Колледж қызметі | Тәрбие жұмыстары | Эстетикалық тәрбие

Эстетикалық тәрбие

Эстетикалық тәрбие арқылы оқушы қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығармашылық жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды. Адам табиғаттағы бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық тұлға. Табиғат құбылыстарының әсемдігін бейнелеу, әсірелеп жеткізу мақсатында колледжде «Алтын күз», «Жаңа жыл», «Студент көктемі» сынды іс-шаралар ұйымдастырылады. Мұнда оқушылар табиғат көрінісін өз қолдарынан жасалған бұйымдар арқылы бейнелеуге тырысады. Құстардың сыңғырлаған дауысын, бұлақтың сылдырын, жапырақтар сыбдырын әсем әуені арқылы, табиғаттағы құбылыстарды би ырғақтары түрінде жеткізуге ұмтылады.

Қызылорда облысының оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған «Алтын күз -2012» байқауында колледж жастары жүлделі 1 орынға ие болды.

«Алтын күз» байқауы колледжде дәстүрлі түрде өткізіледі. Мұнда «Күзгі ханзада мен күз ханшайымы» атты (күзгі сән көрсетілімі), «Күз сыйы» күзгі табиғи материалдардан бұйым жасау, «Табиғат бейнесі» өз өнерін көрсету тапсырмалары беріледі.

С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында өткізілген «Күз – мереке, күз – береке» атты күзгі бал сайысында колледж жастары белсене қатысып «Үздік сән» үлгісі номинациялы дипломымен марапатталды.

Колледжде күзбен қоса қыс мезгілінің де әсемдігін суреттейтін «Жаңа жыл» мерекесі дәстүрлі түрде тойланады. Жаңа жылдан жаңа үміт, арман, қуанышты сәттер мен жағымды жаңалықтар күтетін адамзат үшін бұл бір таңғажайып мерекелердің бірі.

Көктем мерекелерінің бірі наурызды студент жастар ерекше тойлайды. Ән айтып, би билеп, алтыбақан құрып, ұлттық ойындар ойнап, қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп сәндік көрсетілім көрсетеді.

Дом №2
Дом №3
Дом №4
Дом №5
Дом №6
Дом №7
Дом №8
Дом №9
Дом №10
Дом №11
Дом №12
Дом №13

біз әлеуметтік желілердеміз: