Колледж қызметі | Іс-тәжірибе | Іс-тәжірибе барысы

Іс-тәжірибе барысы

Оқушылар оқу-өндірістік іс-тәжірибеде

Өндірістік тәжірибе – оқу үдерісіндегі өндірістік жағдайда әртүрлі кәсіпорындарда білікті мамандар мен жұмысшыларды даярлаудағы тәжірибелік бөлігі. Өндірістік тәжірибе кезеңінде теориялық оқу-практикалық оқудың нәтижелері айқындалып, нақтыланады. Сондай-ақ студенттердің практикалық жұмыстағы дағдылары мен іскерлігі де назардан тыс қалмайды.

«Туризм» мамандығы оқушылары «Air Kazakhstan», «Никатур», «Акметур» туристік фирмаларынан келісім-шарт негізінде іс-тәжірибеден өтуде. «Саяхат» туристік фирмасы, «Қызылорда облыстық тарихи өлкетану» мұражайы, «КАИРИК»ЖШС Қызылорда облысының туризм және кәсіпкерлігі, «Молодежняя федерация спортивного туризма и туристического многобория» МОО, «Все я Всем» ИП «Карекаева Б» туристік агенттігімен келісім-шартқа отырған.

«Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алатын студенттердің іс-тәжірибеден өтуі үшін «Speak English Kazakstan» ЖШС ағылшын тілін үйрету орталығымен, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектебімен, №143 орта мектебімен, №14 «Самал» балабақшасымен, №7 орта мектеппен, «Жеті қазына» балабақшасымен келісім-шарт жасалған.

«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша студенттердің педагогикалық іс-тәжірибеден өтуі. Т.Жүргенов атындағы №136 орта мектепте ПНК-9-19 оқу тобының студенттерімен «Баланың мектептегі алғашқы күні» педагогикалық іс-тәжірибесі кезінде

«Бастауыш білім беру» мамандығында оқитын студенттер іс-тәжірибеден өту үшін «Қ.Мұхамеджанов атындағы» №1 мектеп гимназиясымен және «Н.Ілясов атындағы » №9 мектеп гимназиясымен, «ОрдаSchool» келісім-шарт жасаған. Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы №136 орта мектепте «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері «Баланың мектептегі алғашқы күні» педагогикалық іс-тәжірибесінен өтіп машықтанды.

«Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарың студенттері Қызылорда облыстық Соттар әкімшісі, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Қызылорда облысының Ішкі Істер Басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінен іс-тәжірибеден өте алады. Ол үшін келісім шартқа қол қойылған.

Сондай-ақ, Қызылорда облыстық сот-медициналық сараптама зертханасында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Криминалистика» дәрісханасында, Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде іс-тәжірибеден өтіп алған теориялық білімін тәжірибе арқылы бекітті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығында оқитын студенттер іс-тәжірибе кезінде «Бал-Бөпе» ЖМ , «Елігім» балабақшасы, «Алдияр-Қызылорда» ЖМ, «Ертегі әлемі», «Жас-Нұр Шөмекей» балабақшаларынан машықтанады.

«Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша іс-тәжірибеден өту үшін ЖШС «Тұлпар-Ай», ЖШС «Ком-Бизнес-М», ЖШС «ОрдаПринт», ЖШС «СырЖайықӨркендеу», ЖК «Бектибаев Б.Ш.», ЖШС «Қымбат және К», ЖК «Байжанова Айгуль» мекемелерімен келісім шартқа отырған. Сондай-ақ колледждің компьютер дәрісханаларында іс-тәжірибеден өтуге барлық жағдай жасалған.

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері №212 мектеп-гимназиясында, №39 орта мектепте, №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейде, Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спорттық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында, №9 мектеп-гимназиясында, №7 орта мектепте, №1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияда, №143 орта мектепте, №264 мектеп лицейде, №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінде, №4 Жеңіл атлетика спорт кешенінде, №4 Еуразия бассейн спорт кешенінде, Мұз айдыны спорт кешенінде, «Тарлан батырлары» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде, №253 орта мектептің «Балдырған» күндізгі тынығу лагерінде іс-тәжірибеден өтуде.

«Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығында оқитын студенттер “Ақжол” қонақ үйі, “Қызылорда” қонақ үйі, ”Самал” қонақ үйі, “Селена Стар” қонақ үйі,“Каир” қонақ үйі, “Айғаным” қонақ үйлерінде іс-тәжірибеден өтеді.

«Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтарының студенттері «Банк Центр Кредит» ААҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Цесна Банк» ААҚ , Халық банкінен, «Білім-инновация» Дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернаты, «Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі филиалының Қазалы жол станциясы», «МұнайТехСервисОрда» ЖШС, «Тыныс жолы» ЖШС іс-тәжірибеден өтіп өзінің теориялық алған білімін практикамен ұштастыруда.

«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша ЖШС «Байғасыр инженеринг», ЖШС «КазСтройЭксперт», ЖШС «Абу-Сер», ЖШС «Дәнекер КК», ЖШС «Азамат», ЖШС «Астана сервис LTD», ЖШС «ТуранПромСтрой», ЖШС «Қызылорда жолдары», Арал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, ЖШС «СырЖоба», ЖШС «ҚазҚұрылыс» компаниясы мекемелерімен келісім-шарт жасалып, студенттер іс-тәжірибеден өтуде.

Колледжімізде «Автоматтандыру және басқару», «Электрмен қамтамасыз ету», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарында оқитын студенттер үшін іс-тәжірибеден өту үшін қолайлы жағдай жасалған.

- электротехника және электроника зертханасы;

- автоматтандыру және басқару зертханасы;

- электрлік жарықтандыру және өлшеулер зертханасы;

- тігін шеберханасы;

- слесарьлық іс шеберханасы;

- автомобильге техникалық қызмет көрсету шеберханасы;

- электр жабдықтары және металды механикалық өңдеу мен пісіру шеберханалары соңғы заманауи үлгідегі кесу, тесу, бұрғылау-фрезерлеу станоктарымен жабдықталып, оқушылардың оқу-өндірістік практикасының сапалы әрі қызықты өтуіне мүмкіндік береді.

«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша іс тәжірибе «Алтын Мұрагер Қызылорда» ЖШС, «Автомастер» ЖШС, «Самғау» ЖШС, «СтройПроектКызылорда»ЖШС, «КазТрансГазӨнімдері» ЖШС мекемелерінде жүргізіледі. Сондай-ақ колледждің «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» шеберханасында іс-тәжірибе өтуге жағдай жасалған.

«Автокөлік құрылысы» дәрісханасында студенттер тұтыну бақылау өлшеу приборлары, батареялық тұтандыру жүйесі жөнінде мағлұматтар алады ал, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» шеберханасында оталдыру, салқындату, жарықтандыру және т.б. автокөлік жүйелерімен таныс болады.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13
Дом №14
Дом №15
Дом №16
Дом №17
Дом №18
Дом №19
Дом №20
Дом №21
Дом №22
Дом №23
Дом №24
Дом №25
Дом №26
Дом №27
Дом №28
Дом №29
Дом №30
Дом №31
Дом №32
Дом №33
Дом №34
Дом №35
Дом №36
Дом №37
Дом №38
Дом №39
Дом №40
Дом №41
Дом №42
Дом №43
Дом №44
Дом №45
Дом №46
Дом №47
Дом №48
Дом №49
Дом №50
Дом №51
Дом №52
Дом №53
Дом №54
Дом №55
Дом №56
Дом №57
Дом №58
Дом №59
Дом №60
Дом №61
Дом №62
Дом №63
Дом №64
Дом №65
Дом №66
Дом №67
Дом №68
Дом №69
Дом №70
Дом №71
Дом №72
Дом №73
Дом №74
Дом №75
Дом №76
Дом №77
Дом №78
Дом №79
Дом №80
Дом №81
Дом №82
Дом №83
Дом №84
Дом №85
Дом №86
Дом №87
Дом №88
Дом №89
Дом №90
Дом №91
Дом №92
Дом №93
Дом №94
Дом №95
Дом №96

біз әлеуметтік желілердеміз: