыр елінің қазақ батырлары» тақырыптық ғылыми ізденушілермен жұмыс жүргізді. 14.04.2016 Ақпанов Қ., Дүйсенова Ж.

«Рухани жаңғыру - кемел келешек кілті» атты «Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің апталығы аясында «Ұлттың ұлы тұғырнамасы – рухани жаңғыру» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Ұйымдастырушылары: Дүйсенова Ж., Аралбаева А., Болатбек А.

Конференцияда 19 ғылыми жұмыс қаралды. Жүлделі 1 орынды Наурызбаева Әлия, 2 орынды Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінен – Нұрлыбаева Әсем, Абылай хан атындағы колледж студенті Сералиева Зерделі, 3 орынды Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің студенті Абдулла Аяулым, Шиелі индустриалды аграрлық колледжі студенті Асанбайұлы Ораз және Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенті Шопанбай Қайсар иеленді.

20 қазанда облыс колледждері арасында «Ұлттың ұлы тұғырнамасы – рухани жаңғыру» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Конференция мақсаты – Жолдау бағыттарының мәні мен жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарттарын ұғындыру, студенттерді елжандылыққа тәрбиелеу. Жауаптылар: Дүйсенова Ж., Аралбаева А., Болатбек Ә. Конференция 2 секция бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Конференцияға Қазалы гуманитарлық техникалық колледжі, Жаңақорған индустриялды аграрлық колледжі, Қызылорда медициналық колледжі, Болашақ университетінің колледжі, Шиелі индустриялдық аграрлық колледжі, Абылай хан колледжі, Ықсанов атындағы политехникалық колледжі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен 19 баяндама келіп түсті. 1 орынды Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің студенті – Наурызбаева Әлия, ІІ орынды - Қазалы гуманитарлық техникалық колледжінің студенті Нұрлыбаева Әсем, Абылай хан атындағы колледж студенті – Сералиева Зерделі, ІІІ орынды Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің студенті – Абдулла Аяулым, Шиелі индустриялдық колледжінің студенті – Асанбайұлы Ораз, Қызылорда медициналық колледжінің студенті – Шопанбай Қайсар иеленді. Сонымен қатар, Қазақ гуманитарлық заі және техникалық колледжінің студенті Абжамиев Досбол «Сөз шебері», Нұржанұлы Бауыржан «Үздік баяндамашы», Болашақ университеті колледжінің студенті Дауылбай Венера «Зерделі студент» номинациясымен марапатталды.

«Рухани жаңғыру – кемел келешек кепілі» атты «Физика, математика және информатика» пәндер апталығында «Білім ғылым негізі, ғылым өркендеу кепілі» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылары: Зұлқарнаева Қ., Сермаханов Р.

Ғылыми конференцияға облыс, қала мектептері арасында барлығы 19 оқушы қатысты. Конференция нәтижесінде 1-орын Қазақ гуманитарлық және техникалық колледжі, 2 орын Қармақшы ауданының №250 мектеп оқушысы және қаладағы №1 мектеп оқушысы, №171 мектеп оқушысы, 3- орын №233 мектеп, №144 орта мектеп оқушылары иеленді. Қалған оқушылар алғыс хат иеленді.

Сонымен қатар оқушылардың ізденімпаздығын және қызығушылығын арттыру мақсатында «Жас техниктер» атты ғылыми жоба байқауы өткізілді.

Апталық барысында жас ғалымдармен тәжірибе алмасу, жаңа идеялармен бөлісу мақсатында «Ғылымның шексіз сырлары» атты Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жас ғалымдарымен кездесу сағаты ұйымдастырылды.

27.10.2017 «Разработка структуры национальной спутниковой связи в среде Delphi 7.0» «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты VIII облыстық еңбек форумының «Өнертапқыш – 2017» байқауына Цаголов К. Мен Камнев Ю. қатысты. Ғылыми жоба жетекшісі – Сағынбеков А.

«Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты VIII облыстық еңбек форумының «Өнертапқыш – 2017» байқауына қатысқан ғылыми жоба «Дәнекерлеу құрылғысы» мен Жетекшісі: Искаков С.

Мұстафа Асхат, сондай-ақ «Қуат беру блогы» Жетекшісі: Ерімбетов Айдос

Мұстафа Асхат АВТ-9-15Г ұсынылды.

2017 жылдың қараша айының 15 –де ОҚО облысы, Арыс қаласы, Е.Молдабаев мектебінде «Ғылымға қадам» Бағыты: «Ғылыми-техникалық прогресс» Секция: «Жер және Космос туралы ғылымдар» республикалық ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Тәжмағамбет Абай

«Ғылымға қадам» Бағыты: «Ғылыми-техникалық прогресс» Секция: «Жер және Космос туралы ғылымдар» республикалық ғылыми жобалар байқауы өткізілді. АЖ-9-16 оқу тобының студенті Тәжмағамбет Абай 2 дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі Сағынбеков Айдос

«Цифрлы индустрияны дамыту – білім беру саласына берілген тың серпін» атты республикалық вебинар

Жуырда Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалының Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп, «Цифрлы индустрияны дамыту – білім беру саласына берілген тың серпін» атты республикалық вебинар өткізді.

Елбасымыз:«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз.

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек.»,-деп 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында кешенді міндет қойған-болатын. Осы орайда ұйымдастырылған вебинардың мақсаты:

- Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» идеясын қолдау;

- ІТ технологияның дамуына үлес қосу;

- цифрлық қызмет көрсету аясын білім беру ісінде қолданылып жатқан республикамыздың өзге өңірлеріндегі оқу орындарының тәжірибесімен бөлісу.

Республикалық вебинарға 30-дан астам оқытушылар қатысты. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан экономикалық-технологиялық «Мирас» колледжі, Қостанай гуманитарлық колледжі, Ақтөбе политехникалық колледжі, Орал политехникалық колледжі, Тараз техника және бизнес колледжінің оқытушылары белсене ат салысты. Вебинарға қатысушыларға сертификаттар берілді. Үздік мақалалар колледждің «Білім және инновация» республикалық оқу-әдістемелік, педагогикалық журналына жарияланды.

Әлібаева Айгүлдің Прага қаласында өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда «Студенттердің жеке тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығы» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

Әлібаева Айгүлдің Англияның Шеффилд қаласында өткен Халықаралық ғылыми конференцияда "Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлығын қалыптастыру – қазіргі білім берудегі басты талап" тақырыбында мақаласы жарық көрді.

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Ұйымдастырушылары: Сәндібекова Ж.Қ., Қошқарова Б.Б., Тоқатова Ж.Е, Тельбаева И.Д. Конференцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Бекешова Дана Айтбаевна әділқазылық етті. Конференцияда 22 ғылыми жұмыс қаралды. Қазалы аграрлық-техникалық колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, «Болашақ» университеті колледжі, Қызылорда қызметкөрсету және сервис колледжі, Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі, М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжінен оқушылар келіп ат салысты.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13
Дом №14
Дом №15
Дом №16
Дом №17
Дом №18
Дом №19
Дом №20
Дом №21
Дом №22
Дом №23
Дом №24
Дом №25
Дом №26
Дом №27
Дом №28
Дом №29
Дом №30
Дом №31
Дом №32
Дом №33
Дом №34
Дом №35
Дом №36
Дом №37
Дом №38
Дом №39
Дом №40
Дом №41
Дом №42
Дом №43
Дом №44
Дом №45
Дом №46
Дом №47
Дом №48
Дом №49
Дом №50
Дом №51
Дом №52
Дом №53
Дом №54
Дом №55
Дом №56
Дом №57
Дом №58
Дом №59
Дом №60
Дом №61
Дом №62
Дом №63
Дом №64
Дом №65
Дом №66
Дом №67
Дом №68
Дом №69
Дом №70
Дом №71
Дом №72
Дом №73
Дом №74
Дом №75
Дом №76
Дом №77
Дом №78
Дом №79
Дом №80
Дом №81
Дом №82
Дом №83
Дом №84
Дом №85
Дом №86
Дом №87
Дом №88
Дом №89
Дом №90
Дом №91
Дом №92
Дом №93
Дом №94

біз әлеуметтік желілердеміз: