Колледж қызметі | Бірлестік жұмыстар | Шетел тілі және құқықтану | Ашық сабақтар

Ашық сабақтар

«Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігі

2018 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні мерекесіне орай «Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің оқытушылары Г.М.Абдибаттаева мен Ж.М.Дүйсенованың ұйымдастыруымен 1 курс, А-9-17, ДШ-9-17, ББ-9-17 оқу топтары студенттері арасында «Рәміздер – ел беделі» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Іс –шараның мақсаты студенттерге Мемлекеттік рәміздер, олардың әрбір бөлшектері туралы ақпарат бере отырып ұлттық рәміздерді құрметтеу, мақтан тұту арқылы өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Тәрбиелік іс –шара ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталып сайыс түрінде өткізілді. Оқытушы Г.М.Абдибаттаева қатысушы студенттерге еліміздің өткені туралы қысқаша мәлімет беріп бүгінгі күнге дейінгі саяси өзгерістерімен таныстырып өтті. Интербелсенді тақтада тақырып мазмұнын ашатын «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!» атты слайд пен ҚР Президентінің мұражайынан бейнетаспа көрсетіліп тұрды. Көрсетілген слайд пен бейнетаспаның мазмұнын студенттер Азиза Ануарбек пен Кулманова Алина Мемлекеттік Рәміздер жайлы қосымша ізденіс мәліметтермен толықтырып өтті.

Мемлекеттік рәміздер туралы айтылған мәліметтер, көрсетілген слайд пен бейнетаспа негізінде қорытындылау бойынша «Кім тапқыр?» айдарымен сұрақ – жауап жүргізілді.

Сонымен қатар, «Ойлы болсаң озып көр» айдарымен Отан жайлы мақал –мәтелдер сайысы ұйымдастырылды. Осы сайыста ДШ-9-17 және ББ-9-17 оқу тобының студенттері белсенділік танытты. Сайыстың бірнеше түрінен шабыт алған студенттер патриоттық көңіл – күйде «Көк Тудың желбірегені» әнін айтып, естелік суретке түсумен аяқталды.

«Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің шет тілі пәні оқытушысы Сайфунова Ақжарқынның 1-ші наурыз күні ШТ-9-16 оқу тобында «Үйден оқу» пәнінен жылдық жоспарға сай Уилльям Сомерсет Моэмнің «Mister Know All» шығармасымен ашық сабақ өтілді. Сабаққа Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының бөлім меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ш.Жұмағұлова, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі «Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігі жетекшісі Лаззат Турмагамбетова және осы бірлестіктің шетел тілі пәні оқытушылары,Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранттары қатысты. Сабақ барысында көптеген жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысты, текстті жіті түсіндіру мақсатында бірнеше грамматикалық лексикалық және аудио материалдарға байланысты жаттығулар жасалды,

Латын әліпбиі: Жаңғыру-жазудан басталады атты ақпаратының сағатының өткізілуі жайлы анықтама

2018ж . 06 қыркүйек күні « Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігіне қарасты I курс З-9-18, ҚҚ-9-18, A-9-18 оқу топтарының қатысуымен ақпараттық сағат өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты: Ақпараттық сағатқа «Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің оқытушысы Ж.М.Дүйсенова Елбасының «Рухани жаңгыру: Болашаққа бағдар» мақаласы негізінде қысқаша шолу жасады. Соның негізінде Латын әліпбиіне көшу туралы қогам қайраткерлері мен әлеуметтік топ өкілдерінің пікірлерімен таныстырды.Шараға қатысып отырған студенттер «Ашық микрофон» алаңында өз ой-пікірлерін білдірді. «Ашық микрофонда» «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» Латын әліпбиіне көшудегі қандай қиындықтар болады? деген секілді сұрақтарға ой бөлісті.

З-9-18 оқу тобының студенті Құттымырза Аяужан , ҚҚ-9-18 оқу тобының студенттері Бекмырза Өркен , Бағдат Сағыныш өз ойларын ашық, түсінікті жеткізе білді. Құттымырза Аяужан мен Сейітхан Бақдаулет Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі жайлы ашық пікір алмасып, студенттер арасында қызу талқыға түсті. Оқытушы Өтепова Лиза да айтылған мәліметтер жайлы өзіндік тұшымды пікірін айтып өтті. Ақпараттық сағат тақырыпқа сай, мазмұнды слайдтармен көрнектіленді, іс-шара З-9-18 оқу тобының студенті Қайратұлы Нұрболаттың «Мәңгілік ел» әнімен қорытыланды.

біз әлеуметтік желілердеміз: