Біз туралы | Колледж туралы

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі 2001 жылы құрылып, бүгінгі таңда өңіріміздің техникалық, гуманитарлық, экономикалық және құқықтық бағдарын жүзеге асыру мақсатында 36 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 9 және 11 сынып негізінде білім беруде. 2018 жылдың 25 мамырында колледж атауының өзгеруіне сәйкес білім беру қызметіне арналған лицензия № KZ13LAA00011898. Қазіргі уақытта 1674 оқушы колледж қабырғасында дәріс алуда.

Колледж арнаулы және орта кәсіптік білім беру орындарының нормативтік талаптарына сәйкес оқу үдерісін жүргізуді қамтамасыз етуде жеткілікті материалдық-техникалық базаға ие. Оқу орнының қос ғимаратының аумағы 8884 шаршы метрді құрайды. 2014 жылы 200 орындық студенттер үйінің құрылыс-монтаж жұмысы аяқталып, іске қосылды.

Он бес жылдан астам уақыт ішінде колледж толағай табыстар мен жетістіктерді иеленіп, іргелі оқу орнына айналды. Облыс бойынша өткен «Үздік колледж - 2009» байқауында колледж «Үздік» номинациясын иеленіп, республикалық «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының үздігі» сайысына қатысуға жолдама алды. Бұл сайыста ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының үздігі» дипломына ие болды. Сондай-ақ Оңтүстік өңірлердегі оқу орындары ішінен «Алтын көшбасшы» сертификатын иеленді.

Ұлттық бизнес-рейтингінің қорытындысы мен білім беру саласындағы ранжирлеу нәтижесі бойынша колледж 2015 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында «Сала көшбасшысы – 2015» ұлттық сертификатын иеленсе, 2016 жылы «Өсу қарқыны» критерийлері бойынша «Сала көшбасшысы» халықаралық сертификатының 1-орын (Алтын) рейтингісімен, 2017 жылы «Жыл көшбасшысы» ұлттық сертификатының 1-орын (Алтын) рейтингісіне ие болды.

Қызылорда облыстық білім басқармасы мен облыстық әдістемелік кабинетпен ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік әдістемелік кабинет-2015» байқауының жеңімпазы атанды.

жетістіктер

Жыл сайын колледж қабырғасынан жүздеген түлектер оқуын бітіріп, өз мамандықтары бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағына өз үлестерін қосуда.

біз әлеуметтік желілердеміз: