Колледж қызметі | Бірлестік жұмыстар | Физика, математика және информатика | Апталықтар

Апталықтар

2017 жылдың 04-09 желтоқсан аралығында «Физика, математика және информатика» пәндер бірлестігінің ұйымдастыпуымен «Рухани жаңғыру-кемел келешек кілті» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың өз мәнінде жүргізілуін қадағалау мақсатында әдістемелік кабинеттің өкімімен комиссия құрылған болатын.

Апталық аясында

2-Ашық сабақ, 2 -үйірме жұмысы,1 -кездесу, 5-сыныптан тыс жұмыс, 1-байқау,1-сайыс,1-ғылыми-теориялық конференция,1-ток шоу, 1-көрме өткізілді.

04.12.17ж. күні сағат 11.20да «Рухани жаңғыру-кемел келешек кілті» атты апталығының ашылуы болды. Апталықтың ашылуында физика математика және информатика мамандықтарында ақылы оқу тобында оқитын 1-курс студенттерін қамтылды.

Сонымен қатар осы күні 11.20да «Рухани жаңғырудың бір кепілі-әдістемелік жетістіктер» тақырыбында көрме өткізілді. Көрмеде «Физика, математика және информатика» пәндер бірлестігі оқытушыларының әдістемелік кешендері, жеке шығармашылық жұмыстары, әдістемелік-оқу құралдары көрсетілді. Көрменің ерекшелігі-жас мамандар өздеріне керекті көптеген материалдармен танысты.

Осы күні сағат 11. 40 та Г.Балкаева «Африкадағы дамушы елдер» тақырыбында ашық сабақ өткізіді.Сабақ барысы аралас сабақ түрінде өтілді.Студенттердің берілген үй тапсырмасы бойынша білімдері тексеріліп, бағаланды. Жаңа сабақ тақырыбына сәйкес дүние жүзі елдерін типке бөлінуі және топтасуы туралы жайлы мағлұматтар берілді.

05.12.17ж. Сағат 11. 30 да Өтепова Лиза, Жұмахметова Аида, Омарова Перизаттың үйымдастыруымен «Өнегелі өмір, ғибратты ғұмыр» тақырыбында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаевтың өмірі мен шығармашылығы арналған танымдық кеш өтті. Іс-шара барысында студенттерге А.Жұмаділдаевтың ғылым жолындағы еңбектерімен таныстырып, математика ғылымына, сол арқылы елімізге қосқан үлестері туралы жүйелі мағлұмат берілді.

05.12.17ж сағат 14.00 де Зәріпова Гүлзираның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Студенттердің еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілген байқауға барлық мамандықтардан студенттер қатысты. Ерекше өнерімен көрерменнің, қазылар алқасының ойыннан шыққан ШТ-9-16 оқу тобының студенті Карим Наргиз жүлделі І орынды жеңіп алды

Ұсыныс; Орыс оқу топтарынан студенттер қамтылса.

06.12.17ж Сағат 10:00 де Досжанова Гулжамила, Балқаева Құралай , Маханова Гулжан, Сермаханов Ринаттың ұйымдастыруымен «Цифрлы индустрияны дамыту барлық салаға берілген тың серпін» тақырыбында Республикалық колледжаралық Вебинар өткізілді. Алғашқы сөз директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рая Бодыққызына берілді. Қостанай, Шымкент, Тараз , Ақтөбе колледждерімен онлайн байланыста болып пікір алысты. Колледжің химия, биология пәнінің оқытушысы Маханова Гүлжан «Цифрлы индустрия білім саласында » тақырыбында баяндама оқыды.

Осы күні сағат 10.00де Баймаханов Бекбол, Оразбаева Райханның ұйымдастыруымен «Жас техниктер» обылыстық ғылыми жоба байқауы өткізілді. Байқау жоғары деңгейде өтті. Аудан, қала мектептері мен колледждерінен 14 қатысушы қатысты.

Ерекшелігі: Осы байқау арқылы қатысушылар болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өзін-өзі танып білуге, әрбір жұмысын шығармашылық оймен жасауды үйренді.

Осы күні сағат 16.00де Балқаева Құралай , Сермаханов Ринат, Сағынбеков Айдостың ұйымдастыруымен «Ғылымның шексіз сырлары» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жас ғалымдарымен кездесу өтті. Кездесуге Қорықыт Ата атындағы ҚМУ- нің «Экономакалық және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы,профессор Сағыидулла Сағынайұлы , Қорқыт Ата атындағы ҚМУ –нің «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Сәбит Ибадуллаұлы , Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің нің «Экономикалық және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы, экономика ғылымдарының деканы Нұрлан Серікұлы келіп студенттермен пікір алмасты.

07.12.17ж. күні сағат 12.00 де Зұлқарнаева Қарлығаш , Сермаханов Ринаттың «Білім ғылым негізі, ғылым өркендеу кепілі» тақырыбында облыстық ғылыми конференция өткізді. Ғылыми конференцияға облыс, қала мектептері арасында барлығы 19 оқушы қатысты. Жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызын түсіндіру мақсатында өткізілген конференцияда оқушылардың зерттеушілік қабілеттері шыңдалды. 1 орынды колледжіміздің АЖ-9-15 оқу тобының студенті Бекбаулов Мағжан иеленді

07.12.17ж. күні сағат 13.30 да Елеуова Айгерім Ф-9-16 оқу тобына «Экономикалық информатика және ақпараттық технология» пәнінен «MS Excel- де қаржылық функциялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ түрі аралас. Үй тапсырмасын сұрап, бағалау сайыс түрінде өткізді. Жаңа сабақ тақырыбы бойынша студенттерге қаржылық функцияларды қолдану және есептеу туралы мағлұматтар берілді. Оқытушының өзін ұстауы, дауыс, мәнері, теориялық білімі жақсы.

Сол күні сағат 15.00 де Маханова Гүлжан мен Досжанова Гүлжамила «Зерде» интеллектуалдық сайысын өткізді. Сайысқа қатысушыларға түрлі қызықты сұрақтар қойылып, сайыс тартысы өтті.

08.12.17ж. сағат 09.30 да Зарипова Гүлзира, Жұмахметова Айданың ұйымдастыруымен негізгі мектеп оқушылары арасында математика пәнінен қалалық олимпиада өткізілді. 2 турдан тұратын олимпиадада математикадан нағыз білімді оқушылар анықталды.

Осы күні сағат 11.40 та Маханова Гүлжан, Досжанова Гүлжамила, Зұлқарнаева Қарлығаш , Өтепова Лизаның ұйымдастыруымен «Селфи еріккенің ермегі ме?» тақырыбында ток-шоу өткізілді. Ток-шоуда қазіргі кезде ең маңызды тақырпқа арналған селфи туралы бейнероликтер көрсетіліп, селфидың зияны мен пайдасы туралы айтылады.Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең, оны тиімді адамның өзіне байланысты деген түйінге келіп, студенттерге телефонға тәуелді болмауды шақырды.

Ерекшелігі: Студенттердің телефонға деген тәуелділігін азайту, селфиге түскеннің зардабын көрсете отырып, студенттердің ойымен ашық бөлісті.

08.12.17ж. күні сағат 15.00 де Баймаханов Бекбол, Тажикова Гүлшара, Жұмахметова Айда, Сағынбеков Айдостың жетекшілігімен «Жас тапқыр және программист» тақырыбында үйірме жұмысы өтті. Барлығы 25 студент қамтылды, жаратылыстану пәндері бойынша тәжірбие жұмысын қазіргі заман талабына сай жүргізді.

Ерекшілігі: Студенттердің зерттеушілік қабілеті мен танымдық деңгейін арттырды.

Осы күні сағат 15.00 де Маханова Гүлжан, Досжанова Гүлжамила, Өтепова Лиза, Омарова Перизаттың жетекшілігімен « Жаратылыстанушылар, «Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы көрсетілді.

Ерекшілігі: Қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, қыз балдардың икемділігін, талантын дамытып, кесте, ою, тоқыма жұмыстарын жасатты.

біз әлеуметтік желілердеміз: