Колледж қызметі | Оқу-әдістемелік жұмыстар | "Білім және инновация" журналы

"Білім және инновация" журналы

«Білім және инновация» республикалық педагогикалық, оқу-әдістемелік журнал

Білім-ғылым, педагогика саласын өркендетуге, мемлекеттік білім саясатын жүзеге асыруға өзіндік үлес қосып, педагогтардың озық тәжірибесін тарату, ақпараттандыру мақсатында колледжде «Білім және инновация» республикалық педагогикалық, оқу-әдістемелік журнал шығарылады. Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің Ақпарат және Мұрағат комитетінде 2010 жылдың 28 сәуірінде тіркеліп, ЛК 0860-Ж куәлігі берілді. Журнал материалы колледждің ақпараттық сараптау бөлімінде теріліп беттеледі. 2010 жылдың 21 маусымынан бастап тоқсан сайын тұрақты шығып келеді. Қазіргі уақытқа дейін журналдың 29 саны жарыққа шықты.

«Колледж бюллетені» деп аталатын «Білім және инновация» журналының студенттерге арналған қосымшасы

«Өз елім» республикалық қоғамдық-саяси, танымдық газет

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси өрлеуіндегі ізгілікті істерді паш ететін, Елбасы алға қойған асқаралы міндеттерді қалың бұқараға түсіндіретін насихат құралы ретінде колледжде «Өз елім» республикалық қоғамдық-саяси, танымдық газет басылып шығарылды. Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және Ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде 2011 жылдың 20 сәуірінде тіркеліп, тіркелу туралы №11647-Г куәлігі берілген. Газеттің 135 саны жарық көрді. «Өз елім» газеті «Baq.kz» ақпараттық порталында орналасқан.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13
Дом №14

біз әлеуметтік желілердеміз: