Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі | Талапкерге

Талапкерге

Колледж қағидалары

Колледж қағидалары

1.Жалпы ережелер

1.1 Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік емес білім беру мекемесі «Қазақ гуманитарлық заң жәнетехникалық жоғары колледжіне 2018-2019 оқу жылына оқуға қабылдаудың қағидалары» (бұдан әрi-Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 «»Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №174 қаулысымен бекітілген «Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары», жаңа редакцияда Қ.Р.Үкіметінің 12.05.2016 ж №288 қаулылары негізінде, Мемлекеттік қызмет «білім және ғылым саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысына сәйкес Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжіне (бұдан әрi - Колледж) оқуға қабылдаудың тәртiбiн белгiлейдi.

1.2.Жоғары колледжге негiзгi орта (жалпы негiзгi), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсiптiк (кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары (кәсiптiк жоғары) бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар күндізгі және сырттай оқыту нысандарына мемлекеттік тапсырыс және келісімшарт (ақылы) негізінде қабылданады.

1.3.Жоғары колледжге мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға түсу кезінде Заңның 26 – бабының 8 - тармағымен анықталған тұлғаларды қабылдауға квота қарастырылған:

1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 пайыз;

5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз.».

2. Оқуға қабылдаудың тәртiбi

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткiзу

2.1. Жоғары колледжге оқуға талапкерлердің өтiнiштерiн қабылдау, түсу емтихандарын өткiзу және бiлiм алушылар құрамына қабылдау үшiн жұмысын 2016 жылдың 01 маусымнан кешiктiрмей бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелерi кiредi.

2.2. Жоғары колледжге қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелерін облыстық білім беру басқармасының келісімі бойынша шешіледі.

2.3. Жоғары колледжге оқуға түсушiлердi қабылдау нәтижесi туралы ақпаратпен оқудың күндiзгi нысаны бойынша 30 тамызға дейiн, сырттай оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейiн ақпараттық стендiге жариялау арқылы немесе колледж сайты арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.

2.4. Жоғары колледжге оқуға азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндiзгi нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкi және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.

2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндiзгi нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек, аралығында;

2.5. Оқуға түсушілер жоғары колледжге оқуға қабылдау туралы өтiнiшiне:

- бiлiмi туралы құжаттың түпнұсқасын,

- № 086 - У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретiмен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшiн медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысы),

- 3x4 көлемдегi 4 сурет

- 30-50% оқу ақысын төлегенін анықтайтын түбіртектің көшірмесі;

- мекен-жайы туралы анықтама.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушiнiң өзi, ата-аналары немесе заңды өкiлдерi ұсынады.

Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесiн анықтайтын, тұрғылықты жерге тiркелгендiгi туралы белгiсi бар құжатты ұсынады:

1) шетелдiк - шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлiгi;

3) босқын - босқынның куәлiгi;

4) пана iздеушi тұлға - пана iздеушi тұлғаның куәлiгi;

5) оралман - оралман куәлiгi.

Оқуға түсушiлерден түскен өтiнiштер бiлiм беру ұйымының тiркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тiркеледi.

Кешендi тестiлеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшiн ағымдағы жылы кешендi тестiлеуге қатысқан өткен жылдар түлектерi) немесе ҰБТ нәтижелерi туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысқан бiтiрушiлер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес конкурсқа жiберiледi.

2.6.Жоғары колледжге түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша және:

1) жалпы орта бiлiмi бар оқуға түсушiлер үшiн үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тiлi, Қазақстан тарихы және мамандық бейiнi бойынша пән) өткiзiледi;

2) негiзгi жалпы бiлiмi бар оқуға түсушiлер - негiзгi жалпы бiлiмнiң оқу бағдарламалары көлемiнде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тiлi және мамандық бейiнi бойынша пән);

3) мамандық бейiнiне сәйкес келмейтiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiмi бар тұлғалар үшiн мамандық бейiнi бойынша өткiзiледi;

4) мамандық бейiнiне сәйкес келетiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiмi бар тұлғалар үшiн әңгiмелесу түрiнде өткiзiледi.

Бұқаралық кәсiптер мен неғұрлым күрделi (аралас) кәсiптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушiлерге арналған түсу емтихандары әңгiмелесу түрiнде өткiзiледi.

Жоғары колледжге түсу емтихандары түсушiлердiң өтiнiшiне сәйкес қазақ немесе орыс тiлдерiнде өткiзiледi.

Техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң мамандық бейiнi бойынша жалпы бiлiм беретiн пәндер тiзбесi осы Қағидаға қосымша тіркеледі.

2.7.Өнер және мәдениет, дене тәрбиесі және спорт мамандықтары бойынша оқуға түсетiн тұлғалар колледж бекiткен бағдарламалар бойынша өткiзiлетiн арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады:

Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелдi себепсiз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жiберiлмейдi.

2.6-тармақта көрсетiлген негiзгi орта, жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн қабылдау емтихандарының нысанын, тестiлеудi немесе пәндер бойынша емтихандарды колледж белгiлейдi.

2.8.Орта буын мамандарын даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетiн тұлғалар үшiн: оқудың күндiзгi нысанына 01 - 28 тамыз аралығында:

- негiзгi орта бiлiмi ( 9-сынып негізінде) бар азаматтар үшiн – 01-20 тамыз аралығында;

- жалпы орта бiлiмi (11-сынып негізінде) бар азаматтар үшiн - 21-25 тамыз аралығында; оқудың сырттай нысанына 20-25 қыркүйек аралығында оқуға түсу емтихандары өткізіледі.

Бұқаралық кәсiптер мен неғұрлым күрделi (аралас) кәсiптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндiзгi нысанына түсетiн азаматтар үшiн әңгiмелесу 01 тамыз бен 29 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 01 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткiзiледi.

Түсу емтихандарын өткiзу кезiнде:

1) тестiлеу нысанында әрбiр пән бойынша тестiлеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгiленедi; әрбiр тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестiлеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екi пән бойынша 1 сағат 30 минут берiледi; дұрыс жауаптар коды тестiлеу аяқтала салысымен iлiнедi; тестiлеу нәтижелерi өткiзiлген күнi жарияланады;

2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелерi бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 баллдарға ауыстырады.

2.9.Бiрыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезiндегi даулы мәселелердi шешу, түсушiлердiң құқығын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелерi кiредi.

Тестiлеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерiмен келiспеген тұлға шағым бiлдiруiне болады.

Апелляцияға өтiнiш тестiлеу немесе түсу емтихандарының нәтижелерi хабарланғаннан кейiн апелляциялық комиссияға келесi күнгi сағат 13.00-ге дейiн берiледi және бiр тәулiк iшiнде өтiнiш берушiнiң қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешiмi комиссия құрамы тiзiмiндегi тұлғалардың көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешушi дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылатын хаттамамен ресiмделедi.

2.10.Тестiлеудi немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.

3. Бiлiм алушылар құрамына қабылдау

3.1.Жоғары колледжге бiлiм алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негiзiнде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негiзiнде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшiн кешендi тестiлеу нысанында өткiзiлген түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдары негiзiнде; пәндер бойынша немесе бiлiм беру ұйымдары жүргiзген тестiлеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша алынған баллдар (бағалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Қабылдау конкурсын өткiзу кезiнде ҰБТ немесе кешендi тестiлеу сертификаттарында көрсетiлген үш пәннiң осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескерiледi.

Жоғары колледжге бiлiм алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негiзгi жалпы бiлiм алғандар үшiн екi пәннен 20 баллдан кем, бiлiм, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;

2) жалпы орта бiлiм алғандар үшiн үш пәннен 30 баллдан кем, бiлiм, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жiберiлмейдi.

Конкурстың шарттары бiлiм алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк беруге және неғұрлым қабiлеттi және тиiстi деңгейдегi техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.

Осы Қағиданың 1.3 тармағында қарастырылған мемлекеттік тапсырыс негізінде квотамен оқуға түсуші тұлғалар емтихандардан жинаған баллдар қорытындысымен: негiзгi жалпы бiлiм алғандар үшiн екi пәннен 20 баллдан жоғары, бiлiм, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 баллдан жоғары; жалпы орта бiлiм алғандар үшiн үш пәннен 30 баллдан жоғары, бiлiм, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 баллдан жоғары жинағандар конкурстан тыс оқуға қабылданады.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдау:

1) күндiзгi оқу нысанына - 25 - 30 тамыз аралығында;

2) сырттай оқу нысанына - 25 - 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Бұқаралық кәсiптер мен неғұрлым күрделi (аралас) кәсiптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдау негiзгi орта немесе жалпы орта бiлiмi туралы құжаттарда көрсетiлген бейiндiк пәндер бойынша бағалары, әңгiмелесулер нәтижелерi ескерiле отырып iрiктеу негiзiнде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткiзiледi. Iрiктеу шарттарын колледж айқындайды.

3.2.Жоғары колледжге оқуға қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсiптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргiзедi.

3.3.Іріктеуден өткен тұлғалар колледж директорының бұйрығымен білім алушылар құрамына қабылданады.

4.2018 – 2019 оқу жылында оқуға қабылданатын мамандықтар тізімі

біз әлеуметтік желілердеміз: