Колледж қызметі | Бірлестік жұмыстар | Қазақ тілі және экономикалық пәндер | Ашық сабақтар

Ашық сабақтар

2018 жылдың сәуір айының 12 жұлдызында ҚТ-9-16 оқу тобына «Өзін-өзі тану» Алибаева Айгүл Ерғазықызының «Қызмет етем халқыма...»» тақырыбында ашық сабағы өтті.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді туған жерін сүюге, қоғамдық мүддені ойлауға, адал қызмет етуге үйрету, мемлекетшілдік сананы қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: мемлекет пен мемлекеттік құндылықтарды қадірлеуге, ел мен ұлтқа қызмет ету – ең қасиетті борыш екенін түсіндіру;

Дамытушылығы: жеке мүддеден гөрі, халық мүддесін ойлауға, Отанға қалтқысыз қызмет етуге үйрету;

Тәрбиелігі: еңбекқорлыққа, адалдыққа, мейірбандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ

Әдіс-тәсілдер: талқылау,әңгімелеу, пікірталас, сыни тұрғыда ойлау, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: оқулық, интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, стикер.

Пәнаралық байланыс: психология, әдебиет, математика, бейнелеу өнері

13.02.-24.02. 2017 ж.ж. аралығында «Инновациялық технология - педагогикалық тәжірибе» атты онкүндік апталық аясында 24 ақпан күні өткізілген «Сыр сахнасының сардары» актер, ҚР халық артисі С.Б.Шотықовтың туғанына 80 жыл еске алу кешінің

АНЫҚТАМАСЫ

Мақсаты: оқушылармен актер, ҚР халық артисі С.Б.Шотықовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктермен бөлісу арқылы жас буын бойында патриоттық тәрбие мен рухани мәдениетін көтеруге және архивте сақтаулы жеке тектік қор иесінің құжаттарынан құралған көрмені таныстыру.

Кеш қонақтары:

1. актер, ҚР халық артисі С.Б.Шотықовтың жұбайы Хафиза апай;

2. С.Шотықовпен қызметтес болған ақын, режиссер О.Д.Нұрмаханов;

3. Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві басшысы Г.Т.Ахметова;

4. Колледж директоры, т.ғ.к. М.Ш.Тобашов.

Көрнекілігі: слайд, көрме.

Барысы: Кешті «Сыр сахнасының сардары» көрмесін таныстырудан басталып, актердің өмірбаяны оқылды.

Алғысөзді колледж директоры алып, С.Шотықовтың еңбегі және шығармашылығы жайлы ой бөлісті.

Сөз кезегін алған жұбайы Хафиза апай С.Шотықовтың жеке өмірі жайлы естеліктерін оқушыларға әсерлі әңгімеледі.

Ал режиссер Оңталап Дүйсенәліұлы актердің шығармашылығына тоқтала келіп, ол кісінің арнайы дипломы болмаса да бойындағы дара таланттың арқасында өнер әлемін бағындыруда жеткен жетістіктерін бөлісіп, жастарды еңбектенуге және рухани мәдениеттерін жоғары ұстауға шақырды.

Архив басшысы Гүлшат Төлепбергенқызы сөз кезегін алып, ҚР Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көзі ретінде жеке тектік қор иесі С.Б.Шотықовтың жеке құжаттарын архив қорына қалай жинап қалыптастырғандарына тоқтала келіп, колледж ұжымына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Оқушылар кеш барысында сұрақтар беріп, актердің тұлғасын жан-жақты ашуға ұмтылды.

Колледждің «Серпін» драма үйірмесінің жетекшісі В.Сауяева үйірме қоржынынан Бекжан Тұрыстың «Балам, саған айтам» қойылымынан үзінді тарту етті.

Колледж оқушысы Нұрсұлтанның орындауында Құрманғазының «Балбрауын» күйі тыңдалды.

Кешті колледж директоры Марат Шайхыисламұлы қорытындылап, Хафиза апайға орамал мен гүл сыйланды.

Кеште актердің өмірі мен шығармашылығ жайлы оқушылар өнеге алатын ғибратты естеліктер айтылды. Кеш соңында қонақтар мен оқушылар естелік суретке түсті.

13.02.-24.02. 2017 ж.ж. аралығында «Инновациялық технология - педагогикалық тәжірибе» атты онкүндік апталық аясында 16 ақпан күні Іскерлік мәдениет пәнінен өткізілген «Іскерлік кездесулер»тақырыбындағы ашық сабақ

Ашық сабақ 0510000-«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығының 3 курс ІС-9-14 оқу тобында Іскерлік мәдениет пәнінен өткізілді.

Мақсаты: болашақ іс жүргізуші мамандығы бойынша білім алушыларды іскерлік кездесу түрлерін білуге мен оларды ұйымдастыруды меңгерту;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, «Рrezi» презентациясы.

Барысы: Оқытушы оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аударып, «Миға шабуыл» арқылы жаңа тақырыппен таныстырды. Жаңа сабақты өтуде онлайн режимінде «Prezi» сайтында дайындалған презентациямен жұмыс жүргізді. Презентация 13 бөлімнен тұрды: тақырып, және кездесу түрлеріне анықтамалар мен суреттер, іскерлік кездесу барысында берілетін қонақасылар мен іскерлік этикет ережелерін қамтылды.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтарға әр оқушының жауап беруімен жүргізілді.

Жаңа сабақты бекіткеннен кейін үйге берілген «Қызмет әдебі» тарауын қайталау туралы тапсырмаларды сұрау үшін оқушыларды түстер таңдау арқылы екі топқа бөлді.

Екі топ үй тапсырмасы бойынша дайындап келген презентацияларымен таныстырып, Іскерлік кездесу кезінде сәлемдесудің әр елдегі түрлерін, Сөйлеу мәдениеті жайлы сонымен қатар Жиналыс өткізудің тиімді әдістерімен бөлісті. Топ басшылары критерий бойынша бағалау парағымен жұмыс жасай отырып топ мүшелерін бағалап отырды.

Тараудың қорытынды сөзін оқытушы слайд арқылы түйіндеді.

Үйге тапсырмаға Брифинг және Фуршет ұйымдастыру жайлы топпен жұмыс берілді.

Бағалау парағының көмегімен 3 оқушыға «5», 3 оқушыға «4» деген баға қойылып, 12 баланың 6-уы бағаланды.

Сабаққа 11 оқытушы қатысты. Ашық сабақ талдамасы бойынша 100% бағаланып жоғарғы балл «4»-ті иеленді.

Дисциплина: «Техника и тактика активных видов туризма ».

Тема урока: Обращение с верёвкой и вязка узлов.

Группа: Т-9-24. Курс: 3. Специальность: «0511000 Туризм

Дата: 03марта 2017г. Начало:

08.30мин.

Цель урока: Формирование интереса к предмету, пропаганда спортивно – оздоровительного туризма среди учащихся, формирование навыков здорового образа жизни средствами туризма, привлечение к регулярным занятиям спортом.

а) образовательные сформировать профессиональный интерес к туризму и побуждение к приобретению знаний, умений и навыков, необходимых для туристской работы

б) развивающие развитие способностей самостоятельно трудиться с целью углубления своих знаний и совершенствования профессионально педагогических умений и навыков, нужных для приобщения людей к занятиям туризмом

в) воспитательные воспитание внимания, самостоятельности, взаимопомощи, целеустремлённости, дружбы.

Вид урока: комбинированный с элементами показа.

Метод урока: рассказать и показать.

Наглядное пособие: спортивное снаряжение, иллюстрационные материалы, литература, гитара, интерактивная доска, видеосюжеты.

Вязание узлов - необходимый элемент работы с верёвками, от их правильного применения зависит безопасность участников соревнований.

Туристский поход сочетает активный здоровый отдых, познание и освоение окружающего мира. Разные причины побуждают человека отправляться в путь – возможность увидеть потаённые уголки земли. Пешеходный туризм в наше время, когда есть большой выбор транспортных средств, остаётся самым массовым. Может быть, именно потому, что никакой другой вид передвижения не открывает таких возможностей для единения с природой, для спокойного раздумья, снятия нервных перегрузок.

біз әлеуметтік желілердеміз: