Колледж қызметі | Тәрбие жұмыстары | Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбиесі

Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбиесі

Жас ұрпақты тәрбиелеудің ең басты бағыттарының бірі – Қазақстандық патриотизм, азаматтық, құқықтық тәрбие және полимәдениеттілік тәрбиесі болып табылады.

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Міндеті: Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға; ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке; елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; Өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне; Басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;Өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;Құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына;Заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; Әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Патриоттық тәрбие

Елжанды болу – еліміздің азаматының аса маңызды адамгершілік қасиеті. Колледжде жас ұрпақты Отанына, атамекеніне деген сүйіспеншілігін оятып, елжандылық рухында тәрбиелеу үшін фестиваль, дөңгелек стол, пікір алысу, тәрбие сағаттары жиі ұйымдастырылады.

Елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар – ҚР рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік территориясы» ҚР рәміздеріне 20 жыл мерекелік іс-шарасы мен «Еліміздің егемендік белгілері» атты дебат өткізілді. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігіне орай мерекелік концерттер, тәрбие сағаттары, кештер жыл сайын ұйымдастырылады. Солардың ішінде «Егеменді елім ер жетті» мерекелік концерті, «Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» тәрбие сағаттары, «Тәуелсіздік таңы» сахналық қойылымын ерекше атап айтуға болады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сауяева Венера «Егеменді елім ержетті» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Іс-шара барысында қазақ халқының әндері шырқалып, «Қаражорға» биі биленіп, патриоттық әндер орындалды. Еліміздің тәуелсіздікке оңайлықпен жетпегенін баяндай отырып, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның әрбір жылы жеткен жетістіктеріне тоқталды. «Жылдар» шеруі сахнаға шығып көрермендерге әсер қалдырды.

Студенттерге азаматтық тәрбие беру мақсатында дәстүрлі түрде Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Азаматтық тәрбие барысында жас үрпақ бойында отанға деген сүйіспеншілікпен қоса, бейбітшілікке деген ұмтылысы, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігі, азаматтық міндеттерді орындауға дайындығы қалыптасады.

Балтабай Айдана және «Жас Отан жастар қанаты» Қызылорда облысындағы филиалының жастары Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен бірге

Полимәдениеттілік тәрбиесі

Бірлігі жарасқан елдің тірлігі де жарасымды

Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын дәстүрлі мерекелердің бірі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы бойынша 1995 жылдың 18 қазанында 1- мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланған-болатын.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланған-болатын. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.»,- делінген Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауындағы мына сөздер бұл мерекені одан әрі айшықтай түскендей.

Берекені көздеген ел бүгінде Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өткізіліп, «Достық күмбезі» астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтарда мерекеде ән шырқалып, би биленіп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Мұндай ел татулығын паш ететін іс-шаралар біздің колледжімізде де жыл сайын дәстүрлі түрде тойланады. Атап айтсақ, «Ассамблея – бірлікке бастар жол» атты концерт, «Мой Казахстан – Республика свободных великих нации, разных языков» атты тәрбие сағаты, «Туған тілім тірлігімнің айғағы», «Тіл тәуелсіздік тірегі» мерекелік іс-шаралар колледждің «Наз» би тобы «Дельфи орындары», «Студенттік көктем» өнер фестивальдерінде Қазақстанда өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің биі мен әнін орындап, өнерлерін паш етті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тілі басқа тілегі бір – мәңгілік ел» атты облыстық фестиваль

Этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында колледжде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тілі басқа тілегі бір – мәңгілік ел» атты облыстық фестиваль өткізілді. Фестиваль үш тілде төмендегідей бағытта жүргізілді:

- «Биле Қазақстан!» атты әр түрлі ұлттың би байқауы;

- «Жырла Қазақстан!» атты әр түрлі ұлттың әндерінің байқауы;

- «Менің елім!» патриоттық әндер байқауы

Фестивальда колледж студенттерімен бірге мектеп оқушылары да өз өнерлерін көрсетті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тілі басқа тілегі бір – мәңгілік ел» атты фестивальға қатысушы оқушылар тізімі

1) Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті № 131 орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Сахабадин Жанар –«Туған жер»

2) Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті № 131 орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Жеңісбекқызы Батиха – «Түрік биі»

3) №112 орта мектептің 9 сынып оқушысы - Момыш Алия Miley Cyrus – The Climp

4) Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті № 139 орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Төлеу Назерке Серікқызы

5) Жаңақорған ауданы, №51 Мұхамеджан Қаратаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Сәйпідін Ерхан Нұрланұлы «Қазағым»

6) Жаңақорған ауданы, №51 Мұхамеджан Қаратаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Сәйпідін Ерхан Нұрланұлы «Сыр елім»

7) №244 Ыбырай Жақаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы-Файзулла Құралай «Маленькая страна» әні

8) №244 Ыбырай Жақаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы-Утепова Арайлым «Туған жер»

9) №244 Ыбырай Жақаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы-Сарсенбай Қанат «Қазағым»әні

10) №12 орта мектептің 10 сынып оқушысы-Жайшылық Малика «Цвети земля»

11) №12 орта мектептің 9 сынып оқушысы-Кеңес Әлішер – «Сыр елім»

12) №12 орта мектептің 10 сынып оқушылары-«Балауса» би тобы «Туған жер» биі жетекшісі Богатова Гаухар іскендірқызы

13) №259 орта мектептің 9 сынып оқушылары Иманбаева Ақмоншақ, Өмірбай Абылайхан, Балтабай Бибігүл, Шадан Серік украин халқының ұлттық биі «Украинский гоппах»

14) Сырдария ауданы, Аманкелді ауылы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектептің оқушысы Ерболат Айжан –« Менің Қазақстаным»

15) Сырдария ауданы, Аманкелді ауылы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектептің «Нұр-Би» би тобы әртүрлі ұлттар биі (ұйғыр, қазақ биі)

16) Шиелі ауданы, №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары – Балтабай Аружан, Ысқақ Гүлсезім үнді биі

17) Шиелі ауданы, №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы – Құлахметова Ғайни - «Тек алға!»

18) №211 орта мектептің оқушысы – Разақ Ақбота –«Бірлігіміз жарасқан» жетекшісі-Төлеутаева Ләззат Сүйінтайқызы

19) №212 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Сартай Мұхамедәли

20) №212 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Сартай Алтынгүл

21) №212 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Балтабай Данияр

22) №212 мектеп-гимназиясының оқушылары «Сыр сымбаты» би ансамблі

Құқықтық тәрбие

«Құқықтану» және «Құқық қорғау органдары» мамандықтарының оқытушыларының ұйымдастыруымен жүргізілетін «Фемида» үйірмесі студенттердің қызығушылығын арттыруда. Бұл жұмысты үйірме мүшелері жоспарлы түрде атқарады.

«Фемида» үйірмесі апталық барысында «Оқиға болған жерді тексеру, тергеу әрекеттерін жүргізу», "Криминалистика әлемі", «Алдын-ала тергеу» атты үйірме жұмыстарын көрсетті. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің жедел криминалистика басқармасының криминалист маманы, полиция майоры Жаналиев Абзал Нұрлыбекұлы келіп қатысты. Ол криминалистикалық чемодан арқылы түрлі іздерді алу техникаларын және криминалистикалық сараптама жасау жолдарын таныстырды. Оқушылар криминалист маманға өздерін қызықтырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

Сондай-ақ, оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында «Қазақ елі байтақ болсын десеңіз, Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз» атты “Құқықтану” пәндер бірлестігінің оқытушыларының және «Жігер» жастар ұйымының белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен “Құқықтану”, «Құқық қорғау органдары» мамандықтарында оқитын студенттермен акция өткізілді.

Құқықтық мемлекет құру, құқықтық сауатсыздықты болдырмау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Әділет құдайы – Фемида» сайысы өткізіледі. Студенттер сайыста өздерін Әділет жаршысы ретінде таныстырып, әділетсіздік пен құқықбұзушылыққа жол жоқ екенін насихаттайды. Бұл сайыста өзінің шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп «Колледж Фемидасы» атағын Өтегенова Әсел, Өткелбаева Анар, Балтабай Нұрғаным жеңіп алды және қалған қатысушылар номинациялармен марапатталды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Шараға колледж директоры М.Тобашов, Қызылорда қалалық прокуратура және ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары туралы, кәмелетке толмағандарға қылмыс жасағаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіріп, олардың арасында жасалынатын құқық бұзушылықты алдын алу.

Кездесу барысында сот төрағасы Қ.Абдуллаев қазіргі таңда сот өндірісінде кәмелетке толмағандардың арасында жасалынған қылмыстық құқық бұзушылытың көбейіп бара жатырғанын айтып, оқушыларды заң нормаларын сақтап, тәртіптікке шақырды.

Шара соңында колледж студенттері көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, бейне роликтерді тамашалады.

2017 жылдың 17 қазаны күні «Шетел тілдері және құқықтану» пәндер бірлестігінің бірлестігінің оқытушылары Елімбетова Лейла Жақсылыққызы және Жусупова Бота Мәлікқызының ұйымдастыруымен Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері мен құқық қорғау органдары арасында «Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстылығы және оның алдын алу мәселелері» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – елімізде әйелдер мен қыздарға қатысты болып жатқан зорлық-зомбылық қылмыстылығы және оның алдын алу мәселелері жайлы кеңінен талқылау, оқушыларды бұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстардан сақтандыру, басқалардың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу, құқықтық білім мен сауаттылықты кеңінен насихаттау.

Дөңгелек үстелге Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Жұмабаева Айнұр Аманжолқызы қатысты. Студенттерге отбасында болатын зорлық-зомбылық қылмыстары, олардың алдын алу, қылмыстық жауаптылық және ондай отбасыларына көрсетілетін құқықтық және психологиялық көмектер жайлы кеңінен мәліметтер берілді.

Студенттерге слайдтар көрсетіліп, брашуралар таратылды. Студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13

біз әлеуметтік желілердеміз: