Колледж қызметі | Тәрбие жұмыстары | Экономикалық тәрбие

Экономикалық тәрбие

Колледжде экономикалық бағытта «Жас экономист», «Жас бухгалтерлер», «Жас банкир» үйірмелері ашылған-болатын. Бұл үйірмелердің мақсаты нарық заманында жас ұрпаққа экономикалық тәрбие беру.

Экономикалық тәрбие адам бойында үнемділік, ұжымшылдық, ықыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.

Осы тұрғыда, оқушыларға экономикалық тәрбие беру үшін экономикалық пәндер апталығы ұйымдастырылды. Апталық барысында үйірме мүшелерінің қатысуымен конференциялар, ғылыми жобалар, дебат, диспут, сайыс сияқты түрлі іс-шаралар өткізілді. Мысалы, «Қаржы тұрақтылығы мемлекет гүлденуінің тұрақты кепілі», «Тенге символ независимости Казахстана» тәрбие сағаттары, «Бизнес бастамасы» бизнес идеялар жәрмеңкесі, «Біз бейбіт ел жастары, Үміт алға бастады!» атты сайысы, «Наличные и безналичные деньги: плюсы и минусы» диспуты оқушыларға ерекше әсер берді. «Тенге символ независимости Казахстана» тәрбие сағаты барысында Қызылорда облысына танымал нумизмат Н.И.Щербининмен кездесу ұйымдастырылды. Ол ақша тарихы туралы түсінік бере отырып, өз коллекциясымен таныстырды. Төл теңгеміз жайында мағлұматтар берді.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6

біз әлеуметтік желілердеміз: