Колледж қызметі | Бірлестік жұмыстар | Шетел тілі және құқықтану | Апталықтар

Апталықтар

«Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің онкүндік іс-шаралары қорытындысы

2017 жылдың 16.10-21.10.17ж. аралығында Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде«Рухани жаңғыру – кемел келешектің кілті» атты « Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің онкүндік іс-шаралары болып өтті.

Мақсаты: Бірлестіктегі ұстаздардың кәсіби және түрлі бағытта жан-жақты шығармашылық шеберліліктерін көрсету, шыңдау, таныстыра отырып, пікір алмасу. Өз пәніне деген оқушының құзырлылығын, сүйіспеншілігін арттыру.Сонымен бірге бірлестіктер арасында оқытушылардың кәсіби білім алмасуын шыңдау.

Шара барысында «Рухани жаңғыру – кемел келешектің кілті» атты онкүндігінің ашылу салтанаты 2017 жылдың он алтыншы қазанда 101 аудиторияда бірлестіктегі М.Е Кемелбеков, Г.М.Абдибаттаева, Ж.М.Дүйсенова сынды жауапты оқытушылардың ұйымдастыруымен қазіргі таңда белең алып отырған үш тілділік саясатын басшылыққа ала отырып, қызықты етіп үш тілде ашып жүргізді. Жүргізушілер, М.Кемелбеков пен А. Аралбаева онкүндіктің мақсаттары мен міндеттерін және тақырыптың өзектілігі туралы айтып,онкүндіктің ашылуына байланысты колледж директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Б.Мырзағалиеваға құттықтау сөз берілді. Бірлестік жетекшісі Л. Г.Тұрмағанбетова іс-шараға колледж оқытушылары мен оқушыларды өз еркімен ат салысуға шақырып, алдағы жүргізілетін істерге сәттілік тіледі.

«Рухани жаңғыру – кемел келешектің кілті» атты онкүндігі барысында қандай іс-шаралар жүргізілетіні слайд арқылы көрсетілді.

Онкүндіктің ашылу салтанатын колледж оқытушылары мен оқушылары тамашалап, алған әсерлерін айтып, сәттілік тіледі.

Осы күні сағ 10:00 –да 502 дәрісханада УА-9-27 оқу тобында Кулумбаев З.Б.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Государства на территории Казахстана в Х-ХІІ веках» тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Сабақтың мақсаты айқындалып, талапқа сай өз деңгейінде оқушыларды қызықтыра білді.Дауыс ырғағы, өзін-өзі ұстауы өте жақсы. Тақырып өзектілігі мен өмірмен байланыстылығы жоғары деңгейде болды. Интер тақта арқылы слайд көрсетіліп, терминдерге тоқталып, оқушыларға өз ойларын айтып, жазуға әр-түрлі логикалық ой тасталды.

16 қазан күні 12:00- де Аралбаева А. және Жусупова Б. ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Қабырға газеті» сайысы өткізілді. Сайыс барысында студенттерін рухани жаңғыру тақырыбына сәйкес газеттер ілді, Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында салынған газеттер ерекше көзге түсті.

17 қазан күні сағат 10:00-де қалалық мектеп оқушылары арасында «Көп тіл білген көптен озады» атты олимпиада 502 аудиторияды өткізілді. Сайысты ұйымдастырушылар бірлестік жетекшісі Турмагамбетова Л.Г. және бірлестік оқытушысы Есжанова А.К. оқушыларға түрлі тапсырмалар беріп, әр түрлі бағытта жаттығулар орындады.

Осы күні сағат 11:40-та 502 аудиторияда «Адамдар әлемінде: қарым-қатынастағы қиындықтар» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша оқып жатқан топтар арасында өтілді. Бұл студенттерге өмірге қажетті тренинг «Шетел тілдері және құқықтану» бірлестігі оқытушысы Болатбек Ә.Б. ұйымдастырылуымен өткізілді. Сабақ барысында негізгі тәсілдерді қолдана отырып, бір-бірімен қалай қарым-қатынасты жақсартуға болатындығы туралы ой қозғалды. Тренинг барысында нақты пікірлермен іс-әрекеттер нәтижесі қорытындыланып, осы шарадан алған әсерлерін ой-пікірлерін айтып студенттер пікір алмасты.Жылы лебіздерін шара соңында түсті қағаздармен өрлеу ағашына іліп, позитивті мақсат-тілектерін жүрек жарды лебіздерін өлең жолдарына арқау етті. Қызықты шараның куәсі болып, тренинг жоғары деп бағаланды.

17 қазан күні сағат 15:30 502 аудиторияда «Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстылығы және оның алдын алу мәселелері» тақырыбында «Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің құқықтану пәні оқытушылары Аралбаева А. және Жусупова Б. ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді.

18 қазан күні сағат 11:40 та Сот залы кабинетінде бірлестік оқытушылар Елимбетова Л.Ж. және Байтөреева Г. «Главное судебное разбирательство» тақырыбында Ю-9-25, Ю-9-26 топтарымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Мұнда студенттер сот процесін көрінісін қойды. Сабақта түрлі бейнебаяндар көрсетіліп, үлестірме қағаздар таратылды.Оқытушының өзін емін-еркін ұстауы, сөйлеу мәдениеті, жоспарланған мақсат бойынша уақытпен жұмыс жасауы жоғары деңгейде болды.Түрлі бейнебаян бойынша сұрақтарға оқушылар ойлана отырып, жауап берді, әрі өз ойларын жеткізе білді.

Осы күні 13:00 -де 502 аудиторияда бірлестік оқытушысы Утешова С. ұйымдастыруымен

«Мейірімге жүдеген жүрек...» атты тақырыпта ашық тәрбие сағат өткізілді, тәрбие сағатқа қалалық мешіт имамы және психолог қатысты, олармен студенттер арасында диспут өткізілді. Сабақ барысында негізгі тәсілдерді қолдана отырып, бір-бірімен қалай қарым-қатынасты жақсартуға болатындығы туралы ой қозғалды. Тренинг барысында нақты пікірлермен іс-әрекеттер нәтижесі қорытындыланып, осы шарадан алған әсерлерін ой-пікірлерін айтып студенттер пікір алмасты.Жылы лебіздерін шара соңында түсті қағаздармен өрлеу ағашына іліп, позитивті мақсат-тілектерін жүрек жарды лебіздерін өлең жолдарына арқау етті. Қызықты шараның куәсі болып, тренинг жоғары деп бағаланды.18 қазанда Кемелбеков М.Е. және Жусупова Б.М басшылығымен «Криминалистика әлемі» атты тақырыпта «Фемида» үйірмесі бойынша іс-шара өтілді. Шараның мақсаты таныстырылып, нәтиже жоғары деңгейде болды.Сот,прокурор, адвокат, іс жүргізуші, істі болушы, жәбірленуші, куәгерлерлердің ролінде оқушылар образға кіріп, өз білімдерін практика жүзінде жоғары көрсете білді.

18 қазанда Тулепова Л.Ж. және Абдраманова А.Б. «Евгений Онегин» А.С.Пушкин романына үзінді көрініс қойды. Көрініске қатысушылар «Алые паруса» үйірмесінің мүшелері. Үйірме жұмысының әр нышанын қазіргі таңдағы өмір сабағымен байланыстыра отырып, ассосация құрды. Интер тақта бойынша слайд көрсетіліп, әр образды аша білді.Дауыс ырғағы, сөйлеу мәдениеті,өзін-өзі ұстауы өте жақсы. Сабақтың жоғары өтілгені соншалық қатысқан ұстаздар ертегі әлеміне енгендей әсер алдық.

Осы күні «English club» үйірме жұмысын ұсынды. Раманкулова Д.Н. және Бекішова Р.Е. басшылығымен үйірме мүшелері арасында «The Snow Queen» қойылымнан үзінді қойылды. Үйірме жұмысы өте керемет деңгейде көрсетілді. Студенттер өз образдарына кіріп, көрермендерге жаөсы әсер қалдырды.

18 қазан күні Дүйсенова Ж.М. басшылығымен «Өлкетану» үйірме жұмысы «Ескерткіштер елдіктің белгісі» тарихи орындарға танымдық сапар ұйымдастырды. Ел тәуелсіздігінің тарихын білу, елі үшін ғұмырын, еңбегін арнаған қоғам қайраткерлерінің қоғамға қосқан өлшеусіз еңбектерін жас ұрпаққа таныту мақсатында

Осы күні «Мен, Ұлы дала перзентімін!» атты тақырыпта Турмагамбетова Л.Г., Абдибаттаева Г.М., Дүйсенова Ж.М., Тулепова Л.Ж. ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында шығармашыл жастар сайысы өтілді. Сайыс бекітілген ереже бойынша негізгі 3 кезеңнен тұрды.Ел тәуелсіздігінің тарихын білу, елі үшін ғұмырын, еңбегін арнаған қоғам қайраткерлерінің қоғамға қосқан өлшеусіз еңбектерін жас ұрпаққа таныту мақсатында Өлке тарихы мен мәдениетін тереңінен ұғыну, оқушылардың танымдық қабілет деңгейін, шығармашылық дарындылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен еркін сөйлеуге дағдыландыру барысында үлкен шара ұйымдастырылды.Сайыс колледж деңгейінде өтті.

19 қазан күні 10:00 де бірлестік оқытушылары Тулепова Л.Ж., Абдраманова А.Б., Ителгиева Р.М. ұйымдастыруымен қала мектебі оқушылары арасында зияткерлік сайыс өткізілді. сайыс тақырыбы «Что? Где? Когда?» деп аталды. Сайыс барысында 4 тур болды. Оларға қатысушылар тез әрі ұтымды жауап бергендері есептелді. Олардың жан жақтылығын, коммуникабельділігін, бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған бұл шара өте жоғары деңгейде өтілді.

Сол күні бірлестік оқытушысы Сайфунова А. ҚТ-9-16 оқу тобында «The famous sightseeing in Australia. The Present Perfect tense» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа колледж оқытушылары қатысты. Слайдтан Австралия континенті туралы мәлімет беріліп, сабақ арасында танымдық ойындар ойнатылды.

біз әлеуметтік желілердеміз: