Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі | Ата-анаға

Ата-анаға

Ата-ананың міндеттері:

Баланың оқуға деген ынта-ықыласын дамыту, оның тәртібін, жаңа білім мен дағдыны игеру барысындағы табандылығы мен дәйектілігін қалыптастыру және қолдау көрсету;

Топ жетекшісімен баланың сабақ үлгерімі мен тәртібіне сәйкес үнемі тығыз байланыста болу;

Баланың тұратын мекен жайына сәйкес жергілікті емханаға есепке тұруын, ауырған жағдайда мамандарға қаралуын және тиесілі медициналық көмек алуын қадағалау;

Баланың бойындағы, көңіл – күйіндегі өзгерістерді үнемі бақылап отыру;

Әр түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты пайдалы ақыл кеңестер беруге тырысу;

Баланың жас ерекшеліктерін ескеру, балаға кеңес бермес бұрын колледж психологынан немесе топ жетекшісінен кеңес алып, тығыз байланыста болу;

Баланың достарының қандай екенін ертерек анықтау;

Баланы колледжде және колледжден тыс уақыттағы тәрбиесін үнемі қадағалап отыру;

Баланың болашағына – отбасындағы тәрбиенің елеулі әсер тигізетінін ұмытпау;

Әрбір баланың жеке пікірі тыңдалып, өз құқығын қорғауға, өзіндік «Менін» сақтауға ықпал жасау;

Ата-ананың ҚҰҚЫҚТАРЫ:

1. БАЛАСЫНЫҢ САБАҚҚА КЕШІКПЕУІН, САБАҚТАН СЕБЕПСІЗ ҚАЛМАУЫН ҚАДАҒАЛАУҒА;

2. КОЛЛЕДЖ ЖАРҒЫСЫНА СӘЙКЕС ОҚУШЫНЫҢ КОЛЛЕДЖ ФОРМАСЫН САҚТАУЫН ҚАДАҒАЛАУҒА;

3. БАЛАНЫҢ САБАҚТАН ТЫС ІС - ШАРАЛАРҒА ҮЙІРМЕ ЖӘНЕ СЕКЦИЯЛАРҒА, КОЛЛЕДЖШІЛІК ЖАРЫСТАРҒА ҚАТЫСУЫН БАҚЫЛАУҒА АЛУҒА;

4. БАЛАНЫ САБАҚТАН БОС УАҚЫТЫНДА ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС КЕЗДЕРІНДЕ ҚАРАУСЫЗ ЖІБЕРІП, ТӘРТІПСІЗДІК ЖАСАУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУГЕ, БАЛАНЫҢ УАҚЫТЫН ҮНЕМДІ, МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА;

5. БАЛАНЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЖҮРУІНЕ, ДЕНСАУЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНБАУЫН ҚАДАҒАЛАУҒА;

6. АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРҒА, АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУҒА;

7. БАЛАҒА ҚОҒАМДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ЖҮРУ ТӘРТІБІН ҮЙРЕТУГЕ;

8. БАЛАҒА САҒАТ 23.00 ДЕН БАСТАП, ДАЛАДА ЖҮРУІНЕ ТЫЙЫМ САЛУҒА;

9. БАЛАҒА ПАТРИОТТЫҚ, РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІКТІК ТӘРБИЕ БЕРУГЕ;

10. БАЛАНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА СӘЙКЕС ӨМІР СҮРУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУҒА;

11. БАЛАНЫ КЕЗ-КЕЛГЕН ДІНИ, БАСҚА ДА ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕР ЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДАН ҚОРҒАУҒА ҚҰҚЫЛЫ.

Ата – анаға арналған жаднама

(Сіздің балаңыздың сеніміне ие болу үшін көмек көрсететін кеңестер)

1. Әңгімелесу. Балаңыздың жасына, өзіңіздің қатты шаршап отырғаныңызға қарамай, балаңыздың және өз жұмыстарыңыз туралы әңгімелесіңіз. Есіңізде болсын баланың сеніміне айырылу бұл үлкен – орны толмас жоғалған дүние, ал сеніміне қайта ие болу өте қажырлы еңбекті қажет етеді.

2. Сөйлесу. Балаға оны жақсы көретуіңізді айту керек. Егер осы уақытға дейін айтуға ұялып жүрсеңіз, бүгін әлі кеш емес. Бала жасына қарамай, әр қашанда оны жақсы көретінін естігісі, мейірімді көздерді көргісі келеді. Қымбат заттар ешқашанда балаға деген махаббатыңыздың орнын толтыра алмайды.

3. Әңгіме кезінде балаңызды тым болмаса бір рет маңдайынан, қолынан сипап өтуге тырысыңыз. Бұл әңгіме барысындағы өте маңызды сәт, бірақ жиі-жиі аялау қажет емес, ол баланың ашу-ызасын туғызуы мүмкін. Сүюмен баланы жаман үйретпеңіз, бұл баланы, әсіресе өтпелі кезеңде қатты ұялтады.

4. Сенім. Балаңызбен сіздің араңызда сенім бар болған жағдайда, балаңыздың өміріндегі өте маңызды даму кезеңі-өтпелі жасты өткізіп алмайсыз. Ата-ана өзіңіздің осы уақыттыңызды анығырақ көз алдыңызға адал елестетіп алыңызшы. Талдап көріңіз, сол кезде сіздің ата-анаңыз нені айтпай қалды, жолдастарыныздан қандай теріс ақпарат алдыңыз.

5. Егер сол уақытты қайтара алсаңыз бүгін сіз нені өзгертер едіңіз. Сіздің адал жасаған талдауыңыз балаңызды осы қиын кезде жақсы түсіну үшін көп көмек береді және сіздің балаңызбен сенімді орнатуыңызға жеңілдік болады.

6. Құрметті ата-ана есіңізде болсын! Сенім бұл баланың сіздің алдыңызда күнделікті жан дүниесін ақтарып салу емес. Сенім-бұл баланың өзі жасаған қылығына жауапкершілігі және соған сіздің көмегіңізбен ашық талдау жасай білуі.

7. Егер сіз балаға бірнеше рет өтірік айтқан болсаңыз, ол да міндетті түрде сізге де өтірік айтады. Аз ғана өтіріктен үлкен өтіріктер туады.

8. Баланы тәртіпке келтіру кезінде кезінде ешқашанда сіздің балаңыз басқаның баласына қарағанда жаман, ұқыпсыз, ақылсыз, тәртіпсіз, жарамсыз екенін айтпауға тырысыңыз. Бұл дегеніңіз, бүгін сіз балаңыз «жақсы» болғаннан кейін жақсы көріп тұрғанызды, ал «жаман» болған уақытта жақсы көрмей қалғанызды көрсетеді, егер ертең өзін жақсы ұстаса, сонда ғана жақсы көретініңізді, соны өзіңізде сезіктенбей қаласыз. Шындығында сіз балаңыздың жан дүниесін төңкеріп салдыңыз. Бала санасына келесі ақпаратты қабылдайды. «Егер ең жақын адамдардың махаббатын жақсыға сатып алуға болса, бүкіл әлемде сатылмақ» осыдан кейін таңғалмаңыз, егер сіздің балаңыз қатыгез, мейірімсіз, арсыз болып бара жатса. Балалар өздерін сіз жақсы көретіндей етіп көрсете алмайды. Сіз оларды сол қалпында қабылдағыңыз келмейді. Ал балалар сіздің сатқындығыңыз үшін өшігеді, кек алуға тырысады. Бұл ашулы мінез-құлық баланың кейінгі бүкіл өмірі бойында бірге жүруі мүмкін.

9. Егер сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңыз дұрыс қалыптаспаса, міндетті түрде маманға шағымдану қажет. Тек балаға ғана мұғалімдердің немесе психологтың көмегі керек, ал маған керек емес деген ойда болсаңыз сіздің пікіріңіз қате болады. Өзіңізді өзгертуге дайынсыз ба соңы ең бірінші өзіңіз үшін анықтап алыңыз. Бұл өте қиын, ал балаға одан да қиын, оған сізден басқа ешкім көмек бере алмайды.

10.Кітапты көп уақыт қолыңызға алмай кеткеніңізге қарамай, уақытыңыз қаншалықты тығыз болса да, жұмыстан қолыңыз босамай жатсада, сізге мамандардың ұсынған кітаптарын міндетті түрде оқып шығу керек. Жалқаудың өрісінде тек қана арамшөп өседі, ал үлкен ұқыптылықпен өңделген өрістен мол өнім аласыз.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің құжаттары бойынша

Ата-аналарға психологиялық кеңес

1. Отбасыларыңызда, балаларыңызбен ішкі мәселелерді ашық айтуға тырысыңыздар.

2. Өз балаларыңызға өмірде мақсатқа қалай жету қажет екеніне, талап етіңіздер.

3. Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар.

4. Әр бастаған жұмыстарын, сөзбен және іспен қолдап отырыңыз.

5. Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз.

6. Болашақ балаларыңызды жақсы көріңіз, мұқият болыңыз, бұл әсіресе өте қажет.

Психологиялық зорлық-зомбылыққа шалдыққан балалардың ерекшеліктері:

· Психологиялық дамуының кідіруі;

· Үлгерімі мен зейінінің төмендеуі;

· Өзіне деген төмен көзқарас;

· Агрессия, ашу түріндегі эмоционалдық бұзылулар көңіл-күйінің болмауы;

· Шамадан тыс көңіл бөлуді талап ету;

· Көңіл күйзелісі, өз-өзіне қол жұмсауы;

· Құрбыларымен қарым-қатынасының бұзылуы «жағымпаздық, жасықтық немесе керісінше менмендік);

· Өтірік айту, ұрлық жасау,

· Жүйке-психикалық және психосоматикалық аурулар: неароз, энурез, кекештік, ұйқының бұзылуы, тәбетінің бұзылуы, тері аурулары, астма.

Психологиялық зорлық-зомбылық жасайтын ересектердің мінез-құлықтарының ерекшеліктері:

· Жабырқау көңіл күйде жүрген балаларды жұбатпайды;

· Көпшілік жерде балаларға тіл тигізіп, бала, ғайбат, қорлайды, күлкі-мазаққа айналдырады.

· Бала балалармен салыстырып, көбінесе оның мінезінің жаман жағын көрсетіп, үнемі жоғары сынмен қарайды;

· Өзінің жолының болмағанын баладан көріп, барлығына баланы кінәлап, оған негізсіз кінә сезімін ұялатады.

Бала тұрмыста психикалық зорлық-зомбылыққа шалдыққан жағдайда бұны колледж психологына немесе тұрғылықты жері бойынша емханаға апарып, бірден куәландыру керек. Педагог немесе колледж психологы оқиғаның әлеуетті куәгерлерінің тобын міндетті түрде анықтауы тиіс. Негізінен психологиялық зорлық-зомбылықтың куәгерлері ретінде баланың бауырлары мен әпкелері болуы мүмкін және олар да сол тұрмыстық жәбірлеушіге тәуелді болуы мүмкін,бұл қосымша қиындықтарды тудырады.

Есте сақтаңыз! Осындай маңызды істі ертеңге қалуға болмайды.Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактін анықтаған педагог немесе колледж психологы осы жағдайдың мән-жайына жету өтінішімен колледж директорына жазбаша өтінішпен жүгінуі тиіс.Директор мен өзге колледж қызметкерлері қолданған шаралар оң нәтиже бермеген жағдайда полицияға(кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі колледждегі учаскелік полиция инспекторына), Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға немесе тұрғылықты жері бойынша прокурорға тиісті шараларды қолдану туралы өтініш білдіруі тиіс.

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

· Колледж білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

· Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

· Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

· Колледж туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз.

· Колледж – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

· Колледжішілік және топтағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

· Өз балаңыздың колледжден тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған колледжде қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

· Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

· Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін қадағалап отырыңыз.

· Өз мүмкіндігіңізге қарай колледжде өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

· Өз еріктерімен әрбір ата-ана колледжге ұйымдастырушылық, ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

· Колледж ішінде, дәрісханада бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

1. Топ жетекшісі;

2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);

3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

4. Әлеуметтік педагог;

5. Колледж басшысы.

Ата – аналарға арналған кеңестер

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге дағдыландыру.

7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.

13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.

біз әлеуметтік желілердеміз: