Біз туралы | Колледж тарихы

Колледж тарихы

Колледжге қабылданған алғашқы талапкер

Колледжге қабылданған алғашқы талапкер

Төрткүл дүниені төрт айналсаң да, білім мен ғылымның алар орны қай кезде болмасын ерекше.

ХХІ ғасыр – ақпараттану, жаһандану, интеграциялану ғасыры ғана емес, сондай-ақ білім ғасыры. Жаңа формациямен бірге білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасқан әртүрлі инновациялық оқу орындары құрыла бастады. Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін қаламыздың әрбір жерінен құрылысы бітпеген ғимараттар кездесе бастады. 90 жылдардың аяғына таман қала орталығының төрінен орын алған осындай қаңыраған құрылыс қаңқасының бірінің кейін оқу ғимаратына айналатынын кім білген.

Алыстан көз тартатын осынау көркем ғимаратта орналасқан оқу орны алғашында 2001/2002 оқу жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясының ректоры, профессор Мақсұт Нәрікбаевтың 2001 жылдың алтыншы ақпанындағы №29 бұйрығымен құрылды.

Өңіріміздің мемлекеттік құқықтық бағдарын жүзеге асыру және елімізді орта кәсіптік білікті заңгер мамандармен қамтамасыз ету мақсатында оқу орны алдымен Қызылорда заң колледжі болып ашылып, «Құқықтану» мамандығы бойынша 127 талапкерлер қабылдады.

Қызмет көрсеткен азғантай уақыт ішінде білім орны көпшіліктің назарын өзіне аударта білді, содан болар әлі күнге дейін жұртшылық осы оқу орнын КазГЮА деп атап кеткен.

Колледжде саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Бақтиярұлы басшылық етті.

Қызылорда облысындағы іргелі оқу орындарының бірі Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің негізін қалаушы, алғашқы директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламенті Сенатының депутаты – Мұрат Бахтиярұлы тәуелсіз еліміздің дамуына техникалық және кәсіптік білім беру жолында еңбегін сіңірген азаматтың бірі.

Алғашқы жылы колледж оқушыларының контингенті аз болғандықтан оқушылар Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясының Қызылордадағы филиалының ғимаратында оқыды.

9-сынып негізінде 3 оқу тобы, 11 сынып негізінде 3 оқу тобымен бастау алған оқу орны 2002/2003 оқу жылында өз алдына отау тігіп, үш қабатты 1682,3 шаршы метрді құрайтын жаңа оқу ғимаратына ие болды.

2004-2005 оқу жылында «Кеден ісі», «Банк ісі», «Салық ісі», «Бастауыш сыныпты оқыту», «Аударма ісі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары ашылып, колледж атауы Қызылорда гуманитарлық заң колледжі болып өзгертілді.

Білімдегі мәселелер қоғамдағы болып жатқан процесстерге тікелей тәуелді. Әр оқу жылы оқу-тәрбие ісіндегі дәстүрлі іс-шараларымен ұқсас болғанымен, әр жылдың өзіне тән ерекшелігі болады. 2008/2009 оқу жылынан бастап Мұрат Бақтиярұлы басқа қызметке ауысты. Бірақ колледж білім беру ісін тоқтатқан емес.

2008/2009 оқу жылы колледж директоры болып техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Тобашов Марат Шайхысламұлы тағайындалды.

Колледж «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды бетке ұстап дамуды жолға қойды. Қосымша мамандықтар көлемінің кеңеюіне байланысты, сондай-ақ «Жол картасы», «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік тапсырыс негізіндегі сұранысқа орай білім алушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Бұның нәтижесінде оқу ғимараттарын ұлғайту мәселесі туындады. Бастапқыда 3 қабатты 1682,3 шаршы метр №1 оқу ғимараты қайта жөңдеуден өткізіліп, 5 қабатты 1731 шаршы метр ғимаратқа ауыстырылса, 3 қабатты №2 оқу ғимаратына қабат қосылып, 4 қабатты ғимаратқа айналды. Қазіргі таңда колледж ғимаратының жалпы ауданы – 8470 шаршы метр.

«Мұнай газ және жанармай құю станцияларын салу, пайдалану», «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» және т.б. техникалық мамандықтардың ашылуына байланысты 2009 жылдың 10 қазанында колледж атауы «Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі» болып жаңартылды.

2001-2002 оқу жылында 1ғана мамандық болса, қазіргі таңда 37 мамандық бойынша күндізгі, сырттай оқу бөлімдерінде мамандар даярлануда.

Олар:

Гуманитарлық және экономикалық мамандықтары:

0402000 - Дизайн (профиль бойынша)

0403000 - Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы

0507000 - Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

0510000 - Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар бойынша)

0511000 - Туризм

0512000 - Аударма ісі

0513000 - Маркетинг (салалар бойынша)

0516000 - Қаржы (салалар бойынша)

0518000 - Есеп және аудит

0519000 - Экономика (салалар бойынша)

0601000 - Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

Педагогикалық және құқық мамандықтары:

0101000 - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

0102000 - Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейі бойынша)

0103000 - Дене тәрбиесі және спорт

0104000 - Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

0105000 - Бастауыш білім беру

0105033 - Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

0111000 - Негізгі орта білім

0401000 - Кітапхана ісі

0201000 - Құқықтану

0202000 - Құқық қорғау қызметі

0501000 - Әлеуметтік жұмыс

Политехникалық мамандықтары:

0809000 - Мұнай және газ кен орындарын пайдалану

0810000 - Мұнай-газ және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану

0902000 - Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

0906000 - Жылу электр станцияларының жылу энергиялық қондырғылары

1201000 - Автомобиль транспортына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

1202000 - Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша)

1203000 - Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару

1206000 - Жол қозғалысын ұйымдастыру

1211000 - Тігін өндірісі және киімді үлгілеу

1302000 - Автоматтандыру және басқару(бейіні бойынша)

1304000 - Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру

1305000 - Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)

1401000 - Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану

1405000 - Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану

1509000 - Экология және табиғат қорғау қызметі (түрлері бойынша)

2001-2002 оқу жылында оқушылар контингенті – 127 болса, 2017-2018 оқу жылы 1870 оқушы білім алуда.

2001-2002 оқу жылында – 6 оқу тобы құрылған болса, 2017/2018оқу жылында – 85 оқу тобын құрады.

«Жол картасы» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 10 мамандық бойынша мамандар даярлауда, 2012-2013 оқу жылына 11 сынып негізінде 60 талапкер 3 мамандық бойынша: 0402000-«Дизайн», 0507000-«Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру», 1202000-«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандықтарына қабылданды.

2013-2014 оқу жылында дуальді оқыту жүйесі бойынша 9 сынып негізінде 5 мамандықтан Республикалық грант бөлініп, оқушылар қабылданды: 0810000-«Мұнай-газ және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану», 0902000-«Электрмен қамтамасыз ету», 1202000-«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару», 1305000-«Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, 1401000-«Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану». Барлығы күндізгі бөлімде – 110 оқушы, сырттай бөлімде – 11-сынып негізінде – 25 оқушы.

2014-2015 оқу жылында 1405000- «Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану», 1302000-«Автоматтандыру және басқару» (бейіні бойынша), 1201000-«Автомобиль транспортына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1202000- «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша 100 талапкер қабылданды. 130 оқушы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша білім алса, 228 оқушы мемлекеттік грант негізінде білім алды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында төртінші басымдықтың міндеті – «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру».

Қазіргі таңда осы жолдау негізінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017/2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау мақсатында колледжде 1202000-Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару – 25 оқушы, 1401000 – «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» – 25 оқушы, 0902000- «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша – 25 оқушы білім алуда.

Сонымен қатар, «Тәрбиешінің көмекшісі» біліктілігі бойынша – 35 оқушы, «Референт-хатшы» біліктілігі бойынша –20 оқушы 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту негізінде білім алды.

2017/2018 оқу жылынан бастап төмендегі мамандықтар бойынша «Модульдік-құзыреттілік тәсілдемеге негізделген оқытудың» жаңа бағдарламасы енгізілуде:

1305000 - «Ақпараттық жүйелер»;

1302000 - «Автоматтандыру және басқару»;

1201000 - «Автомобиль транспортына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»;

0402000 - «Дизайн»;

0510000 - «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»;

1202000 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару»;

1401000 - «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»;

0902000 - «Электрмен қамтамасыздандыру»

Жұмысшы мамандықтары бойынша екі деңгейлі оқыту жүйесі көзделген.

0402000 - «Дизайн», 1202000 - «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша дуалды оқыту жүйесі жүзеге асырылуда. Облыс және қала кәсіпорындары мен мекемелерімен әлеуметтік серіктестік келісім шарттары жасалып, жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі таңда колледжде «Құқықтану және педагогика», «Гуманитарлық және экономикалық» және «Политехникалық» деп аталатын үш бағдар бойынша 5 пәндік әдістемелік бірлестік 37 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу түрінде мамандар даярлау үстінде.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай оқушыларға толыққанды сапалы білім беруге мүмкіндік бар. Білім теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде берілгенде ғана мықты және сапалы болмақ. Колледжімізде бірнеше оқу кабинеттері, зертханалары және шеберханалары ашылып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында «Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару», «Техникалық механика», «Мұнай-газ және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану» кабинеттері, «Электротехника және электроника» зертханалары бар. Кабинеттердің қазіргі заман талабына сай жабдықталуы білім алушылардың жайлы да көрнекі кабинеттерде өз білімдерін өздігінен жетілдіруге де ықпал етеді.

Жыл сайын колледж қабырғасынан қоғамымыздың мәдени және әлеуметтік экономикасының дамуына өте қажетті мамандықтар бойынша жүздеген түлектер бітіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, мемлекетіміздің жарқын болашағына, құқықтық мемлекетіміздің нығаюына өз үлестерін қосуда.

Алдағы уақытта да бұл табыстармен шектеліп қалмай, жаңа асуларды бағындыру, колледждің оқу-материалдық базасын заманауи технологиялармен жабдықтауды жалғастыру болмақ. Өйткені, өткен жылғы табыстарымыз да жаңа ізденістерге жетелейді және оны жүзеге асыруда кепіл бола алады.

Білім беру сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қазіргі принциптері мен ұстанымдарының таратушысы ретінде колледж қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы білім алу мүддесін қанағаттандыруды, жаңа ғасыр мамандарын үздіксіз даярлаудың тиімді жүйесін жасауды өз қызметінің негізгі мақсаты деп санайды.

біз әлеуметтік желілердеміз: