Колледж қызметі | Бірлестік жұмыстар | Дене тәрбиесі және АӘД | Ашық сабақтар

Ашық сабақтар

«Дене тәрбиесі және АӘД» пәндер бірлестігі

22.01.-26.01. 2018 ж.ж. аралығында «Ұлттық құндылықтар негізінде мамандар даярлау-рухани жаңғырудың негізі» апталық аясында

23 қаңтар күні Д-9-17 оқу тобына өткізілген «Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау» ашық сабағы

Ашық сабақ 0402000-«Дизайн» мамандығының І- курс Д-9-17 оқу тобында Алғашқы әскери дайындық пәнінен өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау туралы түсінік беру. Атыс дайындығы сабақтарында қаруды ұстаудың қауіпсіздік шараларын сақтауды үйрету, автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстауды үйрету, оны дұрыс қолдану қабілеттілігін арттыру;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, плакат «Калашников автоматы», «Калашников» автоматы макеті, видеофильм.

Барысы: Оқытушы оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аударып, «Миға шабуыл» арқылы жаңа тақырыппен таныстырды. Жаңа сабақты өтуде дайындалған презентациямен жұмыс жүргізді. Презентация 13 бөлімнен тұрды: тақырып, және анықтамалар мен суреттер, автоматты тазалау барысында қамтылатын іс- әрекет ережелері қамтылды.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтарға әр оқушының жауап беруімен жүргізілді.

Жаңа сабақты бекіткеннен кейін үйге берілген «Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері» тақырыбын қайталау туралы тапсырмаларды сұрау үшін оқушыларды түстер таңдау арқылы екі топқа бөлді.

Екі топ үй тапсырмасы бойынша дайындап келген презентацияларымен таныстырып, өз ойларымен бөлісті. Топ басшылары критерий бойынша бағалау парағымен жұмыс жасай отырып топ мүшелерін бағалап отырды.

Тараудың қорытынды сөзін оқытушы слайд арқылы түйіндеді.

Үйге тапсырмаға «Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау» тақырыбына топпен жұмыс берілді.

Бағалау парағының көмегімен 3 оқушыға «5», 4 оқушыға «4» деген баға қойылып, 7 оқушы бағаланды.

Сабаққа 11 оқытушы қатысты. Ашық сабақ талдамасы бойынша 100% бағаланып жоғарғы балл «4»-ті иеленді.

біз әлеуметтік желілердеміз: