Колледж қызметі | Тәрбие жұмыстары | Рухани адамгершілік тәрбиесі, діни экстремизм

Рухани адамгершілік тәрбиесі, діни экстремизм

Студенттерге діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету мақсатында колледжде Алматы қаласының бас имамы Құлмұхамед Махамбет, Қызылорда қаласының бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен және т.б. кездесу өткізілді. «Мәуліт – қасиетті мереке», «Өзгеруді өзіңнен баста!» кездесу кештері, «Дін – тәрбиенің рухани тірегі», колледж психологы Елеусінова Раушанның ұйымдастыруымен «Жан қазынасы – адамгершілік» атты дөңгелек үстелді атап айтуға болады.

Өзгеруді өзіңнен баста!: ҚМДБ-ның облыстағы өкілі Болатбек Ұласқанұлы студенттермен өткен кездесуінде жастарға осылай үндеу тастады.

«Алла Тағала «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайсыбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» деп баяндаған. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының дін қызметкерлері арасында тастаған «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұранында: Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды» демекші, біз әлемді өзгертуіміз үшін ең алдымен өзімізді өзгертуіміз қажет», - деді Бас имам.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен еркін пікір алмасу форматында өткізілген кездесуде «адам өзгеруі үшін не істеуі керек», «айналасындағылармен көркем мәміледе болу», «дінді дұрыс ұстану», «ата-ананың разылығына жету», «бос уақытты тиімді пайдалану жолдары» секілді тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптар төңірегінде өкіл имам тарапынан өнегелі өсиеттер, ғибратты әңгімелер, өмірлік мысалдар келтіріліп, сұрақтарға тұщымды жауап берілді.

Елбасымыз атап өткендей, рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту арқылы болашақ ұрпаққа сапалы тәрбие беру мақсатындағы игі шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған өкіл имамға колледж директоры Марат Шайхысламұлы қоғамның негізгі күші – жастарымызды тәрбиелеуде жасап жатқан бастамалары үшін алғыс білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Жас ұрпақ бойында адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттер: гумандық, ар, парыз, жолдастық, қайырым, ұят, принциптіліктің қалыптасуына көмектесетін тәрбиелік іс-шаралар қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Әр оқу жылының қазан айында бастау алатын «Қайырымдылық» акциясы жыл бойы жалғасын табуда. қайырымдылық концерті өткізілді. «Балаларға қамқорлық» атты Облыстық №1 А.Макаренко атындағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне концерт қою, оқушылар мен оқытушылар тарапынан жиналған қаржыға олардың қажеттерін өтеу, тәтті дәмдер апару, дизайн мамандығының оқушысы Н.Нұрмахановтың өз туындысын сыйға тартуы, олардың көңілдерін көтеру, «Қарттарым, асыл қазынам» атты «Қарттар үйіне», «Ардагерлер» үйіне ұйымдастырылған қарттар үйінде оларды құрметтеу, жанашырлық көрсету, олардың үлгілі әңгімелерін тыңдау мақсатында концерттік қойылым, «Ардагерлерімізді аялайық!» атты ардагерлер мен жастар арасында шахматтан жолдастық кездесу, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі әнші Р.Садықовтың концертіне сатылған билеттің 25 пайызын интернатқа аудару, 2014 жылдың 28 мамырындағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттер сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге 1 маусым – балалар күніне орай «Біз бақыттымыз!» атты қайырымдылық акциясы, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек беру, кездесулер ұйымдастыру – барлығы үлкен жүректі жастарымыздың белсенді қатысуымен жүргізілуде.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7

біз әлеуметтік желілердеміз: