Біз туралы | Директор блогы

Директор блогы

Тобашов Марат Шайхысламұлы

Тобашов Марат Шайхысламұлы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің директоры, «Ы.Алтынсарин төсбелгісі», «Құрметті педагог» төсбелгісі, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» сияқты бірнеше мемлекеттік наградалар иегері, «Білім және Инновация» республикалық педагогикалық оқу-әдістемелік журналының редакторы

Тобашов Марат Шайхысламұлы 1954 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Қызылорда қаласындағы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебіне оқуға барып, сол мектепті 1971 жылы бітіріп шықты. 1972 жылдың қараша айына дейін Жалағаш ауданы Жаңадария кеңшарында еңбек етіп, желтоқсан айында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының 6 айлық дайындық курсына жолдамамен қабылданды. 1973 жылы осы оқу орнының гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1978 жылы инженер-механик біліктілігін алып, жолдамамен қаламыздағы «РЕМСТРОЙДЕТАЛЬ» Қызылорда экспериментальді механикалық жөндеу зауытына цех мастері қызметіне орналасты. 1979 жылы Қызылорда қаласындағы Комсомол қыстағында орналасқан совхоз техникумына ұстаздық қызметке ауысты. 1981 жылы жоғары оқу орны Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтының Қызылорда филиалына қызметке ауысты. 1991 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтындағы «Еңбек және жалпы техникалық» пәндер кафедрасына аға оқытушылық қызметке ауысып, 1993 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Белоруссияның Минск қаласындағы «Ауылшаруашылығын механизациялау және электрлендіру орталығы ғылыми-зерттеу институтының» аспирантурасына түсіп, ғылыми жұмыстарын жүргізді. 1993 жылы Мәскеу гидромелиоративті институтында т.ғ.д, профессор В.В.Суриковтың жетекшілігімен «Выбор параметров и режима работы перемешивающих аппаратов для приготовления жидких комплексных удобрении» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 1997 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінің механика технологиялық факультетінің деканы болды. 2008 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің директоры болып қызмет атқарып, 2018 жылы зейнет жасына жетуіне байланысты, зейнет демалысына жіберілді.



Акпанов Канат Амангелдиевич

Акпанов Канат Амангелдиевич

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі директорының міндетін атқарушы, бірінші санатты тарих пәнінің оқытушысы

1996-2000 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 030640- Тарих мамандығының тарих пәні мұғалімі және мұрағат ісі маманы біліктілігі бойынша білім алған.

Ұстаздық еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінде оқытушы қызметінен бастап, 2004-2006 жылдары «Тарих және жаратылыстану» кафедрасында аға оқытушы, 2006-2009 жылдары «Экономика» факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2010 жылдары оқу бөлімінің әдіскері, 2010-2011 жылы оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2011 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі, директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып келеді.

Еңбек жолында 2005 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру институтында «Орта ғасырлар тарихы» тақырыбында, 2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық Аккредиттеу орталығының «Жоғарғы оқу орындарын халықаралық аккредиттеу білім бағдарламасы бойынша өткізуге дайындау» тақырыбында, 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» РМҚК «Болон процесінің негізгі принциптарын жүзеге асыру және Қазақстанның жоғары оқу орындарында ECTS жүйесін енгізу» семинарында біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

2014 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша үшінші (базалық) деңгей, екінші (негізгі) деңгей, бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсын аяқтаған. 2017 жылы Халықаралық тренер сертификатын алған.

2014 жылы «Пікірталастар жүргізуге арналған жаттығулар» көмекші әдістемелік құрал құрастырған. 2014 жылы «Қазақстан тарихы» оқу әдісемелік құрал тірек-сызба кестелер жинағы, 2015 жылы «Қазақстанның тәуелсіздігі – мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты облыстық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жиналығының редакциялық алқасы құрамына енген. 2016 жылы І Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» атты тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің антологиясы құрамына енген.

Абай ат. ҚазҰПУ «Методологические и конкретно-исторические проблемы изучения отечественной истории» материалы международной научно-практической конференции «Касымбаевские чтения»: «Тарихымыздың күрделі кезеңінің тарихи дерек көзі» 2005 ж, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Отандық және әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау» атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары: «Өлкелік партия комитетінің құжаттарын Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде сыныптау проблемасы» 2005 ж, Қызылорда гуманитарлық университеті (Ақын Т.Ізтілеуұлының туғанына 125 жыл толу құрметіне арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция: «Қызылорда өлкелік партия комитеті құжаттарының Сыр өңірі тарихындағы дерек көзі ретіндегі маңыздылығы /1925-1937 жж/» 2007 ж, «Тарих сабағында тарихи фото құжаттық деректерді пайдаланудың тиімділігі» (Білім және инновация, 2013), «Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін меңгерудегі бағдарламаның тиімділігі», «Ә.Бөкейхановтың «Қазақ» газетіне жарияланған еңбектерінің деректану саласында алатын орны» (Білім және инновация, 2014 № 7), «Өз елім» республикалық газеті № 11-12 (134) мамыр, 2015 ж, «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні», «Ұлттың рухани ұстазы -А.Байтұрсынов» облыстық педагогикалық оқу «Ахмет Байтұрсынұлы және «Қазақ» газеті» 2017 жылы мақалалары жарық көрген.

2016 жылы «Оқытудың интерактивті тетіктерін тиімді пайдалану» облыстық семинарында «Интерактивті тақта мүмкіндіктерін гуманитарлық сабақта пайдалану» тақырыбында сабақ көрсеткені үшін сертификат берілген.

2000-2011 жылдары Қызылорда гуманитарлық унивесритетінің ректорының Алғыс хаттарымен, 2013 жылы «Нұр Отан» пратиясының Қызылорда қалалық филиалының Құрмет грамотасымен, 2015 жылы Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен, 2016 жылы Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің Алғыс хатымен, 2018 жылы «Нұр Отан» пратиясының Қызылорда облыстық филиалының Алғыс хаты және колледж әкімшілігі атынан Алғыс хаттарымен марапатталған.

Тлегенов Абай Бақытжанович

Тлегенов Абай Бакытжанович

Техника ғылымдарының магистрі

1968 жылы 15 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1985 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Физика» мамандығы бойынша білім алған. 1986 -1988 жылдар аралығында Совет Армиясының қатарында болған. 1992 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтының «Физика және электротехника» кафедрасының оқытушысы болып еңбек жолын бастады.

1992-1996 жылдары аралығында Туркия Республикасы, Қайсери қаласы, Ержиес мемлекеттік университетінде Электроника мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Ғылыми дәрежесі техника ғылымдарының магистрі.

1996-1998 жылдары аралығында Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының «Электротехника және автоматика» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.

1999-2019 жылдары аралығында, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжіне директор қызметіне тағайындалды.

біз әлеуметтік желілердеміз: