Материалдық-техникалық база | Колледж МТБ

Колледж МТБ

Материалдық-техникалық база

Колледж арнаулы орта кәсiптiк бiлiм беру орындарының нормативтiк талаптарына сәйкес оқу процесiн жүргiзудi қамтамасыз етуде жеткiлiктi материалдық-техникалық базаға ие. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы – ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген, «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы № 1430 қаулысымен бекітілген, «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейне материалдар), көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес келеді.

Оқу орны екі оқу ғимаратынан, шеберханадан және шаруашылық қосалқы ғимараттан тұрады. Оқу ғимараттарының жобалық қуаты 2000 орынды құрайды. 2014 ж. Студенттер үйі іске қосылды.

Студенттер оқытылатын пәндер бойынша ақпаратқа кітапхана, электронды кітапхана, оқытушы дәрістері мен қалалық кітапхана, ғылыми кітапханаларға бару арқылы сондай-ақ, Қазақстанның цифрлық кітапханасы «МЦФЭР» бағдарламасына қосылған бірыңғай кітапханалық қызмет көрсету жүйесін пайдалану арқылы қол жеткізеді.

Колледждің аудиториялық қоры оқу үдерісін сапалы ұйымдастыруды және стандарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Оқу корпустарының барлығы өрт қауіпсіздігінің автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған. Күзет корпус бойынша кезекшінің аралауы, сондай-ақ бейнебақылау жолымен жүзеге асырылады. Оқытушылар мен қызметкерлердің толыққанды жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасалған: ыңғайлы қызметтік үй-жайлар, электрондық кітапхана ресурстары, ғаламтор, компьютерлік техника және басқалары. Зертханалар, шеберханалар және оқу корпустарының қабаттары өртке қарсы құрал-саймандармен жарақтандырылған.

Колледжде мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сай заманауи оқу құралдарымен жабдықталған оқу кабинеттері, дәрiсхана мен зертханалар, шеберханалар жұмыс жасайды:

- электротехника және электроника зертханасы;

- автоматтандыру және басқару зертханасы;

- электрлік жарықтандыру және өлшеулер зертханасы;

- компьютерлік дәрісхана - 8 (Pentium-IV маркалы 360 компьютермен, 16 проектор, электрондық оқулықтармен жабдықталған 2 компьютерлік дәрісхана, 6 мультимедиялық кабинет, 8 локальдық жүйесі бар дәрісхана, 16 интерактивті тақта және колледж веб-сайты жұмыс істейді, лингафон; компьютерлерді диагностикалау және жөндеу шеберханасы;

- этнопедагогика;

- компьютерлік кабинет;

- компьютерлік зертхана;

- слесарлық шеберхана;

- дәрісхана залы ;

- қазақ тілі мен әдебиеті дәрісханасы;

- орыс тілі мен әдебиеті дәрісханасы ;

- жол қозғалысын ұйымдастыру;

- экономика және қаржы кабинеті;

- математика дәрісханасы;

- жолда жүру ережесі кабинеті;

- автомобиль қозғалысы кабинеті;

- сызу кабинеті;

- еңбек қорғау кабинеті;

- физика және астрономия дәрісханасы;

- химия және биология дәрісханасы зертханасымен (химия приборлар жиынтығы, сорғыш, шкаф, демонстративтік материалдар, коллекциялар, реактивтер, диск, слайд, стенділермен жабдықталған);

- география кабинеті;

- мемлекет және құқық теориясы кабинеті;

- алғашқы әскери дайындық ;

- спорт залы;

- теннис залы;

- күрес залы;

- тренажер залы;

- би залы;

- баспахана;

- кітапхана;

- оқу залы;

- 304 орындық акт залы;

- 90 орындық мәжіліс залы;

- медициналық қызмет көрсететін пункт;

- типография.

Студенттер мен колледж оқытушылары үшін қызмет көрсететін 180 орындық асхана және буфет жұмыс істейді.

Колледждің бас ғимараты құқықтық-экономикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға білім беруге арналса, ал №2 оқу ғимараты техникалық бағыттағы мамандықтарға арналған. Автомобильге техникалық қызмет көрсету, электр жабдықтары және металды механикалық өңдеу мен пісіру шеберханалары соңғы заманауи үлгідегі кесу, тесу, бұрғылау-фрезерлеу станоктарымен жабдықталып, оқушылардың оқу-өндірістік практикасының сапалы әрі қызықты өтуіне мүмкіндік береді.

2014 жылы 2800 шаршы метрді құрайтын төрт қабатты, 200 орындық студенттер жатақханасының құрылыс-монтаж жұмысы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, білім беру үдерісіне қажетті ақпараттық-техникалық жабдықтар бар: компьютерлік техникалар, интербелсенді тақталар, лингафон жабдықтары және олардың саны жыл сайын артып келеді. Колледждің материалдық-техникалық базасы оқу жоспарына сәйкес студенттердің зертханалық және практикалық жұмыстарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін өткізуді қамтамасыз етеді және санитарлық-техникалық нормалар мен үлгілік жоспар талаптарына сай жүргізіледі. Жыл сайын колледждің материалдық-техникалық базасы компьютерлік блок, зертханалық жабдықтар, оқу және кеңсе жиһаздары, спорттық құрылғылар, мультимедиалық және баспа жабдықтарын жаңарту, локальды желілер жүргізу, оқу ғимараттары мен Студенттер үйіне ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізу негізінде жаңартылып отырады.

Педагогикалық ұжым мен білім алушылардың конкурстарға және жарыстарға қатысуы үшін акт залы, би залы, мәжіліс залы, дебат клубы жабдықталған.

біз әлеуметтік желілердеміз: