Колледж қызметі | Тәрбие жұмыстары | Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы" 2001 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығы шыққан болатын. Осы орайда колледжде оқушылар арасындағы, оқытушылар арасындағы спартакиадалар, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Еліміздің даму бағытын бекіткен « Қазақстан – 2030 » бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік манызды бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген. Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, дұрыс өмір сүру бағытындағы игі іс-әрекет. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу үшін колледжімізде «Біз жастар адалдық бірге соғар жүрегі», «Жат қылықтан аман болайық!», «Салауатты өмір салтын сақтау, болашақ өмірді жақтау», «Ұзақ өмір сүру өз қолыңда!» «Темекіні таста, алмаға айырбаста!», «Дүниежүзілік ЖИТС күніне қарсы күрес» акциялары өткізілді.

Оқушылар мен жастардың өз денсаулығына жауапкершілік қатынасын орнату дағдысына негізделген, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал ететін, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз ететін , салауатты өмір салтын ұстануға, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастыратын дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында көптеген іс-шаралар жүргізілді.

Елбасының «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиясын, жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын, ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 жарлығымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18-қыркүйекте қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қызмет атқарады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы төмендегі бағыттарды қамтиды:

Инфекциялық дерттер мен туберкулездің алдын алу;

Ана мен баланың денсаулығын сақтау;

Репродуктивті денсаулық (Ұрпақ келтіру);

Жыныстық жол арқылы таралатын науқас (ИППП) және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ВИЧ/СПИД) дерттерінің таралуынан сақтандыру;

Шылым шегу және арақ ішуді шектеу, нашақорлықтың алдын алу

Колледжімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Орталықпен бірлесіп колледж оқушылары арасында түрлі акциялар, семинарлар, тренингтер, дебаттар және т.б. өткізілді.

7 сәуір – Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Ұзақ өмір сүру өз қолыңда!» атты акция

7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулыққа 7 қадам» денсаулық марафоны бойынша Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлескен «Темекені таста – өзіңнен баста» тақырыбында үндеу акциясын өткізді. Акцияға колледжіміздің 300 дей жастары қатыстырылды. Акцияның мақсаты 6-шы қадам зиянды әдеттерден аулақ болуға, өз өмірін қорғау үшін белсенді түрде атсалысып салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Акцияның негізі Елбасының " Қазақстан -2030" бағдарламасы аясында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін белгіленген негізгі 3 бағыт "Темекі шегуді тоқтату", "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес", "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес" нақты бағыттары бойынша жүргізілді. Кештің басты мазмұны етіп «Денсаулық - байлық негізі» деген жастарымыз өз тараптарынан ән-шашу, заманауи өлең жырларын арнап, барлық жастарға рухани қолдау көрсету барысында композициялық флешмоб ұсынды. Кеш соңында жастар атынан сөз алған колледж белсендісі Әбіл Серік жастарға арнайы Үндеу оқыды. Өткізілген іс-шараға, ұйымдастырушы жастарға ризашылығын білдірген Облыстық СӨС орталығының басшысы осы шара бойынша белсенді қатысушыларға колледжіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елеусінова Раушан Тәжмағанбетқызына, «Жігер» жастар ұйымының жетекшісі Әбдібаттаева Гүлнар Мәуленқызына колледж белсенді жастары Әбіл Серікке, Жетесова Сымбатқа өз тараптарынан алғыс хаттарын табыстады.

Акция барысында колледж оқушылары темекі мен арақтың, есірткінің салдары жөнінде сахналық қойылымдар қойып, концерт берді. Темекі мен есірткінің арақтың зияны жөнінде түрлі лозунгтер әзірленіп, денсаулыққа зияны жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыптық ақпараттық танымдық материал таратылды.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 12 мамыр Дүниежүзілік артериялдық гипертонияға қарсы күрес күні аясында тұрғындардың артериялды қан қысымын анықтауға жұмылдыру, өз қан қысымын тексеруді үйрету, артериялды гипертония ауруының туындауының себебі мен дер кезінде анықтаудың маңыздылығын түсіндіру, аурудың алдын алу шаралары туралы ақпарат беру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру мақсатында «Артериялық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз!» атты ұранымен Денсаулық акциясы өткізілді.

Акция барысында қан қысымын өлшеу, қандағы қант пен холестирин мөлшері анықтау, дене салмағының индексі мен бойын анықтау сияқты медициналық көмектер жүргізілді.

2017-2018 оқу жылының 1-10 желтоқсан аралығында 1 желтоқсан – ЖИТС-ке қарсы бүкіләлемдік күрес күніне орай іс-шаралар өткізілді. Медбике С.Килыбаева медпункт жанынан буклеттер мен кітапшалардан бұрыш ұйымдастырды. 1-2 курс оқушылары арасында эссе, «ЖИТС ауруының белгілері және олардың алдын-алу шаралары» тақырыбында Қазақ тіл және экономика бірлестігінің ұйымдастыруымен жат жазу жазылды. Оқушылар арасында «ЖИТС жайлы не білеміз?» тақырыбында сауалнама, «ЖИТС-ке жол жоқ!» плакаттар сайысы жүргізілді. Осы күндері «Дене тәрбиесі және АӘД» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Спорт болсын серігің» эстафеталық жарысы және «Өз өмірің өз қолыңда» СӨС орталығы мамандарымен бірлесіп акция ұйымдастырылды. Жастарға өз болашағы, ұрпағы, мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, салауатты өмір салтын сақтауға шақыратын үндеу тасталды. «Өз өмірің өз қолыңда» тәрбие сағаты, «Сақтан ұрпақ, ЖИТС деген қатерден!» СӨС орталығы мамандарымен, «Сыр мен сымбат» қыздар сырласу клубының кезекті отырысы «Шапағат» жастар орталығының мамандарымен кездесу өткізілді.

«Дені саудын – жаны сау» тақырыбындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары Г. Алмурзаева, Н.Аяповалармен кездесуде зиянды әрекеттердін алдын алу бағытын бейне, таратпа көрнекіліктер арқылы әнгімеледі. «Ұлттық ойын-ұлттық намыс аясында» ашық тәрбие сағаты өтті, «Спорттық өмір сыр шертеді» тақырыбында Қызылорда обылысына еңбегі сіңген белгілі жаттықтырушылармен кездесуге Қызылода қаласындағы №1-ші облыстық мамандандырылған балалар–жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің самбо күресінің жаттықтырушысы Успанов Мақсат Сәбитұлы, сол мектептің түлегі Дзю-до күресінен ҚР спорт шебері Наймантаева Гүлфайруз Мұрзақұлқызы қатысып, оқушылармен қызықты сұхбат құрды. Оқушылар арасында әскери сайыс «Жас ұрпақтын батырлығы – келешектің көрінісі» тақырыбында эстафеталық жарыс өткізді. Қыркүйек айының 07 жұлдызында «8 қыркүйек – Отбасы күні» мерекесіне байланысты «Тәні саудың жаны сау» атты таңертеңгілік жаттығу жұмыстары жасалды. Халықаралық туризм күніне орай дәрістен тыс іс-шара жүргізілді.

Оқу топтарында «Нашақорлық өлімге әкеліп соқтырады» (Д-9-13) атты пікір-талас, «ХХ ғасыр дерті», «СПИД-ғасыр дерті», «Темекі тартпағаның – денсаулықты сақтағаның», «Болашаққа мықты денсаулықпен» атты ашық тәрбие сағаты, «СПИД-болезнь ХХІ века», «Наркомания и общество», «Спид-проблема мирового общества», «ЖИТС – қасірет қақпаны» атты 1 желтоқсан – ЖИТС-ке қарсы дүниежүзілік күрес күніне байланысты СӨС мамандарымен бірлескен акция (Г.Шамсутдинова, А.Сыздықова) өткізілді. «Темекі мен арақтан аман болшы, жасөспірім!» (М-9-11Г), «Бақытың да, байлығың да – денсаулық», «Жат қылықтан жирен!», «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!», «Нашақорлық және құқық бұзушылық», «Салауатты өмір салты», «ЖИТС – ХХІ ғасыр індеті», «ХХІ ғасыр – есірткісіз ғасыр», «Жас өспірім және зиянды әдеттер», «Нашақорлықпен күрес», «ЖИТС-ғасыр дерті», «Темекі және наша» тәрбие сағаттары өз дәрежесінде өтті. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына қарасты 1курс оқушыларынан жасақталған футбол командасы облыстық, қалалық, түрлі тақырыпта қатысқан жарыстарынан тек жүлделі І орынмен оралуда. Атап айтсақ, «Наурыз-2013» техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында өткен шағын футболдан, 21.ХІІ.2013ж Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының ұйымдастырылумен жоғары және орта оқу орындары арасында жарыста, 16.ХІІ.2013. ҚР Тәуелсіздік күнінің атап өтуіне байланысты «Қазақ-Қытай» академиясы ұйымдастырған жарыста, «Тәуелсіздікке – 22 жыл» қала әкімінің кубогына жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы шағын-футбол жарысында І орын иеленген колледж командасы қала әкімінің кубогы және дипломмен марапатталды. 2017 жылы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында ұйымдастырылған шағын футболдан 1 орын иеленді.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13
Дом №14
Дом №15
Дом №16

біз әлеуметтік желілердеміз: