Колледж қызметі | Психологиялық қызмет

Психологиялық қызмет

Психологиялық қызмет

Қазіргі заманда қоғамның әлеуметтік күйінің басты көрсеткіші, оның болашағы-балалардың психикасы мен мінез-құлқында ауытқушылықтар мен олқылықтар көптеп көрініс беруде. Бұрыннан қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас, әдептілік, имандылық бағытындағы кейбір дәстүрлер бұзыла бастады. Соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы дөрекілік пен тәртіпсіздік, балалардың физиологиялық-психологиялық және рухани жұтандығы көбейіп келеді. Болашағымызды рухани жұтаңдықтан, азғындықтан құтқару үшін, оны болдырмаудың алдын алу үшін өз деңгейінде ұйымдастырылған психологиялық қызметтің көмегі өте қажет. Осы орайда колледжде психологиялық қызмет кабинеті ашылды. Колледж психологтары Елеусінова Р.Т., Жалиева Н.Б., Әбдібаттаева Г.М. ұйымдастыруымен психология апталықтары, тренингтер, сұхбаттасу сәттері, сауалнама, кездесулер өткізілді

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар студенттерді білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау үшін мамандардың (психолог, мұғалім және т.б.) қатысуымен түрлі іс-шаралар, психологиялық апталықтар ұйымдастырылады. Олардың қызметін үйлестіріп, келісімдікпен және мақсатты бағыттылықпен жүзеге асырылуы үшін білім беру процесіне қатысушылардың барлығымен командалық тәсілде жұмыс жасалады. Колледж психологтары Елеусінова Р.Т., Жалиева Н.Б. ұйымдастыруымен «Өмірде өз орным бар...» ток шоуы өткізілді. Ток шоу кейіпкері «Құқықтану» мамандығының студенті Ускимбаева Зәуре.

Психологиялық тренингтер «Қарым–қатынас жасау мәдениеті дегеніміз не?» қарым-қатынас коррекциясын дамыту тренингі, «Аңыз ба әлде ақиқат па?» таным белсенділігін дамыту тренингі, «Өзіңді-өзің таны» қарым-қатынас коррекциясын дамыту тренингі, «Темекі шегу: сән бе, әдет пе, әлде ауру ма?», «Ұялы телефонның адам денсаулығына зияны» тақырыптарында психолог сағаттары жүргізілді.

Колледж оқытушыларынан «Мұғалімнің психологиялық портреті: өзін-өзі тануы» тестісі және П.Калининскийдің даралық сапа профилін анықтау сауалнамасы алынды. Ата-аналарынан «Қолыңыздан келе ме?», «Балаңызды түсіне білесіз бе?», «Сіз қандай анасыз?» сауалнамасы алынды. Оқушылардың темперамент типтерін анықтау мақсатында тест алынды, топ жетекшілеріне темперамент типтеріне байланысты баламен қарым-қатынас орнату жолдары ұсынылды.

«Сенімділік – ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты қарым-қатынас орнату негізі» тақырыбында топ жиналыстары, «Аутодеструктивті мінез-құлықты және суицидтің алдын-алу» мақсатында сауалнама алу, психодиагностикалық, психопрофилактикалық, психокоррекциялық және кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас, бір-бірімен түсіністігін, сүйіспеншілігін, өмірге деген көзқарасын дамыту. Тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру үшін педагог пен ата- ана тен дәрежелі серіктестікте болуды және арадағы серіктестікті нығайту. Бала тәрбиесіндегі бірлікті қамтамасыз ету. Ата-аналар бірлігін сақтау, өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Менің отбасым қазір және болашақта» психологиялық сағаты өткізілді.

«Отбасылық және қоғамдық агрессия: себебі мен салдары», «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері», «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқына ықпал ететін жағдаяттар», «Менің отбасым», «Өмірдегі сәтсіздіктерді жою жолдары», «Мен әлемді сүйемін шын жүректен» тақырыптарында тренингтер, «Досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын» тақырыбында сырласу кеші, «Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз!» атты денсаулық фестивалі ұйымдастырылды.

Қазан-қараша айларында оқу әрекетіне бейімделуін анықтау мақсатында 1 курс студенттері скринингтік зерттеуден өткізіледі. Топты зерттеу әдістемесі - Джекоб Морено ұсынған «Социометрия әдісі» көмегімен студенттердің: ұжымдағы орны, оның достары мен жолдастары, ұжымның ішкі құрылымы, ұжымдағы микротоптар, микротоптардағы тұлғааралық қатынастардың қалыптасуы анықталады.

Психологиялық қызмет кабинетінің жоспарлауымен төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді: 1.Психокоррекциялық жұмыс бағыты бойынша:. «Адамгершілік құндылық деген не?» таным белсенділігін дамыту тренингі; «Ренішті қалай кешіруге болады?» тақырыбымен қарым-қатынас коррекциясын дамыту тренингі; «Достық және махаббат» қарым-қатынас коррекциясын дамыту тренингі; «Өмір қымбат маған» қарым-қатынас коррекциясын дамыту тренингі; «Темекі ме! Оған уақыт жоқ!» таным белсенділігін дамыту тренингі; «Сұхбаттасудағы кедергілер» қарым-қатынас корррекциясын дамыту тренингі; «Қарым-қатынас жасау мәдениеті дегеніміз не?» тренингі өткізілді. 2.Психодиагностикалық жұмыс бағыты бойынша: Студенттер арасында «Жасөспірімдер және олардың проблемалары», «Жастар мәселесі бойынша туындайтын сұрақтар» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. 3. Ағартушылық жұмыс бағыты бойынша:Топ тәлімгерлерімен «Топ тәлімгерлерінің ұйымдастырушылық қабілетін арттыру жолдары» тақырыбында тренинг семинар өткізілді. Іс-тәжірибеден өтуге келген оқушылардың көмегімен колледж оқытушыларымен «Өзгелерді үйретіп жүріп, өзіміз де үйренеміз» атты тренинг өтті. Тренинг барысында «Кірпі», «Айна» т.б. жаттығулар жасалды. Топ тәлімгерлеріне студенттер ұжымына және студенттің жеке басына берілетін мінездеме үлгісі ұсынылды, оқу топтарымен педагогикалық консилиум өтті. Консилиум соңында ата-аналарға «Бала жүрегіне жол таба біл» тақырыбымен педагогикалық-психологиялық кеңес кітапшасы таратылды. 4. Психопрофилактикалық жұмыс бағыты бойынша: Жыл басында журнал арналып жүргізілген жұмыстар тіркеліп отырылды. Осы тіркеу негізінде топ жетекшілері ата-аналар және студенттермен жүргізілген психодиагностикалық және коррекциялық жұмыстар нәтижелерімен таныстырылды және әрбір ерекшелік бойынша жұмыс жүргізу бағыттары ұсынылды. Студенттермен өткен әрбір тренинг туралы қорытынды және ұсыныс топ жетекшілеріне таныстырылды.

Психологиялық-педагогикалық консилиум іс-әрекеттің келесі бағыттарын жүзеге асырады:

-ықтимал «қауіп тобын» анықтау мақсатында консилиумның барлық мамандары студенттердің скрининг-диагностикасын жүзеге асыруды;

-ықтимал «қауіп тобы» студенттері ішінен психологиялық-физикалық ауытқулары немесе БББ меңгеруде қиындықтары бар балаларды анықтауды;

- жеке диагностика өткізу және бала проблемасының мәнін анықтауды;

-даму ерекшеліктері бар студенттер үшін жеке түзете-білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және т.б.

Топ жетекшілерімен «Студенттерді психодиагностикалық зерттеу әдістері» тренинг-семинар, студенттермен «Жақсылыққа апарар жол» тақырыбында Дейл Карнеги ұсынған ережелермен таныстыру мақсатында психолог сағаты өткізілді.

1-курс студенттері мен өзге оқу орнынан келген студенттер үшін алғашқы ай бейімделу уақыты болып есептеледі. Бейімдеу жұмыстары бірлестік жетекшісінің, колледждің психологиялық қызмет орталығының жұмыс жоспарына, топ жетекшісінің тәрбие жоспарына енгізіліп, жоспар бойынша топ жиналыстары, психологиялық тренингтер, өзін-өзі таныту тренингтері, сауалнамалар жүйелі жүргізіледі. Топ жетекшісі студенттерді колледждің тиісті ішкі Ережелерімен, материалдық-техникалық базасымен таныстырады. Колледж психологтары Р.Т.Елеусінова, Н.Б.Жалиева, А.Абуталипова, Г.Абдибаттаева І курс студенттерімен «Тұлғаның мотивациялық құрылымын анықтауға арналған студенттердің бейімділік деңгейін зерттеу» тақырыбында «Әуенді шапалақ» танысу тренингін жүргізді және жаңа ортаға әлеуметтік бейімделуін, моральдық-психологиялық жағдайын анықтау мақсатында әлеуметтік-психологиялық зерттеу картасын толтырды.

біз әлеуметтік желілердеміз: