Біз туралы | Колледж әлем кеңістігінде

Колледж әлем кеңістігінде

Колледж әлемдік білім беру кеңістігіне қосылу жолында ілгері қадам жасауда. Корея аймағының «Білім және даярлық» орталығының мамандарымен озық технологияларды енгізіп және оқу-тәрбие үрдісін инновациялау мақсатында кездесу өткізді.

2006-2007 оқу жылы колледж басшысы Мұрат Бахтиярұлы Сингапур қаласындағы шетелдік білім-мәдениет ордаларының бірінде болып, іс-тәжірибесімен өз көрген-түйгендерін бөлісті.

2009-2010 оқу жылы Марат Шайхысламұлы тәжірибе алмасу сапарымен Кореядағы Білім және даярлық орталығының шақыруымен Корей елінде болып қайтты.

«Share International» ұйымының волонтері Паркс Тед Майклдің және Адриана Лайн-Боччидің сабақтарының «Аударма ісі» мамандығы оқушыларының біліктілігін арттыру және оқушылардың ағылшын тілінің сөйлеу дағдысын қалыптастыруда көмегі болды.

Қызылорда облысының ағылшын тілі оқытушыларының «ТЕК» ассоциациясының халықаралық волонтерларды ұйымдастыруымен 7 оқытушы, жергілікті білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 20 оқытушы біліктіліктерін арттырған.

«Өзге ұлттың тілін, дәстүрін білмей оның жанын, арманын түсіну, сеніміне, құрметіне бөлену мүмкін емес»,- деген Бауыржан Момышұлының нақылы мен «Барар жердің алыстығы жоқ, керек тастың ауырлығы жоқ»,-деген қазақ мақалын ұстанған жастар да колледжден табылады.

Атап айтсақ, ПД-9-25 оқу тобының оқушысы – Миндигалина Н. Англия қаласында, АСОИиУ-9-24 оқу тобының оқушысы Уали А.-Қытай қаласында, АСОИиУ-9-14 оқу тобының оқушысы – Наурызбаева С. – Түркия қаласында, ЭБ-9-16 оқу тобының студенттері Райымбеков Сұлтан мен Әбдіқалықов Жарқын Чехияның Прага қаласының экономикалық университетінде, Т-9-26 оқу тобының студенті – Жукова Ольга Қытай қаласында, Ф-9-39 оқу тобының студенті Ибрайханов Бақберген Сингапур қаласында, Әліш Олжас Қытайдың Нанкин қаласында техникалық университеттің «Автоматизированный контроль и робототехника» мамандығы бойынша білімін жетілдіруде. Сондай-ақ, ПД-9-18 оқу тобының студенті – Бодықова Айнұр Қытайдың Үрімші, Сауан қаласында, ПД-9-38 оқу тобының студенті – Тажединова Әсем Англияның Ipswich қаласында жазғы демалыстарын өткізіп, өзге елдің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Бұл жөнінде суреттер «Білім және инновация» республикалық оқу-әдістемелік, педагогикалық журалының №2(2) 2010 жылғы санында жарияланған-болатын.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13
Дом №14
Дом №15

біз әлеуметтік желілердеміз: