Колледж қызметі | Бірлестік жұмыстар | Қазақ тілі және экономикалық пәндер | Апталықтар

Апталықтар

«Қазақ тілі және экономикалық пәндер» бірлестігінің 05.02.2018ж-12.02.2018ж.аралығында өткізген «Білім мен тәрбие берудегі инновация және тәжірибе – уақыт талабы» атты апталығының

Анықтамасы

2017-2018 оқу жылының 05.02.2018ж.-12.02.2018ж. аралығында «Қазақ тілі және экономикалық» пәндер бірлестігінің «Білім мен тәрбие берудегі инновация және тәжірибе – уақыт талабы» апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға экономикалық және педагогикалық білім бере отырып,нарық шаруашылығына және де педагогикалық бағытқа бейімдеу.Өтілген материалдарды қайталау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.Оқушылардың ойлау қызметін дамытып,өз беттерінше экономикалық пәндер бойынша білімдерінің кеңеюіне жағдай жасау. Оқушының білім,білік дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.Білім сайысында оқушылардың белсенділігін арттыруға,бірлікке,адамгершілікке,бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға тәрбиелеу.

2.Тәрбиелік: Сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып,оқушыларды этика және эстетикаға,еркін сөйлеуге,өз ойын ортаға салуға,өзгелердің пікірін тыңдауға,белсенділікке,күнделікті сабаққа кешікпеуге,тазалықты сақтауға,өзгелермен мәдени қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушыларды мейлінше жұптастыра,топтасып бір-бірінің ойын іске асыру арқылы берілген тапсырмаларды дұрыс және толық орындатуға дағдыландыру.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білімін бағалау,ой-өрісін кеңейтіп,тұжырымдар жасап,өз ойларын айта білуге төсілдірумен қатар шығармашылық қиялын дамыту.

Оларды:

- тыңдай білуге;

- жұмысты ұқыпты орындауға;

- өз бетінше жұмыс істеуге;

- қиын-қыстау кезеңнен шығатын жол табуға;

Апталықта қолданылатын көрнекіліктер: билбордтар,плакаттар,слайдтар,бланкілер,сұрақ-жауап жазылған карточкілер,интербелсенді тақта және т.б.

Апталықтың өткізілуі:

1.Ашық сабақ

2.Топаралық сайыс

3.Мектеп оқушылары арасындағы сайыс

4.Практикалық тапсырмаларды орындау

5.Ашық тәрбие сағаттар

6.Колледжаралық конференция

Бірлестік апталығының 14 іс-шарадан тұратын жоспары алдын-ала жасалған,бекітілген.Апталық барысында колледж ұжымы түрлі типтегі сабақтардың,сыныптан тыс жұмыстардың куәсі болды.Атап айтсақ,ашық сабақ,топралық сайыс,мектеп оқушылары арасындағы сайыс,практикалық тапсырмаларды орындау,ашық тәрбие сағаттары,және т.б.

2018 жылдың 05 ақпан күні сағат 11:20 -да оқытушылар Сауяева В,Асанова Д ұйымдастыруымен «Білім мен тәрбие берудегі инновация және тәжірибе –уақыт талабы» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.Алдын-ала фойеге апталықта болатын іс-шаралардың кестесі ілініп,бірлестіктерге шақыру қағаздары таратылды.Апталық ашылуы оқушылардың өз мамандықтарын таныстыру және жан-жақты байланыстар болып слайд түрінде ашылды.

Барлық іс-шаралардың мақсаты,өтілу формасы,жауаптылар таныстырылды.

Апталықтың ашылу салтанаты оқушылардың қатысуымен мамандықтарын аша білуі маңызды болып табылды.Апталықтың ашылуы әсем әндермен қорытындыланды.

2018 жылдың 05 ақпан күні сағат 16:30 – да Төсбай Н.ұйымдастыруымен «Бәрі де жылулықтан басталады» атты тренингі өткізілді.Бұл жерде студенттерді бір-біріне жылы қарым-қатынасқа,өзара сыйластыққа тәрбиелеу негіз болып табылады.

Пәндік олимпиаданың мақсаты-оқушылардың білім деңгейін бақылау,есте сақтау қабілетін дамыту,ҰБТ-ға дайындығын шыңдау,ғылым білімге жетелейтін ХХІ ғасыр идеялы жас ұрпақты қалыптастыру.Олимпиадаға қала мектептері оқушылары қатысты,атап айтатын болсақ:№1 мектеп-гимназиясы, №5 мектеп-лицейі, №6 орта мектебі, №10 мектеп-лицейі,№101 мектеп-лицейі,№264 мектеп-лицейі, №128,№173,№222 мектептеріне 25 оқушы қатысты.Олимпиада жоғары деңгейде өтті.Жеңімпаздар колледж директорымыздың Диломымен,Алғыс хаттармен марапатталды.

2018 жылдың 06 ақпан күні сағат 14:00 - де Сәндібекова Ж,Қошқарова Б,Тоқатова Ж,Прназарова А ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» Облыстық ғылыми – теориялық конференция өткізілді.Конференцияға аудан,қалалардың колледждерінен студенттер қатысып,өздерінің дайындап келген баяндамаларын оқыды.

2018 жылдың 07 ақпан күні сағат 10:00 –де атты Абылаева Ж ұйымдастыруымен «Ас – адамның арқауы» ашық тәрбие сағаты өткізілді.Салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға дағдыландыру,дұрыс тамақтану жолдарын көрсету.

2018 жылдың 06 ақпан күні сағат 15:00 –де Әлібаева А ұйымдастыруымен «Үздік студент – 2018» Бастауыш білім беру мамандығында оқитын студенттер арасында өтілетін байқау (І тур).Студенттердің сауатты жазуын қалыптастыру,дүниетанымын арттыру,қолөнерін дамыту,тәжірибе алмасу,мамандыққа баулу. Байқауға колледж оқушылары қатысып мараппатталды.

2018 жылдың 07 ақпан күні сағат 11:40 – та Қошқарова Б мен Телбаева И ұйымдастыруымен «Жас банкир» атты үйірме жұмысы топтар арасында көрсетілді.Сабақ барысында оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,студенттердің экономика пәніне деген қызығушылығын арттыру және де осы үйірме жұмыстары арқылы студенттерді өз мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру.

2018 жылдың 07 ақпан күні сағат 12:00 - де «Театр – өнер төресі» театр саңлақтарымен кездесу өтті.Ұйымдастырушылар:А.Сейтжанов,В.Сауяева.Кеш қонақтары:Хұсейн Әмір Темір Н.Бекежанов атындағы драма театрының жетекшісі,режиссер БегімоваҮ,Темірбеков Б,Төлепова З. – театр әдіскері.Әріптестер дайындалып келген қойылымдарын сахналап,көрермен көңілінен шыға білді.Оқушылар әріптестердің әрбір сөздерін ұйып тыңдады.Бұдан кейін театрға жиі барып тұратындарын айтты.Кеш соңында әріптестер мен оқушылар,ұстаздар суретке түсті, «Қазақстан - Қызылорда» теле арнасына түсірілді.

2018 жылдың 08 ақпан күні сағат 10:00 –де Әлібаева А ұйымдастыруымен «Үздік студент – 2018» Бастауыш білім беру мамандығында оқитын студенттер арасында өтілетін байқау (ІІ тур).Студенттердің сауатты жазуын қалыптастыру,дүниетанымын арттыру,қолөнерін дамыту,тәжірибе алмасу,мамандыққа баулу. Байқауға колледж оқушылары қатысып мараппатталды.

2018 жылдың 08 ақпан күні сағат 12:00 – де Сейтжанов А мен Нахатова Ж ұйымдастыруымен «Сөз сөйлейін термелеп...» атты жыраулар мен кездесу өтті.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлттық өнерімізді дәріптеу,насихаттау жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

2018 жылдың 07 ақпан күні

«Страхование,участники страховых отношений» «(дисциплина «Деньги,финансы,кредит») И.Тельбаеваның ашық сабағы өтті.Сақтандырудың барлық түрлерін қамтыған,оқушылар белсене қатысты.Сабақ жақсы деңгейде өтті.Сабаққа керек әдістемелік құрал дайындалып,сабақ жоспары күнтізбелік жоспар бойынша дайындалынды.Оқытушының өзін ұстау,ойын жеткізу деңгейі жақсы.Оқытушы сауатты,кәсіби түрде сабақты түсіндіріп өтті.Топ сабаққа белсенді қатысты.Сабақ балдық 4 жүйе бойынша 4-ке бағаланады.

2018 жылдың 15 ақпан күні «Театр – өнер төресі» театр саңлақтарымен кездесу өтті.Ұйымдастырушылар:А.Сейтжанов,В.Сауяева.Кеш қонақтары:Хұсейн Әмір Темір Н.Бекежанов атындағы драма театрының жетекшісі,режиссер БегімоваҮ,Темірбеков Б,Төлепова З. – театр әдіскері.Әріптестер дайындалып келген қойылымдарын сахналап,көрермен көңілінен шыға білді.Оқушылар әріптестердің әрбір сөздерін ұйып тыңдады.Бұдан кейін театрға жиі барып тұратындарын айтты.Кеш соңында әріптестер мен оқушылар,ұстаздар суретке түсті, «Қазақстан - Қызылорда» теле арнасына түсірілді.

2017 жылдың 15 ақпан күні А.Алибаеваның «Дене тәрбиесі сабағындағы еңбек қызметі», «Дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі ырғақ» пәнінен ашық сабақ өтті.Мақсаты:дене тәрбиесі сабағындағы еңбек қызметі,мәні ерекшелігін толық меңгерту.Топ үш топқа бөлінген:күш тобы,жылдамдық тобы,есептілік тобы.Сабақта фото суреттер әдісі қолданылады. (4 сурет және 1 сөз әдісі).Сабақ жақсы деңгейде өтті,оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.Сабақ баллдық жүйе бойынша 4-ке бағаланды.

2017 жылдың 15 ақпан күні «Коммерциялық банктердің несиелік саясаты» («Банк ісі» пәні) сабақтан тыс сабағы өтті.Мақсаты:Несие туралы түсінік беру,несие түрлері мен несие алушылардың несие қабілеттілігін анықтау жолдарымен таныстыру.Ұйымдастырушы - Б.Қошқарова.Сабақ баллдық жүйе бойынша 3,9 баллмен бағаланды.

біз әлеуметтік желілердеміз: